Сені өзінің талабын орындағанда ғана жақсы
көретін адамдармен емес, ешқандай шартсыз
жақсы көретін адамдармен уақыт өткіз.
133
132
– Жоралғы дегеніміз ұдайы орындалатын нәрсе.
Мысалы айнамен орындалатын жаттығуды алайықшы,
мен оны күнде таңертең ұйқыдан тұра салысымен орын
-
даймын. Орындап бола сала өзімді керемет сезінемін.
Сонымен, орныңнан тұрасың да, жуынып болған соң
жаттығу жасайсың. Мен жоралғылардың күшіне сенемін.
Карл тағыда, дон Хосеге уәде бергеніндей, әр күні-ақ
ұйқыдан тұра салып, жуынып болған соң, айна алдында
жаттығу жасаймын деп уәде берді.
Кейінірек ұйқыға жатар алдында ол: «Маған енді
түсінікті болды, жоралғы дегеніміз күнде және рақаттана
орындайтын нәрсе екен ғой» деді өзіне өзі.
Келесі күні де түсірілім алаңында оңай болған жоқ.
Карл шынында да өзгерген еді, оны өзі де сезіп тұрды,
ұнамайтын нәрсені енді ол сақтамайтын. Дегенмен, ол
айна алдында жасаған жаттығуының ықпалы екеніне
сенімді емес еді.
Фильм жұлдызы Рихард жиі ауырып қала берді, бірақ
онымен жұмыс істеген Карлға ұнайтын еді, өйткені ол
Рихардтың өзін бағалайтынын жақсы білетін. Олар жақсы
қарым-қатынаста еді. Рихард Карлдың барлық сценарий
-
ді жатқа айтатынын білетін еді, ол өзінің актерлік карье
-
расында мұндай дублер көрген емес-тін. Сондықтан
Карлды жиі мақтайтын және кейде: «Сен мынаны қалай
орындар едің?» деп сұрап қоятын. Карл мұны үлкен
қолпаштау деп ұғатын.
Рихард ауырып тұрған кезде мәтінді ұмытып қалатын
еді де, Карлдың есіне түсіргенін өтінер еді және эпизод
-
ты қалай орындап шыққанын сұрайтын (әрине камера
-
ның алдында емес). Карлға бұл ерекше ұнайтын, алайда
әріптестеріне ұнамайтын, әсіресе Догги оған ала көзімен
қарап қалатын еді.
Дегенмен, басқа актерлер де Карлмен сөйлесе баста
-
ды. Бұрынырақ бұл ешкімнің ойына да келмес еді. Бірде
үзілісте онымен бас оператор Густаво сөйлесті. «Жақсы
адам екен» деп ойлады Карл.
Жұмыс күні біткеннен кейін ол кешкі аста Маркпен
кездесті және бұл кездесу Карлға үлкен қуаныш сыйлады.
Марк әдеттегідей оны ілтипатпен қарсы алды. Олар
алғашқы рет «өздерінің» мейрамханасында кешкі ас ішті.
Карл кешке асты тапсырыспен беруге болатынын біліп
таңқалды.
Олар ас мәзірін көріп отырғанда Марк:
– Біздің таңдауымыз көп, бірақ біз оны байқай
бермейміз. Біз қандай мейрамханаға баратынымызды,
қандай тамаққа тапсырыс беретінімізді таңдай аламыз.
Сол сияқты біз қандай әрекет жасайтынымызды да таңдай
аламыз. Сонымен қатар біз не туралы ойлайтынымызды
және қалай ойлайтынымызды да таңдай аламыз. Карл бұл
сөздер маңызыды бір тақырыптың бастауы екенін түсін
-
ді. Ол:
– Иә, әлгі фильм есімде, мен бағдарлама емес, бағдар
-
ламашымын, – деді.
Олар тапсырыс берді де сөздерін жалғастырды:
– Әңгіме біздің ментальдық фитнесіміз жайында.
Көзіңе 0-ден 100-ге дейін шкалаға бөлінген үш сызықты
елестетші. Бірінші сызық – «Менің қолымнан келе ме?»,
екіншісі – «Мен лайықтымын ба?», үшіншісі – «Мен кім
екенімді білемін бе?».
|