КСМ: Әлемдегі ең қымбат ит тибеттік мастиф деп аталады. Оның құны 2200 доллардан басталып 7 000 долларға дейін жетіп артылады. Ал ең қымбат мысық тұқымы ашера. Аталмыш мысықтың базардағы бағасы 15000 мен 100 000 доллардың аралығын құрайды. Онда да бұл жануарларды арнайы тапсырыспен ғана ала аласыз. Ал біздің елдегі баға бұл сияқты айқайламаса да қалтаңызға қарай түр-түрін таба аласыз. Олардың арасында төбетімді тегін беремін дегендерде аз емес. Себебі ит пен мысықтыңда өз күтімі болуы тиіс.
Оля Ивановна ветеринар дәрігер (аударма әйел)
Біріншіден, жануарға тұрақ дайындау керек, яғни өзінің жеке тамақ ішетін ыдысы мен горшогының ыңғайлы жерде орналастыру қажет. Міндетті түрде оны жиі тазалап отырыңыз. Сонымен қатар көпқабатты үйде тұратын болса иттерді далада серуендетуді ұмытпаңыз. Үлкен ит әдетте кем дегенде 1 сағат, кіші иттерге 15-20 минут жеткілікті. Үй тағамдарымен тамақтандыруға болады. Бірақ ол нанды лақтырып беру болмаса ашыған тамақты бір-біріне араластырып беру емес. Жануарға белгілі бір мөлшерде уақытылы тамақ беріп отыру қажет. Мүмкіндік болса арнайы мамандардан кеңес алып, солардың айтуымен азық берген дұрыс.
ЗКТ Иә жануарға жәрдемші болардың алдында міндетті түрде оның қай тұқымға жататынын анықтап алыңыз. Кейін күтімі мен ас мәзірін дайындап отырыңыз. Адамдар көбіне сүйкімді түріне қызығып сатып алады да кейін дұрыс қарамағандығынан өлтіріп алады деп қаймығады мамандар. Ал біздің елде мынандай бір мәселе бар:
ШУМ. Тұрсынбек Қабатов әзіл-ысқақшы
3:22.Аппақ одеял, аппақ простына, аппақ диванның үстінде бір аппақ мысық жатырғой. Көргеннен қорықтымғой сол мысықты. Өйткені астындағы төсегі менің үйімдегі төсегімнен артық барғой. Қызым тұрды да осы мысықты аламын деді. Кішкентай бір котенок такой. Все будем покупать дедім, қойдың бағасынан қымбат тұрады өзі кәдімгідей. 04:54. Сөйтіп арада 15 күн өтті. 15 күннен кейін қарасам ана мысығым бүйтіп кетіп бара жатыр талып. Шошып кеттік.Светланаға звондадым. Че то это мысық без ностроения, Смысле дейді ну енді как то влиягой такой. Вы прививки сделали деді жоқ деп едім Вы что деп айқайлап жердіғой, ладно, ладно дедім.
Оля Ивановна ветеринар дәрігер (аударма әйел) Ең алдымен құтырма ауруға қарсы екпе жасалу қажет. Және мүмкіндік болса вирусқа қарсы екпелерді де қабылдаған жөн. Атап айтар болсақ, мысқтарда панлейкопения, кальцивироз, хламидиоз және ринотрахеитке вирустары болмас үшін марғауларға жылына 2 рет, мысықтарға 1 рет жасалады.Ал оба ауруы, гепатит, энерит, лептоспир вирустарына қарсы күшіктерге жылына 2 рет, иттерге 1 рет жасалады.
КСМ: Ит пен мысыққа дұрыс күтім жасау үшін орта есеппен айына 10 000 теңге қаражат кетеді екен. Альмираның иесіз қалған жануарларға үй іздеп жүргеніне биыл 3 жылдан асты. Оның айтуынша жануарға көп күтімнің қажеті жоқ, иесінің мейірімі болса жеткілікті
Альмира Бисембаева волонтер
Көшедегі жануарларды қолымыздан келгенше алып емдетіп отырамыз. Әсіресе қыстың күні үсік шалады, түрлі ауру жұқтырады. Өкінішке орай көп адамдар олардан қашады, қорқады. Адамдарға айтарым олардан қорқудың қажеті жоқ, олардыңда біркездері иелері болып тастап кеткенін болмаса адасып кеткенін ескеру қажет. Ит пен мысықтың үй жануары екенін ұмытпаған абзал.
Марина Абдулла, Мақсат Тастанбек, Мәселе