Өлу мен өлімнің этикалық мәселелері. Паллиативтік күтім, эвтаназия. Хоспистік көмек



бет2/5
Дата29.03.2022
өлшемі11,16 Kb.
#137095
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өлу мен өлімнің этикалық мәселелері. Паллиативтік күтім, эвтаназ

Жазылмас науқастармен ашық сөйлесу мəселесі ең қиын болып табылады. Бұл туралы көптеген пікірлер бар. Біреулері, пациентке бүкіл шындықты айтқан жөн десе, екіншілері ауыр науқасқа мейірімділікпен қарап, оған жақындап қалған өлім туралы ештеме айтпайды, ал үшіншілері пациенттің қалауымен жүру керек дейді. Əрине, науқас өзінің жағдайы туралы шындықты білуге құқылы жəне оның құқығын баса - көктеуге ешкімнің қақысы жоқ, бірақ білуге қақылы жəне білуге міндетті деген ұғымдардың бірдей емес екендігін ұмытпаған жөн. Ауыр науқас жақындап қалған өлім туралы ештеме білгісі келмесе, онда айналасындағылар оның таңдауын сыйлауы қажет. Өлімнің таяп қалғандығын білу, көбінесе, науқастың жағдайын жеңілдетпейді, сондықтан оның аз білгендігінің де пайдасы бар. Егер пациент қанша уақыт өмір сүретіндігі туралы үзілді - кесілді мəлімет талап етсе, айналасындағылар оның дəлелдеріне құлақ түріп, оның сезімдерін түсінуге ұмтылуы керек. Кейде науқастың талаптары шартты түрде болатындығы, оның нақты жауап алғысы келмейтіндігі көзге түседі, өйткені нақты жауап оның үмітін үзеді. Көпшіліктің ойынша, бұл пациенттер медициналық емдеу, өмірін қалай аяқтау сияқты мəселелер бойынша шешімді өз еркімен қабылдауға қақылы. Сондықтан дəргер немесе кеңесші өлімге байланысты қорқыныштар мен фантазияларды, өлім халінде жатқан адамның ұмтылыстарын кəсіби түрде ажырата білу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет