Жоспар Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтық мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организм мәйіт деп атауға болады.