Олимпиада есептері 10 сынып-1 Көмірсутек. 5 балл


сынып - 3 Көмірсутек. 5 балл



бет3/9
Дата07.10.2019
өлшемі191,5 Kb.
#49314
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Олимпиада есептері химия


10 сынып - 3 Көмірсутек. 5 балл.
Этан, пропилен және ацетиленнің 448 мл (қ.ж.) көлем алады және бромның тетрахлорметандағы 40 мл 5% - (тығыздығы 1,6 г/мл) түссіздендіре алады.Қоспа толық жанғанда түзілген көміртек (IV) толық жұту үшін қажетті калий гидроксидінің 40% - дық ерітінгдісінің (тығыздығы 1,4 г/ мл) минималь мөлшері -

5 мл . Қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін анықтаңыздар (%, көлемдері бойынша).



Шешуі: көмірсутектер қоспасының жалпы зат мөлшері:

v (қоспа)=

v (этан) =х,v (пропилен) = y,v (ацетилен) = z болсын делік.

Онда: х+у+z= 0,02

Ерітіндідегі бромның массасы мен зат мөлшері:



m(Br2)=Vp= 40 мл · 1,6г/моль · 0,05 = 3,2 г

v(Br2) =

Бром тек пропилен мен ацетиленмен әрекеттеседі:

C3 H6 + Br2 = C3 H6 Br2

C2 H2 + 2Br2 = C1 H2 Br4

Демек : у +2z = 0,02моль

Қоспа толық түзілген CO2 сіңіруге кеткен сілті мөлшері:



v(KOH)=

Титреуге кеткен КОН мөлшері минимал, демек ракция теңдеуі:

KOH + CO2 = KHCO3 демек, v(CO2) = 0,05моль

Көмірсутектің жану ракциялары:

C2 H6 + 3,5O2 = 2CO2 + 3H2O

C3 H6 + 4,5O2 = 3CO2 + 3H2O

C2 H2 + 2,5O2 = 2CO2 + H2O

Бұдан (коэффиценттерін ескере отырып):

2x + 2y + 2z = 0.05 моль

(1), (2) және (3) теңдеулер жүйесін шешсек:

x= 0.005 моль; у= 0,01 моль; z = 0,005 моль

Онда: х:у:z = 1:2:1 (немесе 25% этан: 50% пропилен: 25% ацетилен).


10 сынып - 4 Белгісіз заттарды олардың қасиеттері бойынша анықтау. 5 балл.
Екі тұз берілген – А және В. Оның бірі, А, оранж түсті, суда жақсы ериді, оның ерітіндісі жалынды жасыл түске бояйды. А тұзы тотықтырғыш, ол қышқыл ортада тотықсыздандырғышпен әрекеттескенде оның түсі жасылдау- күлгінге айналады. Екінші тұз, В – ақ түсті, қыздырғанда газ тәрізді өнімдерге ыдырайды. Тұздың ерітіндісі күміс нитратының ерітіндісімен ірімшік тәрізді ақ тұнба береді. А және В тұдары қыздырғанда бір – бірімен әрекеттеседі. Тұздардың құрамын анықтаңыздар. Егер А және В тұздары қоспасын қыздырғанда 2,24 л (қ.ж) газ бөлінсе, ал реакция өнімін сумен өңдегенде 15,2 г суда ерімейтін металл (ІІІ) оксиді алынған болса, онда қоспаның молярлық құрамы қандай болған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет