Сабақтың мақсаты: «Мейрімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
Білімділігі: - обал мен сауап туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: - халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелілігі: - мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті:
Балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.
|
Әңгімелеу (сұхбат):
- Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
- Обал болады, сауап болады деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
|
Мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға обал мен сауаптың мәнін жете түсіндіру үшін мәтін оқу ұынылады. Оқушылар мәтін мазмұнын танысып берілген сұрақтарға жауап береді.
Балалар қалай ойлайсыңдар, қармаққа балық қанша түсті деп ойлайсыңдар?
Сен балалар орнында болсаң ше?
Балалар обал және сауапқа байланысты қандай істерді байқадыңдар?
Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
Нанды жерге тастау дұрыс па?
|
Дәйексөз:
«Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің»
Халық даналығы
|
Тапсырма: Ойын-жаттығу: «Обал-сауап»
Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдері ойын жаттығу арқылы бекітіледі.
Әр жұптың алдына сөйлем жазылған карточклар таратылып беріледі. Әр жұп дауыстап оқып, мағынасына қарай карточканы өз үйшігіне апарып салады.
Мысалы:
*Көк шөпті жұлма.
*Қарияның жүгін көтеріс.
*Сүтті төкпе.
*Құмырсқаның илеуін таптама.
*Мысыққа тас лақтырма.
*Торға түскен құсты босат.
*Ұяны бұзба.
*Нанды лақтырма.
|
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. Оқушылар дәптерге тапсырманы орындайды. Жұмыстарын аяқтаған соң. Жұмыстарын дауыстап оқып таныстырады.
Тапсырма: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып жазады.
|
Шығармашылық жұмыс:
Балаларға «Жалғасын тап» ойынын жүргізу, сабақты қорытындылау.
Нан қоқымын ...... .
Малды ........ .
Құстың ....... бұзба,
Үлкеннің алдынан ....... .
......... төкпе,
Адасқанға ........ сілте,
................ теппе.
|
Соңғы тыныштық сәті.
Балалар, денелеріңді бос ұстап, еркін тыныстаңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді өсіп тұрған жеміспіз деп елестетіңдер. Біріміз – қып-қызыл болып піскен алма, біріміз уылжып піскен өрік, келесіміз – тәттілігі тіл үйіретін шабдалы... біздің еш жерімізге дақ тигізбей, аялап, баптап өсірген жер-анаға іштей алғыс айтудамыз. Бір-бірімізге қарап, еш жерімізден кемшілік көрмей, дәннен пайда болып түйін салғанда қандай болсақ, сол қалпында сақталғанымызға масаттанамыз. Осындай сезіммен көзімізді ашамыз.
|
Бағалау:
Оқушылардың сабаққа белсене қатысқандарына қарай бағалау.
|