«Аударма теориясы мен тәжірбиесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәнін оқытуда құзыретті -бағдарлы тапсырмаларды қолдану



Дата19.02.2017
өлшемі97,24 Kb.
#10472
ӘОЖ 81’37+ 81’366

«Аударма теориясы мен тәжірбиесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәнін оқытуда құзыретті -бағдарлы тапсырмаларды қолдану.
Кенжебаева А.Ә.

әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан china.aida@mail.ru


Берілген мақалаға автор педагогикалық қызметі барысында қолданылатын әр-алуан тапсырмалар тізбегі арқау болған. Сондай –ақ «Аударма теориясы мен тәжірбиесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәнін оқыту нәтижесінде қалыптастырылатын құзыреттер көрсетіледі.

Түйіндеме сөздер: құзыретті-бағдарлы, терминдер, аударма ісі, компонент, талдау, ақпарат



Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің танымдық қызметінде алынған білімді ұтымды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі мамандық саласындағы қарым-қатынас диалогіне түсе алатын жан-жақты білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр.

Сапалы білім алған, құзыретті, бәсекелестік тегеурініне төтеп бере алатын білімгерлер ғана кемелденген қоғамның ірге тасын қалай алады.

Қазіргі таңдағы оқу-ағарту ісінің дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі –оның біржақтылығы, оның үйлесімсіздігі. Яғни, білімгер толыққанды қоғамдық-мәдени тәжірибені игерудің орнына тек бір ғана - компонентті меңгеріп, оны түрлі жағдайларда іске асыруда икемсіз боп келеді. Құзыретті-бағдарлы мазмұндағы тапсырмалардың негізгі көрсеткіштері - берілген тақырыптардың өмір талабына сайма-сай болуы; ізденушінің түрлі құзыреттілігін дамытуға бағытталған әрекет құраушы. Студенттерге құзыретті-бағдарлы тапсырмалар арқылы нақты нысандар көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, саралап (іріктеп) алу, түрлендіру, және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Сол арқылы ізденушінің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы ақпараттармен жұмыс істей білу дағдылары қалыптасaды.

Аударма бөлімінің студенттеріне сабақ беру процесінде ақпараттық мағлұматтардың ұлғаюына ықпал ететін төмендегідей жаттығуларды жиі-жиі береміз:

–– Қысқаша ақпаратты қамтитын сөйлемдерді аяқтауға арналған жаттығулар;

–– жақын арада жатақханада, университет қабырғасында, Алматыда, Қазақстанда болған жағдайларды, жаңалықтарды талқылауға арналған тапсырмалар;

–– айнала қоршаған ақиқат жайындағы бір тілді қысқаша сұхбат өткізу (төл тілінде немесе шығыс тілінде), мұнда алуан түрлі сұрақтар тізбегі арқылы (Неліктен …?; Қандай себептермен …?; Қалайша? Қалай ойлайсыз?) Әсіресе миға шабуыл үлгісін ұстана отырып тапсырмаларды түрлендіріп отыруға болады:

–– бір тілді немесе қос тілді кроссвордтар шешкізу;

–– жалпы эрудицияға арналған тестер алу;



–– «Сана құпиялары», « Бәрін білгім келеді»,«Көшбасшыға сауалдар», атты зияткерлік ойындар ұйымдастыру;

Тақырыптық ізденіс міндеттері –бастапқыда мүлдем бейтаныс боп көрінетін аударма тақырыбын қысқа мерзім ішінде игеру, түсінуге қажетті білімді өз бойына шоғырландыруға бағытталады. Біздің педагогикалық тәжірбиемізде жиі кездесетін жайт – аударма барысында студенттердің аударма мәтінін толық есте сақтай алмай, қайта-қайта сөйлемдерді қайталауды өтінетін жағдай. Содықтан әсіресе «Аударма ісі мамандығы» бойынша білім алушыларға сабақ барысында жадыны жаттықтыратын жаттығуларды жасату абзал.Себебі аудармашы үшін ең қажетті нәрсе – жады, яғни аударма жасамас бұрын мәтіннің тұпнұсқасын толық есте сақтау керек. Ал есте сақтайтын қабілетті жаттықтыруға арналған тапсырмалар төмендегідей:

Төмендегі өлең шумағында берілген қыздардың есімдерін ретімен есте сақтап, әрқайсысынынң мінезін бір оқығаннан жадыда шоғырландыру керек. Соңында шығыс тілдерінің біріне аудару ұсынылады. Сондай-ақ реалий сөздердің сауатты аударылуына аса үлкен мән берілуі тиіс.

Зымыранмен Зұлқия айға ұшты,

Қылықты қыз Қатира жарын құшты.

Сағираның ұсынған қымызынан,

Күлімсіреп Күлзира бәрін ішті.

Мұны көріп отырған Назира қыз

Киіз үйде отырып іші пысты,

Нағима мен Бәтима айтып жатыр көршілердің бәріне болған істі.

Құрт қайнатып, қамыр жайған Айжан қыздың

Қазандағы тамағы шапшаң пісті.

Бәлекей қыз Балжанның құты қашып,

Толықсыған Маруся көзін қысты.

Бұл мәтін тек бір рет қана оқылады, студенттердің асқан мұқияттылықпен, ден қойып тыңдауына аса назар қою керек, мұндай тапсырмалар арқылы ізденушілердің есте сақтау қабілетінің қаншалықты деңгейде дамығанын айқын көруге болады.

Аударма мамандығының ең негізгі ерекшеліктерінің бірі – білімнің әралуан салалары бойынша топтасқан кең ауқымды тақырыптар боп табылатынын естен шығармау қажет. Аудармашының өз қызметін толыққанды атқаруына қажетті тақырыптық білім әралуандығы туралы феноменді қарастырғанда біз белді француз ғалымы, аудармашы Д. Селескович пікірімен қосыламыз, яғни: «Необходимо обладать минимумом экстралингвистических знаний по тематике перевода для соответствующего уровня понимания высказывания и для прояснения логической развертки аргументации говорящего». [1] Мұндай ойды ғалым Д. Жиль де ұстанады. Оның пайымдауынша, маманға қажет түсінік пен аудармашы түсінігі арасындағы айырмашылық – алғашқысы болатын жағдаяттың толық картинасын толық көру үшін өз саласындағы алдын ала тақырыптық білімді тереңірек игеріп қажетті байланыс орнатуы керек, ал аталған саланың маманы болмаған аудармашы жалпылама бағыттағы сөздіктің шеңберіндегі біліммен шектелуіне тура келеді. [2] Сондықтан аудармашыға жүктелетін міндет салмағы уақыт өткен сайын еселеніп тұрады. «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушы магистранттарға дәріс өту барысында олардың әсіресе тақырыптық және терминологиялық қабілеттері қалыптасуы үшін біз төмендегідей тапсырмаларды беріп отырамыз:

Екінші кезең тапсырмалар жинағының мазмұнын төмендегідей:

–– Ұқсас мәтіндердегі терминдерді бөліп жазу (ортақ жанр және тақырыпты, бір стильді біріктірген әр тілді мәтіндердегі)

–– Баяндамада келтірілген мәселелер бойынша аударма семантографиясының таңбаларды іріктеу;

–– Алдын ала берілген тапсырма бойныша термин сөздері молынан қамтылған баяндаманың ауызша аудармасын дайындату;

–– Алдын ала берілген тапсырма бойныша болып жатқан жағдаяттарға келтіріген сілтемелері молынан қамтылған баяндаманың ауызша аудармасын дайындату;

Жоғарыда келтірілеген тапсырмалар ауызша аударма тәжірбиесі пәні бойынша құрастырылған аудиторлық және өздік жұмыс тапсырмаларының мазмұнында топтастырылуы керек. Алайда біздің пайымдауымызша, студенттер мен магистранттарды аудармаға алдын ала даярлаудың ерекшеліктерін игеруді арнайы немесе мамандыққа кіріспе курстарының аясында неғұрлым ерте бастау оң нәтиже берер еді. Сабақ өту барысында біз студенттердің тәржімені шет тілінен өз ана тіліне аудару кезінде қатты қиналатынын байқадық. Мұның басты себептерінің бірі – ізденушілердің сөздің қорының пассивті қолданылуы деп білеміз.

Оқу барысын ұйымдастырудың өзіндік формасын жүзеге асырудың тиімді әдістерінің бірі - жеке тапсырмаларды ұйымдастыру жұмысы болып табылады. Олар студенттерді әдетте жалықтыруға итермелейтін жаттанды жұмыстан босатып, уақытты ұтымды пайдалануға машықтандырады.Жеке тапсырмаларды әрдайым түрлендіріп беріп отыру қажет.

Нәтижесінде, ізденуші бойында мынадай іскерліктер қалыптасып, дамиды:

а) есту арқылы қабылданған ақпаратты қысқартып жазу; ә) түпнұсқа тілінен аударма тіліне жедел түрде ауысу; б) жедел және ұзақ уақыт бойы жадыда сақтау механизмін дамыту); в) аударма процесінде төл тіліндегі сөздік қорды белсенді қолдану; г) транслят мәтіндердің нұсқаларын салыстырып, ең тиімді, біршама жақын мағынасы мен түпнұсқадағы стилдік нормасын айқындау. Дұрыс ұйымдастырылған жаттығулар оқу және практикалық икемділік пен дағдыларды жете меңгеруге мүмкіндік жасайды.


Әдебиеттер

1. Аликина, Е. В. Введение в теорию и практику устного последователнього

перевода: учебное пособие [Текст] / Е. В. Аликина. – М.: Восточная книга, 2010. –192 с.

2. Гавриленко, Н. Н. Понять, чтобы перевести: перевод в сфере профессио-

нальной коммуникации. Книга 2 [Текст] / Н. Н. Гавриленко. – М.: Научно-техническое общество им. академика С. И. Вавилова, 2010. – 206 с.

3. Жиль, Д. Трудности устного последовательного перевода: когнитивный

аспект [Текст] / Д. Жиль, Е. В. Аликина // Обучение иностранным языкам как средству межкультурной коммуникации и профессиональной деятельности: межвуз. сб.научн. тр. – Пермь: Изд-во Перм. гос. тех. ун-та, 2003. – С. 300–304.

4. Матюшина, Ю. И. Формирование профессионального имиджа у будущего

переводчика: автореф. дисс. … канд. пед. н. [Текст] / Ю. И. Матюшина. – Калиниград, 2010. – 23 с.

5. Даулет Ф.Н. Мастер класс использованием компетентностно- ориентированных и личностно-ориентированных заданий по предмету «Теория межкультурной коммуникации» ҚазМҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. Алматы, 1(71) 2015, 127-131бб.



References

1 Alikina E.B. Vvedenie v teoriu I praktiku ustnogo posledovatelnogo perevoda: uchebnoe posobie. [Текст] / Е. В. Alikina. – М.: Vostochnaya кniga, 2010. –192 s.


2 Gаvrilenко, Н. Н. Poniat, chtoby pеrеvеsтi: Perevod v svere professionalnoi коmmunicacii. Кnigа 2 [Теksт] / Н. Н. Gаvrilenко . – М.: Nauchnо-теhnicheskoe оbshestvво im. аkademicа С. I. Vavilovaа, 2010. – 206 s.

3 Jill, D. Тrunosti usnogo posledovatelnogo perevoda: cognitivnyi aspect

[Теkst] / Jill, D, Е. Alikina E.B. // Оbuchenie inostrannem yazekam kak sredstvu mejkulturnoi communicacii iprofessionalnoi deyatelnosti: меjvuz. sb.nauch. tr. – Perm: Izdatelstvo gос. teh. u-та, 2003. – С. 300–304.
4 Маtiushinа, U. I. Fоrmirovanie professionalnogo imidzha u budushego perevodchika: аvoref. diss./ Маtiushinа, U. I. – Каliningrad, 2010. – 23 s.
5 Daulет F.N. Master class s ispolzovaniem orientirovannyh I lichnostno- orientirovannyh zadanii po predmetu “Teoriya mejculturnoi kommunicacii”.K аzМUU hаbаrshese. Shegestanu seriyase. Аlmaty , 1(71) 2015 - 132b

Кенжебаева А.А.



Использование компетентностно- ориентированных заданий по предмету «Современная методология теории и практики перевода»

В данной статье автором презентуется цепь заданий, часто используемые ею в педагогическом процессе. Также представлены компетенции, формирующиеся в результате освоения дисциплины «Современная методология теории и практики перевода».

Ключевые слова: компетентностно-ориентированные задания, термины, переводческое дело, компонент, анализ, информация.


Kenzhebaeva А.А.
Using competence - oriented tasks on the subject of "Modern methodology of the theory and practice of translation"
        
In this article, the author presents them a chain of tasks, it is often used in the pedagogical process. Also presented competence, formed as a result of development of the subject "Modern methodology of the theory and practice of translation."
 
    Keywords: competence-oriented tasks, terms, Translation Studies, component, analysis, information.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет