79
78
«Бұл жолмен жүрмес бұрын, ең алдымен ата-
анамды жеңуім керек» деп ойлады Карл. Кеше Маркпен
әңгімелескеннен кейін өз бойынан батылдық байқаған
еді. Бүгін оның бәрі жоқ болған, өзін кішкентай және
бейшара сезінді. «Мен ата-анаммен сөйлесуге қорқамын.
Мен қашан адам боламын. Қорқақпын» деді өзіне өзі.
Осы кезде бұл өзін қарапайым адаммын деген
-
де, Марктің айтқан сөздері есіне түсіп кетті. Марктың
айтуынша, ең зиянды өтірік осыдан басталса керек.
«Мен өзімді-өзім шектеп тұрмын» деп ойлады Карл.
Ол Марктың барлық кеңесін қолдануға тырысты.
«Бұл күнге дейін мен әлсіз болдым. Енді ата-анамның
алдында өзім үшін маңызды нәрселерді қорғауға дайын
-
мын. Мен барлық мүмкіндікті пайдаланамын. Менің
қолымнан келетініне сенімдімін. Енді маған тек сену
керек».
Карл айнаның алдында жаттығу жасауға тырысты,
ол уәде берген еді ғой. Алайда басына бір ой келсейші.
Мексикада бәрі оңай болып көрінген. Небары екі күн
өткен жоқ па! Енді ол өзіне: «Сен аянышты жансың және
қорқақсың» деп айтқысы келді.
«Алайда жаттығудың мәні мұнда емес қой» деп
кекесінмен өзіне ескертті Карл, тіпті езу тартып қойды
да: «мен өзімді батыр сезінбесем де болады. Батыр сияқты
батыл әрекет етуім керек» осылай деп дон Хосе айтпап па
еді. Сондықтан Карл бар ерік-жігерін жинады да, жаттығу
жасай бастады. Шынымен де жеңілдеп қалды.
«Басымды кесіп алмайды ғой олар» деп өзін басуға
тырысты. Бірақ күрсінді де, сол мезетте: «Жоқ, тап соны
істейді, басымды кеседі» деді.
«Сайтан алғыр, мен тағы да басқа ағаштың дауысына
құлақ түріп тұрмын ба?» деген ой келді басына.
Ұялы телефон WhatsApp-қа хабарлама келгені тура
-
лы белгі берді. «Бұлай болмайды. Маған басқа ағаштың
дауысы керек» деп ойлады Карл. Экранда былай деп
жазылған екен:
Ата-анасымен әңгіме өзі ойлағаннан да жаман
өтті. Олар Карлды жазғыра бастады, оның жақсылықты
білмейтін адам екенін, оған істеген бар жақсылықты
ұмытып кеткенін айтып кінәлады.
Олардың айтуынша бұл шынайы өмірден алыстап
кеткен. Кім болмақ, актер болам дей ме? Елге күлкі
болмақшы ма! «Одан да барып лоторея ойна, ол жерде
мүмкіндігің мол. Сенің ешқандайда әртістік қабілетің
жоқ. Біз сенің ата-анаңбыз, біз сенің қабілетіңді жақсы
білеміз. Әртіс жойқын күшке ие болуы керек, сенің
мінезің оған сәйкес келмейді. Сен былжырсың, жігерсіз
-
сің. Адвокат болсаң бұл мінезіңді жасыруға болушы еді.
Бірақ әртіс елдің алдында жүреді. Мықты персонаждарды
қалай ойнамақсың? Сенің мүлде мүмкіндігің жоқ!» деді
олар.
«Бір күмәнді гурумен кездестім» деп үміт күткен
болашағын осылайша күл-талқан етуге бола ма?
Ең болмағанда «қалтаңда дипломың болу керек қой» деп
қоймады тағы да олар.
Карл әзілдеуге тырысты:
– Диплом қалтаға салып жүру үшін берілмейді, –
бірақ оның әзілін қабылдайтын адам болмады.
Мәселе оның намысына тигенде емес, ата-анасы
шынында да дұрыс айтқан еді, оның мінезі тым жұмсақ
еді.
Достарыңызбен бөлісу: