119 118 – Мен неге қабілетті екенімді білгім келеді. Анна мен Марк
менің өзім байқамаған қабілеттерімді байқап отыр. Мен оны
түсінуге тырысуым керек.
– Маған Марктің позитивтілігі ұнайды. Ол барлық нәрседен
жақсылық іздейді. Мен де сондай болғым келеді. Өзімді
келбетті де құнды тұлға деп есептегенде ғана әлемді пози
-
тивті түрде көре бастаймын.
– Өзіндік санам болса ақшаны да көп таба бастайтынымды
түсіндім. Анна менен көп есе ақша табады. Мен оның деңгей
-
іне көтерілсем, оның маған зияны тимес деп ойлаймын.
– Егер өзім туралы жақсы ойлай бастасам, өмірім де
жақсарады. Бұл жағдайда өміріме тек жақсы нәрселерді
ғана тартатын боламын. Бұл менің өзіме де қызықты.
Мен жақсы нәрселерге лайықты екенімді білемін.
Марк Карлды мақтаудан шаршамады. Жазған себеп
-
тері шын мәнінде маңызды еді және оны жазып қойғаны
да жақсы болған. Сонан соң Марк:
– Сен нақты шешім қабылдадың ба? – деді.
Карлдің есіне Марктің фирмасында оқыған бір
дана сөз түсті: «Өзіндік сананы қалыптастырудың
алғашқы қадамы – оның саған қажет екені туралы шешім
қабылдау».
– Иә, шешім қабылдадым. Оқуымды тастаймын да
әртіс боламын. Мен бақытты боламын және Аннаны да
бақытты қыламын. Мен Михаэльге берген уәдемді орын
-
даймын. Ол үшін маған сенімді болу керек.
Күлімсіреп тұрды да, ол сөзін жалғастырды:
– Сен дұрыс айтыпсың. Себептерді түсініп жазған
-
да «болуым қажет және боламын» дегенді анық сезінеді
екенсің.
– Бұл салтанатты сәт. Егер кептелісте тұрмағанда мен
сені құттықтау үшін тоқтар едім, – деп Марк қуана күлді.
– Сен маған күліп отырсың ба? – деп сұрады Карл.
– Жоқ. Адамдарға өзіндік сананы табуға көмек
-
тесу менің мамандығым болып табылады. Мен сенің
шешіміңе қуанышымды қалай жеткізерімді де білмей
отырмын. Енді сен нағыз өмір сүре бастайсың. Мен сен
үшін қуаныштымын, сол үшін күліп отырмын.
Олар қабылданған шешімді бекіту белгісі ретінде
бір-бірінің қолын қысты. Бірнеше минут үнсіздіктен
кейін Марк:
– Сен өзіңді мақтан тұтуыңа болады. Көп адам
мұндай шешім қабылдай алмайды. Егер адам өзіне сенім
-
сіз болса, сылтау іздеп, тәуекелден қашуға тырысады.
Ақтала бастайды. Ақталу – біздің өзімізге айтатын өтірі
-
гіміз. Ең үлкен өтірік: «менің қолымнан келмейді, мен
соншалықты жақсы емеспін, мен лайықсызбын» деу.
Кейбіреу: «мен қаламаймын» дейді. Алайда оның артын
-
да қолымнан келмейді деген түсінік жатыр. Өзіндік сана
-
ның төмен болуында ең жаманы не екенін білесің бе?
Карл басын шайқады.
– Адамның өзі туралы негативті ойлауында. Ол
бейсаналы түрде өзін жазалау үшін тұрмыс-тіршілігін
төмендете бастайды.
– Оны маған неге айтып тұрсың?
– Сен жазып қойсын деп. Ертең бәрі басқаша баста
-
лады. Қолыңда үнемі осы жазбаларың және мен жіберген
хабарламалар жүрсін. Басында бәрі қиын болуы мүмкін,
дегенмен арты жақсы болады. Осындай тәртіппен.
– Бұл ескерту ме?
– Әрине. Алайда бұл сенің қолыңнан келеді. Сонымен
қатар сенің қасыңда саған сенетін және сені үнемі қорыл
-
дайтын мен, Анна және Михаэль сияқты достарың бар.
Марк оған көзін қысты да:
– Және саған күш беретін күлгін күнделікті де есің
-
нен шығарма, – деді.