Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет88/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

201
200
өзіңе көрсет өнеріңді. 
Шын ұлы актер көңіл-күйі болмай тұрғанда да кере
-
мет ойнап береді. Сен шынымен ұлы актерсің. Сондықтан 
бар да ойна. 
– Маған тағы шамалы уақыт керек, – деп ұяла тіл 
қатты Карл. 
– Біз ұзақ әңгімелестік, уақытымыз тығыз. Оның 
үстіне біз тілдесетін түстерің мен күлгін күнделікке тіпті 
уақыт жоқ. Әзірше жетеді. Бар да өзіңнің керемет актер 
екеніңді көрсет бәріне, – деді де, кемпір машиналардың 
арасына барып, жоқ болды. 
Карл залға қайтып келді. Ол көрермендерге дайындық 
үшін бес минут керек екенін, сонан соң келіп қойылы
-
мын жалғастыратынын айтты. Ол көрермендерден бес 
минуттық үзіліс сұрау қалыпты нәрседей сезінді өзін. 
Бұл тап солай әсер қалдырды, көрермендер де бұны 
осылай қабылдады. 
Ол грим жасайтын бөлмеге келді де, айна алдында 
жаттығу жасады, өзіндік санасы мен батылдығы күшее 
түскендей сезінді. 
Жаттығу соңында ол:
– Карл, сен шын мәнінде кереметсің! Мен сені жақсы 
көремін. Енді бар да, даңқыңды сезін, – деді. 
Сахнаға келгенде ол барын салып ойнады. Роліне 
еніп кетті. Залдан алғашында бірен-саран, сонан соң 
қатты шапалақ дауысы естіле бастады. 
Карл одан ары барын сала ойнады. Ол уақытты 
жоғалтып алғандай еді. Ол осы сәтте ролімен, көрермен
-
дерімен, серіктестерімен біртұтас дүниеге айналған еді. 
Ол баршаны өзіне тарта білді.
Оның әсерлі ойыны сахнадағы әріптестерінің де 
керемет ойнауына ықпал етті. Сахнада шынайы драма 
ойналып жатты және бәрі оны сезінді. 
Соңғы эпизодтың да кезегі келіп жетті. Ол ұзақ та 
қиын монолог еді. Карл бұл көріністі әдейі таңдап алған 
еді, себебі бұл сценарийдегі ең қиын эпизод болатын. 
Монолог оқиғаның кейіпкерге айналуын трансфор
-
малайтын еді. Карл бұл жерде іштей де өзгеріске түсуі 
тиіс еді. Тыңдаушылардың алдында дауыс пен ым-ишара
-
ның көмегімен өзгеріске ене бастаған жаңа бейне тұр еді. 
Бұл трансформация баяу болып жатқанымен, көрермен
-
дердің барлығы оны сезінді. Ол бұның әрбір қимылын 
қалт жібермей бақылап отырған көрермендерді өзіне 
тартып алған еді. Бұл тамаша ойын болды. 
Монолог бітті. Залда өлі тыныштық орнады. 
Кенет көрермендер біреу бұйырғандай орындарынан 
атып тұрып, құлақ жаңғырта қол шапалақтай баста
-
ды. Анна, Марк, дон Хосе, инвесторлар, Кира, Антон,
Густаво – барша түсірілім командасы сүйсіне қол соқты. 
Карл жүрек тұсына қолын қойды да, басын иді.
Ол шексіз бақытқа бөленіп тұрған еді. Әрине ол бұрын 
да, әсіресе Аннамен, достарымен танысқалы бері ондай 
сезімді бастан кешкені рас, бірақ бүгінгі сезімі ерекше 
еді. Тап қазір оның дарыны ашылды. Ол оны өзі ашты. 
Бұрындары жүрегінің түкпірінде тығылып жатқан 
дарыны бүгін жарыққа шықты, оған бүкіл әлем қуанып 
жатқандай еді. 
Ол ұзақ та күнделікті репетиция жасады және оның 
жемісін жеп отыр, міне. 
Бүгінгі күн көп күнгі еңбектің нәтижесі еді, бұл 
жеңісті ол барлық командамен бөлісті. Аннасыз, Марк, 
Михаэльсіз, дон Хосесіз, Антон мен Густавосыз ол 
мұндай нәтижеге жетпес еді.
Ол көрермендердің әр қайсысына алғыспен, сонымен 
қатар мақтанышпен бас иді. Шапалақ толассыз соғылып 
жатты, Карл да ешқайда асықпады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет