19 18 күтіп тұр.
– Мен кездейсоқтыққа сенбеймін. Бүгінгі кезде
-
суіміздің бір себебі болуы керек, соны білгім келеді.
Сондай-ақ, менің қарным ашты. Жалғыз тамақтанғанды
ұнатпаймын. Менің машинам жүріп тұр, сонымен бара
-
мыз. Жақын жердегі бір жақсы мейрамхананы білемін.
Кеттік пе? – деді жымиған қалпы.
Карлдың ашуы желмен ұшқандай жоқ болды да,
таңырқау ғана қалды. Маркке мұқият қарап тұрып: «Өзі
шынында да біртүрлі» деп ойлады. «Мен де осындай
болғым келеді!» деген бір ой жылт ете қалды. Марктен
бір түсініксіз күш есіп тұрды. Сонымен қатар Карл да
қарны ашқанын сезіне бастады.
– Келістік – деді ол.
Мейрамхана қарапайым екен. Ол жерде ас мәзірі де
болған жоқ, бір ғана тамақ ұсынады екен. Алайда Карл
дәл бұлай дәмді тамақ жемегелі көп болыпты. Тамақтанып
отырып бір-біріне ләм деп үн қатпады.
Кофе келген кезде Марк Карлдың көзіне қарап
отырып:
– Мен бағанағы сұрағыма оралғым келіп отыр.
«Өзіңді ұнатпайсың ба?», тағы бір сұрақ: «Өзіңді мақтан
тұтасың ба?».
Карл дәмді тамақ жеп алып, рақат сезімге бөленіп
отырған. Қойылған сұрақтар оған аса ұнай қоймаған
секілді. Сондықтан да:
– Мен не үшін саған оны айтуым керек? – деп жауап
берді.
– Ішкі дауысым осы сұрақтарға берген сенің жауабың
бізді бүгін тағдыр тоғыстырған әрекетке себеп болады
деп отыр. Қаласаң өзің туралы айтып бер.
Карл басын изеді де, өзінің заң факультетінде оқиты
-
нын, бұл оның әке-шешесінің қалауы екенін, олардың да
заңгер екенін, болашақта адвокат болатынын, алайда өзін
адвокат ретінде елестете алмайтынын, оқуы өзіне ұнамай
-
тынын айтып өтті. Алайда ата-анасын ренжіткісі келмей
-
тінін жеткізді. Карл соншалықты ашылғысы келгеніне
не себеп болғанын білмеді, бірақ әңгімені тоқтатқысы
келген жоқ. Ол Маркке актер болуды армандағанын,
киноға құмар екенін айтты. Осы салада бір қосымша
жұмыс шыққанда, өте қуанышты болған еді. Алдымен ірі
киностудиялардың біріне жарық түсірушінің ассистенті
болып орналасады да, кейін жарық қондырушылардың
дублеры болып жақсырақ жұмысқа орналасады.
– Кім болып? – деп қайта сұрады Марк.
– Жарық қондырушының дублеры – деп қайталады
Карл.
– Ол не істейді?
– Дублер кино жұлдызды түсіретін кейіпте тұруға
тиіс. Жарықты түсіру үдерісі өте ұзақ болады. Сондықтан
жұлдыздар көп күтіп тұрғысы келмейді. Жұлдыз демалып
жатқанда, орнына дублер тұрады. Менің бойым онымен
шамалас. Жарықты маған түсіреді.
– Саған бұл ұнай ма?
Карл тағы да ыңғайсыздық сезінді. Тәлкек қылып
отыр ма? Маркке барлай қарады да, оның жүзінен ондай
ештеңе байқамады. Шынымен қызығушылық танытып
отырған секілді.
– Әдетте қиын болады. Кейде он бес минут қимыл
-
дамай тұруға тура келеді. Ауыр әрине – деп жауап қатты.
– Маған таныс сезім – деді сабырлы қалыпта
Марк – Сенің өмірің өзің қалағандай өрбіп жатқан жоқ.
Бір нәрсе дұрыс емес, алайда оның несі дұрыс емес екенін
өзің түсіне алар емессің.
– Басқаша болмай жатыр. Ата-анамды ренжітіп алам