203 202 Карлдың езуіне күлкі үйіріліп: «Негізі кемпірге алғыс
айту керек» деп ойлады.
Осы кезде сахнаға Кира жүгіріп шығып, өзінің смарт
-
фонын Карлға беріп жатты. Экраннан Карл Михаэльден
келген хабарламаны көрді:
– Рақмет, достым, – тез жауап жазды Карл. Анна
жүгіріп келіп, Карлдың құшағына құлады.
– Мен сені сүйемін және сен үшін қуаныштымын, –
деп сыбырлады ол.
Қуанышты Марк те Карлды құшақтай алды.
– Бұл тамаша сәт! Өмірде мұндай сәттер жиі бола
бермейді. Мен мұны ұмытпаймын. Рақмет! – деді Марк.
– Барлығы үшін саған рақмет. – Карл бақыттан жары
-
лардай болып тұр еді.
Режиссер Антон мен түсірілім тобының басқа мүше
-
лері Карлдың арқасынан, иығынан қаға бастады. «Браво»
деген дауыстар біразға дейін жалғасты.
Осы кезде Карлдың қасына Гольштейн келіп:
– Негізі біз көрсетілімнен кейін бәрін жақсылап
талқылаймыз деп ойлағанбыз. Алайда әріптестеріме
қарап, оның қажеті болмай қалғанын түсініп тұрмын.
Жігітім, мен үшін бұл көрсетілімге қатысу зор қуаныш
болып тұр. Сіз дарынды адамсыз.
– Біз студияда әдетте бір бірімізге «сен» деп сөйлей
-
міз, – деп оның сөзін бөлді Карл, – менің атым Карл.
Бай инвестор жымиып қойды:
– Менің атым Вальтер. Мен қуаныштымын және
сүйсініп тұрмын өнеріңізге.
Бірнеше минуттан кейін Вальтер Гольштейн:
– Мен тағы бірнәрсе айтқым келіп тұр. Біз сенің
кішкентай досыңның жағдайы нашарлағанын және ол
үшін қатты алаңдағаныңды білеміз. Осындай жағдай
-
да көрсетілімді жалғастыру және оны тамаша аяқтау тек
кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді, бұдан сенің
ерекше қабілетке ие екеніңді көріп тұрмыз.
Бизнесмен ретінде біздің салымшылардың ақшасы
пайдалы жерге жұмсалғанын қалаймыз. Қазір оған толық
көзіміз жетіп тұр. Ал адам ретінде сен кішкентай досыңа
бұдан артық қуаныш сыйлай алмас едің деп айтар едім.
Мен оған сенімдімін. Сен керемет ойнадың. Құттық-
тауымды қабыл ал!
Мынау келісімшарт, біз оны алдын-ала дайындап
қойғанбыз. Бос уақытың болғанда асықпай қарап шығар
-
сың.
Карл осы сәтті ұзаққа созғысы келіп, рақатқа бөленіп
тұра бергісі келгенімен, уақыттың тығыз екенін түсінді.
Ол Михаэльге ауруханаға барғысы келді. Анна мен Марк
те онымен бірге барғанды жөн санады.
Марк машина роліне отырды. Анна мен Карл артқы
орындықта құшақтасып отырды. Олар үнсіз келе жатты.
Бір жағынан жаңа ғана бастан кешкен табыстың әсері
-
нен айыға алмай отырса, екінші жағынан Михаэль үшін
алаңдаулы еді. Осы кезде Карлдың есіне келісімшарт түсіп
кетті. Ол өзін басты рольге бекіткен құжатты өмірінде
бірінші рет ұстап отыр еді.
Келісімшарт жан-жақты жазылған екен, ол назарын
шоғырландыра алмай келе жатты. Алайда оның көзі
сандарға түсіп кетті... Оның гонорары...
– Мынау мүмкін емес! – деп айқайлап жіберді Карл.