Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет95/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Бір кездері сен жағдайым тым нашар, оны өзгер
-
те алмаймын деп ойлап па едің? Ал бүгінде сен 
ризасың, өйткені сен өз-өзіңді мақтан тұтасың.


215
214
Карл.
– Дұрыс. Бұл өте маңызды. Біз үшеуміз бір-бірімізді 
керемет толықтырамыз. Мен екеуіңді де жақсы көремін. 
Карл қуанып кетті, ол ойлана:
– Сенімен кездеспегенде, мен не істер едім?
– Мен кездейсоқтыққа сенбеймін. Біз кездестік қой. 
Сенің танысу тәсілің ерекше болды. – Марк әлгі жол 
апатын еске түсірді. – Дегенмен, сен «кездеспесек не 
болар еді?» деп сұрадың ғой. Мүмкін сен дана ойлар мен 
ақылды пікірлер іздеп Instagram-ға кірер ме едің. Сосын 
оларды айтқан адамдарды іздей бастар едің, сосын олар
-
дың YouTube каналы мен әлеуметтік желідегі парақшала
-
рына жазылар едің. Оның семинарлары мен дәрістеріне 
қатыса бастар едің. Сонан соң оның өзімен танысар едің. 
Меніңше біз дамуымызға ықпал ететін қажетті адамы
-
мызбен танысып, онымен араласа аламыз. Тек қарым-қа
-
тынастың бір жақты болмайтынын түсінуіміз керек. Бір 
нәрсе алу үшін, біз алдымен бірнәрсе беруіміз керек. 
– Мен саған не бере алдым?
– Сен маған бір көргеннен ұнадың, сенімен сөйлес- 
кен маған ұнайды – мұның өзі үлкен сый. Оның үстіне 
сен менің өмірімді құтқардың, ұмытып қалғанбысың?
Карл оны шынымен де ұмытып кеткен еді. Ол бұл 
таныстықтан Марктен гөрі өзінің алары көп деп ойлай
-
тын еді. Иә, ол Марктің өмірін құтқарды, ал мұны 
майда-шүйде деп айта алмас едік. 
Марк сөзін жалғастырды: 
– Бүгінде байлық пен кедейліктің арасы тым алшақ 
және ол күннен күнге өсуде дегенді жиі естиміз. 
– Онсыз да солай емес пе?
– Солайы солай ғой. Бірақ ешкім ол айырмашылықтың 
мәні неде және оның қандай маңызы бар деп сұрамайды. 
Мен мынаны айтар едім: байлық пен кедейлік арасындағы 
айырмашылық тек салдар ғана, себебі өзіндік санада. Кей 
адамдар өмір бойы өзіне-өзі: «Менің қолымнан келмей
-
ді, мен бұған лайық емеспін» дегенді мантра сияқты 
қайталай береді. Бұл адамдар қошқыл түсті ағашқа құлақ 
түретіндер. Олар өздерін жақсы көрмейді және мақтан 
тұтпайды, сондықтан да көп нәрсеге батылы бара бермей
-
ді, оларды қорқыныш билеп алады. 
Дегенмен, «Менің қолымнан келеді». «Мен лайықты
-
мын». «Мен кім екенімді білемін» дейтін адамдар да 
бар. Олар махаббат жолын таңдайды. Олардың алдында 
барлық есік ашық. 
– Мен үнемі бай мен кедейдің айырмашылығы 
білімінде деп ойлайтынмын. Кейбіреулер өмір бойы 
оқиды, енді біреулер оқымайды... – деді Карл.
– Бұл да тек салдары, себебі емес. Егер адамның өзін
-
дік санасы болса, оған оқып не керек? Ол өзі үшін оқудың 
ешқандай маңызы жоқ, ол ештемені өзгерте алмайды деп 
шешіп қойған жоқ па. Сондай-ақ, ол ештеңе түсінбеймін 
деп қорқады да, өзіне ләззат сыйлайтын істермен айна
-
лысады. 
– Өмірден ләззат алғанның несі жаман? – деп таңдан
-
ды Карл.
– Біртекті ләззаттан тұратын өмір бос. Оны толты
-
ру үшін құмарлық керек. Өзіндік сана бізге шын мәнінде 
не ұнайтынын ұғынуға көмектеседі. Ал сүйікті ісіңмен 
айналысқанда ғана сен кім екеніңді түсінесің. 
Карл айтылған сөздерді түсіну үшін үнсіз қалды. 
Соңында ол:
– Мен соңғы айларда көп жаңалық аштым өзіме. Сен 
басында-ақ дұрыс айтыпсың, өзіндік санасыз бақытты да 
толыққанды өмір сүру мүмкін емес. 
– «Қолымнан келеді» деп ойласаң – ойың дұрыс, «бұл 
қолымнан келмейді» деп ойласаң – ол ойың да дұрыс, - 
деп Марк бір даналықты қайталады. – Өйткені тартылыс 
заңына сәйкес сенің ойыңның дұрыстығын дәлелдеу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет