Екі өзара жай сандардың көбейтіндісі 3232. Ең кіші ортақ еселігін және осы сандарды тап.
х-тің 13,5%, у-тің 12,5%-не тең болса, х және у сандарын салыстыр.
Өлшемі 2х2х2 кубты бояу үшін 2 грамм бояу керек. Өлшемі 6х6х6 кубты бояу үшін қанша бояу керек?
Майнур дүкеннен 13 теңгелік дәптермен 15 теңгелік кітаптар сатып алды және оған 239 теңге төледі. Майнур қанша дәптер және кітап сатып алды?
Оқушы кітапты үш күнде оқыды.Бірінші күні кітаптің 0,2-сін және 16 бетті, екінші күні қалғанының 0,3-ін және 20 бетін, үшінші күні қалғанының 0,75-ін және 30 бетін оқыды. Кітапта неше бет бар?
Алты алманы 12 адамға, алманы 4 тен артық бөлікке бөлмей тең беруге бола ма?
4*13=100 қай жүйеде есептелінген?
Сыныпта 25 оқушы бар, олардың жастарының қосындысы 270 жыл. Сыныпта 20 оқушы табыла ма, олардың жастарының қосындысы 260 тан артық болатын?
Бөлінгіш пен бөлгішті 3 есе арттырғанда, бөлінді мен қалдық өзгере ме?
Бір тәулікте сағаттың және минуттың тілдері неше рет тік бұрыш жасайды?
IV-нұсқа
1. 2008 натурал санның қосындысы – тақ сан. Осы сандардың көбейтінділері тақ па, әлдә жұп сан бола ма?
2. Есептеңдер: -90-89-88-....-1+0+1+2+....98+99+100
3. Бригада бірінші күні 15 га жердің шөбін шапты, екінші күні – қалған жердің 20%-ын шапты. Екі күнде барлық жердің 36% шабылды. Барлық жердің ауданын тап.
4. Алматыдан Талдықорғанға дейін 40 км/сағ жылдамдықпен машина шықты және 1 сағат жүрді. Кері қайтқанда ол 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Машинаның орташа жылдамдығын тап.
5. 4х4 метр өлшемі бар кілемді 15 тесік жасап құрт жеді. Өлшемі 1х1 метр кілемді кесіп алуға бола ма? Және оның ішінде тесік болмау керек.
V-нұсқа
Оқушылардың барлығы бірге 121 балық ұстады және әрқайсындағы балық саны бірдей болды. Қанша оқушы балық аулауға барды?
Әріптерді цифрмен ауыстыр:
СПОРТ
+
СПОРТ
КРОСС
11*21*31*41*51*61*71*81*91*-1 10-ға бөліне ме?
Неге
литрлік ыдыс бензинге толған. 5 және 8 литрлік банканы пайдаланып (6 литрден) тең екі бөлікке бөлу керек
Тиімді тәсілді пайдаланып, өрнектің мәнін тап:
.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.В.Фарков Математические олимпиады в школе 5-11 классы, Москва Айрис-пресс, 2009.
2. Н.Х.Агаханов, О.К.Полипский Математика Районные олимпиады, Москва Просвещение, 2010.
3. Н.В.Горбачев Сборник олимпиадных задач по математике. – М.: МЦНМО,2004.
4. Д.Х.Муштари Подготовка к математическим олимпиадам/ Д.К.Муштари. – Казань: Изд-во Казан. матем. об-ва, 2000.
5. Е.А.Бугулов, Б.А.Толасов Сборник задач для подготовки к математическим олимпиадам. Северо-Осетинское книжное издательство,1962.