Олимпиада есептері
10 сынып-1 Көмірсутек. 5 балл.
Өнеркәсіптік органикалық синтезде кеңінен қолданылатын газ тәрізді көмірсутектің үлгісі толық жанғанда түзілшен судың массасы бастапқы үлгінің массасына тең болады. Көмірсутектің құрылысын анықтаңыздар.
Шешуі:
газ тәтізді көмірсутектің жану теңдеуі:
Cn Hm +=n CO2 + H2O
Көмірсутектің үлгісінің массасы 12n + m, түзілген судың массасы . Есептің шарты бойынша: 9m = 12n + m. Бұдан: n: m = 2:3.
Демек, көмірсутектің қарапайым формуласы: C2H3. Мұнда нақты қосылыс жоқ. Демек, көмірсутектің формуласы -C4 H6. Алкиндер мен алка- диендердің қатарынан есептің шартына ең сәйкес келетіні өнеркәсіпте каучук алу үшін кең қолданатын бутадиен - 1,3 (CH2 = CH - CH = CH2).
Достарыңызбен бөлісу: |