1.3. Жұмыстың орындалу әдістемесі 1.3.1. Керекті құралдар: СП-100 санағыш прибор, секундомер.
1.3.2. СП-100 приборы оның “ПРОВЕРКА” деп аталатын түймесін басқан уақыт мезетінен “СТОП” деп аталатын түймесін басқан уақыт мезетіне дейінгі аралықтағы приборға берілген импульс санын есептейді. СП-100 приборына, импульс, жиілігі = 50 Гц айнымалы кернеу генераторынан беріледі. Демек, орташа алғанда, 1 секунд ішінде тіркелетін импульс саны 50-дің аймағында болады. Бұл прибордың толық түсініктемесін 1.6.1 әдебиетінің 649 бетінен қараңыз. Бұл жұмысты орындау үшін 5 секунд ішіндегі импульстер саны есептелінеді. Өлшеу саны 100 –ге тең болу керек.