Сұрақтар мен тапсырмалар
Өз өлкеңнің тарихын білу неге керек?
Шығыс Қазақстан туралы қандай тақпақтар мен өлеңдерді білесіздер?
Шығыс Қазақстан облысы қашан құрылған?
Картадағы Шығыс Қазақстан облысын көрсет.
Неліктен оқулық авторлары бұл параграфқа Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы туралы материалды қосқан?
Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының басқа аймақтардан айырмашылығы неде?
Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне қандай әсері болды?
«Менің өлкем – менің кіші Отаным» деген фотокөрмені дайындауды бастаңыз. «Шығыс Қазақстан табиғаты» деген бірінші бөлімге фотографиялар дайындап, осы бөлімге көркем ат ойлап табыңыз.
Әдебиеттер:
Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.
Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.
Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.
История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл. – Семей, 2012. - 94 с.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.
История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл. – Семей, 2012. - 224 с.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін 9 с. арналған эксперименттік оқу құралы. – Семей, 2013. - 194 б.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Экспериментальное учебное пособие для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 188 с.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептердің 9 с. оқушыларына арналған жұмыс дәптері. – Семей, 2013. - 72 б.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Рабочая тетрадь для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 72 с.
История Восточного Казахстана. Ч. II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Хрестоматия для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО . – Семей, 2013. - 586 с.
Тақырып 2.Кіші Отанның тарихын сақтаушылар Тақырыпты оқытудың әдістемесі
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін танып білу. Шығыс Қазақстанның өткендегісі ертедегі ғалымдар мен зерттеушілердің және саяхатшылардың еңбектерінде. Қазіргі заман тарихшылары Шығыс Қазақстан туралы Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Шығыс Қазақстанның өткендегісі ертедегі ғалымдар мен зерттеушілердің және саяхатшылардың еңбектерінде
Қазіргі заман тарихшылары Шығыс Қазақстан туралы.
Кіші Отанның тарихын сақтаушылар.
Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін танып білу. Тарихты жалпылай оқыған сияқты, өңірдің табиғатын, шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін оқып білу үшін, археологиялық материалдардың маңызы зор. Жоғарғы Ертіс өңірі – археологтар көбінесе Шығыс Қазақстанды осылай деп атайды, ол әрдайым зерттеушілердің назарын өзіне аударған.
Өңірдің ғылыми зерттелуіне І Петрдің көне жәдігерлерге деген құрметі, олардың сипаттамасы мен жинақталуына арналған жарлығы аса маңызды рөл атқарды. Сол сияқты Ресей шекарасына енетін Қазақстан жерлері мен Сібір тарихын зерттеу мақсатында оның бастамасымен жүзеге асқан бірқатар іс-шараларды атап өтуге болады. Нәтижесінде 1701 жылы тобыл ақсүйегінің ұлы С. Ремезов жазған «Сібірдің сызба кітабы» жарық көрді. С. Ремезов географиялық мәліметтермен қатар, Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы да мәліметтерді келтірген.
Шығыс Қазақстанның археологиясы жайлы қызықты мәліметтерді өңірдің табиғи байлығын зерттеушілердің, тау-кен инженерлерінің, барлаушылардың Сібір мен Қазақстанға жасаған бірінші (1733-1743), екінші (1768-1774) академиялық экспедицияларының есептерінде тіркелген. Олар көнеге аса зор мән берген, оларды сипаттаған, сол арқылы Шығыс Қазақстан ескерткіштері туралы мәліметтердің қорын молайта түскен. Мәліметтерді алғашқыда жинастыру мақсатты зерттеулер негізінде емес, кездейсоқ түрде жүзеге асқан болатын.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласының көне жәдігерлері Ресейдің Мәскеу археологиялық қоғамының, Тарихи мұражайдың археологиялық комиссиясының және басқа да орталық ғылыми мекемелердің назарын өзіне аударта бастаған.
Василий Васильевич Радлов (1837-1918 ж.ж.)
1862 жылы Шығыс Қазақстандағы Берел қорымы мен мәңгілік тоңдағы обаларды ашып, алғаш археологиялық зерттеу жүргізген В.В. Радлов болатын.
Шығыс Қазақстанның археологиясын оқып-үйренуде ХХ ғасырдың басында құрылған Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі және Семейдегі бөлімшесі маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде, ХІХ ғасырда - ХХ ғасырдың басында бай археологиялық материалдар жинақталды.
1917 жылы төңкерістен кейін археологиялық зерттеулер жалғасын тапты. 1947 жылдан бастап ленинградтық ғалым С.С. Черниковтың бастауымен Шығыс Қазақстанның археологиялық экспедициясы жұмыс істей бастайды.
Экспедицияның негізгі тапсырмасы Бұқтырма мен Өскемен СЭС-ін салуға байланысты жақын маңдағы тарихи ескерткіштерді тауып, зерттеу жүргізу болды. 1960 жылы бұл жерде неолит дәуірінен бастап орта ғасырға дейіңгі көптеген есерткіштер тіркеліп, Шығыс Қазақстанның тарихын сипаттайтын материалдар алынды. Сол кезден бері археологиялық экспедициялар күтпеген жерден жаңалықтар ашып, ғылымға өз үлестерін қосуда.
1980-1983 жылдары Шүлбі ГЭС-інің құрылысы маңында, құрамында Х.А.Алпысбаев, Ж.К. Таймағамбетов сияқты қазақстандық белгілі археологтары бар Шүлбі археологиялық экспедициясы зерттеу жүргізді. Кең көлемді археологиялық экспедициялардың қызметі: тас, қола, ерте темір, орта ғасыр көшпенділерінің ескерткіштерін қазу мен петроглифтерді зерттеу болды.
1949 жылғы Черников С.С. басшылығымен жасалған экспедицияның Шығыс Қазақстандағы зерттеу ауданы Шартты белгілер: 1- обалар; 2- тұрақтар; 3- тас бейнелер; 4- тастағы суреттер; 5- үңгірлер; 6- экспедиция маршруты
1989 жылдан бастап А.Т.Төлеубаев Тарбағатай, Шыңғыстау тауларының баурайларында және Зайсан жерінде қола дәуірі мен ерте көшпенділер кезеңіне қарасты ескерткіштерді зерттеу мақсатында 14 ғылыми далалық археологиялық экспедициялар ұйымдастырды. Ол Шілікті даласының обаларын зерттеуде де жетекшілік жасады.
З.Самашев Берел аңғарындағы обаларда
1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының халықаралық қазақ-француз экспедияциясы З.Самашевтің басқаруымен Қотанқарағай ауданының жеріндегі Берел қорымдарында жұмыстарын жалғастырды. Бұл экспедицияның құрамына қазақстандық, француздық, итальяндық, ресейлік, бельгиялық, швейцариялық, сол сияқты басқа да ғылыми мекемелер мен мұражай, университеттердің білікті мамандары кірді. Экспедиция жұмысына Өскемен мен Семейдің бірқатар ЖОО-ның оқытушылары Ф.Х.Арсланова, А.И.Исин, Е.Е.Сайлаубай қатысты. Оқытушылармен бірге сол жерлерде Семей мемлекеттік педагогикалық институты мен С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері археологиялық іс-тәжірибеден өтті.
Археологиялық ескерткіштерді іздеуде өлкетанушылар да белсенділік танытып келеді. Өлкетанушылар А.Долгушев пен В.Колбин көптеген жылдар бойы мектеп оқушыларына жетекшілік жасап, қазба жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі кезде археологиялық мұраларды қорғау және сақтау аса зор мәнге ие. Бұл Қазақстандағы жазбаша тарихи дәуірдің айтарлықтай кеш басталғандығымен және ортағасырға, кей аймақтарда жаңа заманға дейінгі оқиғаларды сипаттайтын жалғыз дерек - археологиялық материалдардың болуымен байланысты.
Мәдени, тарихи және археологиялық ескерткіштерге көп зиянын «қара археологтар» деп аталатындар тигізеді. Қазіргі заманғы қазына іздеушілерді көбіне осылай деп атайды. XVIII ғ. басынан XIX ғ.ортасына дейін Кенді Алтайда қазына іздеушілер ғылымға пайдасы зор көптеген археологиялық ескерткіштерді тонап, мүлде жоғалтып жіберді. Археологиялық мұраларды сақтау мәселесі көбіне белсенді жол құрылысы мен байланыс желілерінің тартылуымен және жеке құрылыспен тығыз байланысты. Егін алқаптары мен шабындық жерлердегі көптеген обалар жер жырту және шөп шабу кезінде жойылып кетті.
Археологиялық ескерткіштерді табу, зерттеу және сақтап қалу – өткен тарихты сақтап қалу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |