Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет26/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

63
62
оқиға құрастыра аламыз. Күн сайын, – деп жауап берді 
Хосе:
– Бақытты болудың жалғыз жолы – саған бақыт 
сыйлайтын өз оқиғаңды өзің жазу, өзіңе деген көзқара
-
сыңзы өзгерту. Күн сайын өмір ағашына барып, оның 
жемісін жей отырып, өзіңе сенім ұялатуға, өмірдің мәнін 
түсініп, күш-жігер алуға болады, өзің туралы басқаша 
ойлай бастайсың. Басқаша айтқанда, өзімізді жазғыруды 
тоқтатсақ, жұмаққа барамыз. Ол үшін өзіңе: «сен жаман
-
сың» дегеннің орнына «сен жақсы болуға тиіссің» деуің 
керек. 
– Өзімізге қандай сұрақ қоюымыз керек?
– Өзім туралы оқиға маған бақыт сыйлай ма? – деп 
ойланбастан жауап берді Хосе. – егер бақыт сыйламаса 
оқиғаңызды өзгертіңіз. 
Карл егде тольтектің барлық сөзін түсінгеніне күмән
-
ді еді. Неғылған екі ағаш? Ол Марк пен Аннаның қасын
-
да өзін әдеттегіден еркін сезінетінін түйсігімен сезді, 
мүмкін олардың сенімінен шығар, бұл оған күш беріп, 
көңіл-қошын көтерді. 
Карл басқа адамдармен: әке-шешесімен, кейбір доста
-
рымен, түсіру алаңындағы әріптестерімен сөйлескен
-
де өзін басқаша сезінетін. Ол жағдайда көбіне: «Менің 
қолымнан келмейді. Мен оған лайық емеспін» деп ойлар 
еді. Мүмкін тольтек дәл осы жағдай туралы айтып тұрған 
болар. Карл Марктен анықтап сұрап алмақшы болды. 
Дегенмен, әуелі кешкі ас ішу керек болды. Марк 
устрицаны ұнататындықтан, өзіне толық тәрелке тапсы
-
рыс берді. Бұл дәм басқа ешкімге ұнамаса керек, Марк 
бәріне ұсынғанмен ешкім түртіп алмады. 
– Саған көбірек қалады, – деп күлді Карл. Өзі жақсы 
стейкке тапсырыс берді, Анна вегетариандық болатын, 
қалғандары пастаға тапсырыс берді. Тамақ өте дәмді 
болды. Олар бірнеше сағат әңгіме айтып көңілді отырды. 
Кешкі астан кейін Марк пен Карл отельдің қасындағы 
саябаққа сеуілдеуге шықты. Саябаққа апарар жол жап- 
жарық еді. Марк Карлдан екі-үш қадам алда келе жатқан. 
Екеуі де қалың ойға шомып кеткен еді. 
Кенет Карл ерекше көрініске куә болды, оған Марктің 
жүрегі артынан соғып тұрғандай көрінді, тіпті пиджагі
-
нен айқын көрініп тұрған еді. «Мүмкін емес» деп ойлаған 
Карл Марктен не болғанын сұрады. 
– Мен өзімді нашар сезініп тұрмын. Бәрі кенеттен 
басталды. Шамалы отырайын, – деп күбірледі Марк. Ол 
орындыққа қисайып отыра кетті, Карл қасына жайғасты. 
Марктің қызарып тершіп кеткен түрін көрген Карл 
шошып кетті. Ол ақырын оның маңдайына қолын қойып 
еді, жанып тұр екен. Сосын қолын ұстап көріп еді қолда
-
ры жансыз және сұп-суық еді. Қорқынышты жағдай 
болып жатыр еді. Марк көзін жұмып, селсоқ отырды. 
Карл не істерін білмей сасқалақтады. Мектепте алғашқы 
көмек көрсетуді үйреткенде тыңдамағынына өкінді. 
Марктің жүрек тұсына қолын қойғанда оның жүре
-
гінің қатты соғып жатқанын сезді. Карл Марктық өліп 
бара жатқанын білді. Неге екенін білмесе де, ол сенімді 
еді. Осы кезде оның ойына устрица түсті, тез арада асқа
-
занын тазалау керек деп ойлады. 
Карл екі саусағын Марктің аузына барынша тықты. 
Оның жоспары іске асты. Марк еңкейіп, құса бастады. 
Карл барынша көмектесуге тырысты. Марк ұзақ құсты. 
Сонан соң оның бүкіл денесі икемге келмей, отыруға 
да шамасы жетпей қалды. Карл оның аяғын отырғышқа 
қойып, қырынан жатқызды да, өзінің пиджагін шешіп, 
Марктің басына жастады, сөйтті де қонақ үйдің вестю
-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет