Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет97/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

219
218
олар екі кішкентай баласы бар ерлі-зайыптыларға назар 
аударды: төртеуі бір-бірімен шуылдап, ойнап жатқан 
еді. Сонда ғана Карл түсінді: «Не деген есекпін, біз бала 
туралы ешқашан сөйлеспеппіз ғой!».
Жұбайының балаларға қарап отырғанына қарап, 
оның тағы бір арманы бар екенін түсінді. 
Карл жалғыз серуендеуге кетті. Ол Аннаға мұны 
маңызды бір шешім қабылдау керекпін деп түсіндірді. 
Пальманың астына жайғасқан ол өзімен тастамай алып 
жүретін Михаэльдің хатын қолына алды. 
Ол ойша өзінің кішкентай досына: «Саған ол жақ 
ұнап жатқан болар деп үміттенемін. Мен сенің галакти
-
калық құрамада ойнап жүргеніңе сенімдімін» деді. 
Оның көзі бір фразаға түсіп кетті: «Мен ұзақ ойнай
-
тын боламын ... сонан соң мен қайтып ораламын».
Сол кеште Карл керемет романтикалық кешкі ас 
ұйымдастырды. Ол өмірдің кереметі таусылмайтынына 
Аннаның көзін жеткізгісі келді. 
Кешкі астан соң ол:
– Мен бүгін Михаэль туралы көп ойладым. Сен 
армандардың орындалатынына сенесің бе? – деді.
– Әрине. Қазір оны басымыздан кешіп жатқан 
жоқпыз ба, – деді Анна. 
Егер адам өлсе, қайтып оралатынына сенесің бе?
– Қалай екенін білмесем де, сенемін.
– Менің бір идеям бар. Мен позитивті жоралғыларға 
сенемін.
– Қандай жоралғылар? – деп сұрады Анна. 
– Бір ерекше жоралғы бар... – деп Карл Аннаға үздіге 
қарады. 
Анна оның жүзіне ұзақ қарады да бәрін түсінді. 
– Менің қолымнан келеді, - деп сыбырлады Карл. 
ЭПИЛОГ
Тоғыз айдан кейін Анна маңдайы торсықтай ұл 
босанды. Олар оны Михаэль деп атады. Ұлы туғаннан 
бірнеше күннен кейін Карл оған футбол добын сыйлады. 
Марк Михаэльдің кіндік әкесі атанды. Бірнеше апта
-
дан кейін Марк оларды өзінің сатып алған жаңа үйіне 
шақырды. Анна мен Карлға үй қатты ұнады. Сол кезде 
Марк:
– Кейде осында қонаққа шақырып тұрсаңдар 
қуанышты болар едім, – деді. 
Анна мен Карлға түсіну үшін бірнеше минут қажет 
болды – Марк оларға үй сыйлап тұрғаннан сау ма? Олар 
қарсыласып көріп еді, алайда Марк:
– Мен бұл үйді сатып алып жатқанда, не үшін сатып 
алғанымды білмедім. Енді біліп тұрмын, ол сендерге 
лайықты. Бақта бірнеше кішкентай футбол қақпалары 
орнатылған. Кім білсін... – ол осы кезде өзінің кішкен
-
тай кіндік баласына сүйсіне қарады да: – меніңше, мына 
жігіттен керемет футболшы шығатын сияқты, – деді. 
Карл Маркті құшақтай алды, ол өзінің әкесін құшақтап 
тұрғандай сезімде еді. 
Анна мен Карл Михаэльдің бөлмесіне ақшыл түсті 
ағаштың суретін іліп қойды. Олар бұл ағаштың Михаэль
-
мен сөйлесіп тұратынын білді. Олар ұлына түрлі-түсті 
күнделік арнады да, оған оның керемет сәттерін жазып 
отырды. 
Ұлдары «Менің қолымнан келеді» дегенді ұғып өсуі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет