Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет50/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

113
112
Барлығы тапсырманы орындап болған кезде, Марк 
суреттерінің қанша пайызы қарамен, жасылмен және 
қызғылтсарымен боялғанын бағалауды тапсырды. 
Көпшілігінде қара түс көп болып шықты, ол бұл 
адамдар өздері туралы жағымды ойлай бермейді деген 
сөз еді. Қалғандарының суреттері жартылай жасылмен, 
жартылай қызғылтсарымен боялған еді. 
Марк өзіне жақсы қараудың, өзін сол қалпында 
қабылдаудың, тіпті өзін-өзі жақсы көрудің маңызы тура
-
лы айтты. Өнімділік деңгейі – тапқан ақшасының мөлшері 
осыған байланысты екен. 
Карлға бұл қатты әсер етті. Ол да жаттығуды жасаған 
болатын және оның суретінде қызғылтсары түс аз болып 
шықты. 
Ал марк болса бұл кезде сөзін жалғастырып жатыр 
еді. Ол екі маңызыды цифрды атап өтті:
– Өз құндылықтарын анық белгілеген фирма
-
лар құндылықтарын жазбаша көрсетпеген фирмаларға 
қарағанда 25 жыл ішінде 700 пайыз табысқа кенеледі екен. 
Сондықтан біз жеке тұлға ретінде де, фирма ретінде де, 
қандай құндылықтарды басшылыққа алатынымыз маңыз
-
ды. Бұл өзіндік санаға да қатысты. 
Сонымен қатар он адамның тоғызы белгілі бір 
жағдайларда өздеріне сенімділік жетпейтінін айтады. 
Карл түйгендерін жазып қою керек деп шешті. Ол 
күлгін күнделікті тастамай алып жүрген. Оны алды да, 
жаза бастады:
Кейбіреулер ақша ағашта өседі дейді. Ол дұрыс айтады, 
өйткені ақша дегеніміз біздің идеямыз. Ақша идеядан пайда 
болады. Адам бар жерде проблема да бар. Осы пробемалар-
ды шеше білгендер байып кетеді. 
Идеяң көп болған сайын көп проблема шешесің. Бұл тұрғы-
да өзіндік сана дегеніміз сендегі идеялар санының шексіз 
екенін түсіну қабілетін білдіреді. 
Ең жақсы армандар проблемалардың артында шешімді 
талап етіп, жасырынып жатады. Ол үшін идеялар керек. 
Сен өзіңді проблеманы шешуге қабілеттімін немесе қабілет-
сізбін деп есептесең де дұрыс болғаны.
Соңында Марк ақша мәселесіне тоқталды:
– Сіздің ойыңыздағы жақсы идеяның көмегімен 
миллион адамды толғандырып жүрген проблеманы 
шешуге болады деп ойлаңыздаршы. Айталық, осы милли
-
онның әрқайсысы осы идея негізінде өндірілген өнімге 
он евродан береді делік. Осы он евроның бір евросын өз 
идеяңыз үшін алсаңыз әділетті болмай ма? Сонда милли
-
он евро болады. Әрине әділетті, өйткені сіздің идеяңыз
-
сыз фирма он миллиондық табыс таппас еді. 
Марк тағы жарты сағат сөз сөйледі. Ол проблема, 
идея, өзіндік сана және идеяларды жүзеге асыру арасын
-
дағы байланысты түсіндірді, онсыз табыс пен бақытқа 
қол жеткізу мүмкін емес екенін айтты. 
Соңында ол былай қорытындылады:
– Сенің өзіндік санаң жоғары болған сайын идеяң 
да көп болады және сен олардың арасынан маңыздысын 
таңдап ала аласың. Идеяң көп болған сайын көп пробле
-
ма шеше аласың. Проблемаларды шешкен сайын табы
-
сың да ұлғая түседі. Нәтижесінде бізге қанша проблема 
шеше алатындығымызға қарай ақша төлейді. Ол үшін 
өзіндік сана керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет