115 114 Марк сөзін аяқтаған кезде барлық қатысушылар
орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты. «Оған ұнайтын
шығар» деп ойлады Карл Маркті бақылап тұрып. Оған
шынымен де ұнап тұр еді, сонымен қатар оның жүзінен
тыңдаушыларына деген алғысты да көруге болатын еді.
Қайтарда олар жол кептелісінде тұрып қалды. Марк
қуана:
– Мына кептелісті қара! Олай болса әңгімелесуге де
уақыт бар деген сөз. Тамаша! – деді.
Карлдің Маркті кейде біртүрлі деп есептейтіні есіне
түсіп кетті. Бірақ оны жақсы таныған сайын, құрметі арта
түскендей. Марк басқалардан ерекшеленіп тұратын, бұл
өзгешелік оған жарасымды еді.
Карл бүгін көп нәрсе білді және оны талқылауға
асықты. Өзінің қорқыныштары, жаңа ғана естіген сөздері,
әсіресе Михаэль туралы сөйлескісі келді. Ауыр нақаспен
ауыратын он екі жасар бала қалайша осыншама дана және
ақылды бола алады? «Мүмкін ол өлмейтін шығар» деп
ойлады үмітін үзбеген Карл.
Алайда Маркті басқа ой мазалап отыр екен. Ол:
– Сенің дайындығың аяқталды деп ойлаймын. Енді
біз оны жүзеге асыруға кірісуіміз керек.
– Қандай дайындық?
– Өзіндік сана қалыптасатын ментальдық дайын-
дық, – деді Марк.
– Мынаның бәрі сонда дайындық болғаны ма? –
Карл өз құлағына өзі сенбеді. – Сенен және Аннадан
білгенімнің бәрі, сенің хабарламаларың, Мексикадағы
дон Хосе, менің ата-анаммен сөйлескенім, ғылыми
тұжырымдар, сырқат Михаэль, сенің қорқыныш туралы
әңгімелерің, өзіндік сана және ақша туралы баяндамаң, –
осының бәрі дайындық болғаны ма?
– Иә, – деп жауап берді Марк. – Тек ішкі дайындықты
қалыптастыру. Біздің жетістігіміз – сенің басқаша ойлай
бастауың. Сенің ойлау қабілетің өзгерді. Енді сен шешім
қабылдайтын нүктеге келдің. Одан кейін сен үйрен
-
геніңнің бәрін жүзеге асыра аласың.
– Мен оны әлдеқашан бастап кеткенмін, – деп қарсы
-
ласты Карл.
– Жоқ әлі. Оның барлығы әзірше сенің басыңда
жүріп жатыр, – деді Марк.
– Солай ма? – деді күмәнмен Карл. – Ал ата-анаммен
болған әңгіме ше?
– Ол да тоқсан бес пайыз сенің басыңда болды.
Олармен әңгімең қысқа болған жоқ па? Қалғаны тек
сенің басыңдағы ішкі диалог және қорқыныштарың. Сен
оларға ішіңде не болып жатқаны туралы айтқан жоқсың
ғой.
– Алайда мен университетті тастаймын деп шештім
ғой, әлде ол саналмай ма? – деп қоймады Карл.
– Сен универнситеттен кетіп қалдың ба?
Карл басын шайқады.
– Көрдің бе, мұның бәрі әзірше сенің ойыңдағы
нәрсе.
Карл әлі ештеме бастамағанын түсінді. Мұның бәрі
шынында да дайындық екен, өмірінде ешқандай өзгеріс
болып жатқан жоқ еді, өзгеріс оның ішкі дүниесінде
болып жатыр екен. Мұны түсінгенде оның көңіл-күйі
түсіп кетті. Марк оны бірден байқады.
– Көңіл-күйің жоқ қой.
– Бұның бәрі тек менің ойым ғана екен, – деді шара
-
сыз Карл. Марк:
– Ол сенің ойың болды. Дегенмен сен «тек ойым
ғана» деп қателесіп тұрсың. Өйткені біздің ойымыз – ең
маңыздысы. Сыртқы әлемімізде болып жатқанның бәрі
алғашында ойымызда пайда болады. Өміріміз алдын ала