131 130 – Иә, әйтпесе қиын болады. Менің айналамда қазір
осындай адамдар жүр десе де болады, – деп растады Анна.
– Онда мен студияға келмей-ақ қойсам да болады
екен. Мұнда мені ешкім жақтырып тұрған жоқ, – деді
ойлана Карл.
– Жоқ. Студиядағы жағдай мәз емес, әрине. Бірақ сен
оны өзгерте аласың. Сенің қолыңнан келетініне сенем.
Қазір саған шыдауға тура келеді. Сен оған да шыдайсың.
– Бір-біріне кереғар емес пе? – деп күмәнданды Карл.
– Біресе өзіңді жақсы көретін адамдармен қорша
дейсің, біресе шыда дейсің. Сонда мен айналамдағы
ақымақтарға шыдауым керек пе?
– Не айтып тұрғаныңды түсініп тұрмын. Кейбір
адамдармен дауласуға тура келеді, одан қашып құтыла
алмайсың. Дегенмен тұрақты қарым-қатынастар тура
-
лы айтар болсақ, олар саған пайдасын тигізуі керек.
Өзіндік санаңды өсіре бастағанда саған жақсы адамдар
-
дың көбірек тартылатынын өзің де аңғара бастайсың.
Өзіңе сенімді болған сайын айналаңдағылармен қарым-
қатынасыңды да айқындау оңай болады. Мен дауласатын
адамдар туралы айтып тұрмын.
– Қарым-қатынасты анықтау..., айтуға оңай. Оны
қалай үйренуге болады?
– Практика барысында. Сенің керемет мүмкіндігің
бар, ол – Марк. Бұны Марктен артың түсіндіріп бере
алатын адам жоқ, сірә.
– Сен оған табынатын сияқтысың ғой, – деді Карл.
– Дәл солай. Ол менің әкем сияқты.
– Бүгін менің басыма да осындай ой келді, – деп күліп
қойды, – айтпақшы, ол ертең мені кешкі асқа шақырды.
– Онда жаттығулар мен басты төрт қадам туралы
сұра одан, – деп ұсынды Анна.
– Марк маған ол туралы айтқан, бірақ толық түсін
-
бедім. Сен дұрыс айтасың, оған түсіндір деп айтайын –
деді Карл.
– Марк өз білімін ешкімге мәжбүрлеп үйретпей
-
ді. Кейде ол өзіміздің сұрағанымызды күтеді. Маған
сенсең болады, төрт қадамды түсініп алған өте маңызды.
Оны өмірде жүзеге асыру одан да маңыздырақ. Немесе
Марк айтқандай, «шынайы өмірге жақын» жағдайларда
қолданған дұрыс. Өзіндік сананы дамытатын қарапай
-
ым жаттығу бар, маған ол қатты ұнайды, соның арқа
-
сында менің өмірімде өзгерістер көп болды. Енді қазір
мен өзіме сенімдімін, қолымнан келетінін және лайық
екенімді білемін.
– Сонда ол бір жаттығудың арқасында ма? – деді
таңқалған Карл.
– Негізі ол екі жаттығу. Біріншісін сен білесің, ол
айнамен жасалатын жаттығу. Айтпақшы, сен оны бүгін
орындадың ба?
– Сен мені бақылап жүрсің бе?
– Жоқ, мен сені жақсы көремін және саған көмектес-
кім келеді.
– Кешір, маған осының бәрі түрпідей тиеді. Мүмкін
бұл өзіндік сананы дамытпағаннан шығар. Бүгін ұйықтап
қалыппын, сосын жаттығуды жасай алмадым.
– Алғашында менде де солай болған. Марк мұндай
жағдайда: «Оңай» мен «жеңіл» арасындағы айыр
-
машылық та осы. Түсіну оңай, ал оны жүзеге асыру жеңіл
болмай жатады» дейді. Өзіңе бір міндетті жоралғы жасап
алғаның дұрыс. Мен үшін бұл жай жаттығу емес, кәдімгі
рәсім.
– Оның айырмашылығы қандай?