9
Ішкі дауысың сізге: «Сені ұлы істер күтіп тұр»
демей ме? Сонымен қатар тағы бір ішкі дауыс сізге
үнемі онша ақылды емес екенінізді, тәртіпті онша сақта
-
майтыныңызды, дарыныңыз да онша емесін, тәжіри
-
беңіз аздығын, онша жақсы адам емес екеніңізді айтып
тұрмай ма?
Бұл жерде сіздің қай дауысты тыңдайтыныңыз маңыз-
ды мәнге ие.
Басқа адамдардың айтқан сөздері бізді қанағаттанды
-
ратыны да, немесе жанымызды жаралайтыны да өтірік
емес: айналамыздағылар бізді кейде мақтап, кейде ұрысып
та алады... Ал біз өзімізге айтатын сөздер ше?
Бізге өзгеден естіген сөздерден гөрі өзіміз өзімізге
айтқан сөздеріміз қаттырақ әсер етеді. Біз басқа біреуге:
«Қолыңнан түк келмейді. Сен толықсың әрі әдемі емес
-
сің. Жалқаусың. Бұл қолыңнан келмейді. Сен ол үшін
жаралмағансың. Сен көп дарынсыздың бірісің» деп айта
алмаймыз ғой. Ал өз-өзімізге мұндай сөздерді айтуға
бола ма?
Одан да өз құлағымызға: «Бұл сенің қолыңнан
келеді. Сен махаббат үшін жаралғансың. Сен кереметсің.
Сен ерекше жансың. Сен бар болмысыңмен әдемісің»
деп сыбырлай салармыз.
Егер осылай деп өзімізге жиі айтатын болсақ және
оған өзіміз сенетін болсақ, біз алмайтын асу қалмас еді.
Достарыңызбен бөлісу: