Ом заңы. Резисторлардың тізбектей, параллель және аралас жалғанулары


сурет. Ом заңы бойынша электр тізбе



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі81,26 Kb.
#80304
1   2   3   4
Байланысты:
Ом заңы

2.5 сурет. Ом заңы бойынша электр тізбе

Тұйықталған тізбек үшін Ом заңынан алатынымыз:



E = IR + IRi = U + IRi,

(2.2)

Мұндағы, IR — R кедергідегі кернеудің түсуі, яғни, сыртқы тізбекте немесе энергия көзі (генератор) қыстырғышында; IRiRi кедергідегі кернеудің төмендеуі, яғни электр көзі (генератор) ішіндегі болып табылады.
Есте сақтаңыз
Ом заңы барлық тізбек үшін ғана емес, оның барлық бөліктері үшін де тура электр тізбегі бөлігіндегі ток күші осы бөліктегі қысқыштарының кернеуін оның кедергісіне бөлгенге тең.
Тізбек бөлігіндегі кернеу ток күші менің осы боліктегі кедергісінің туындысына тең, яғни U = IR.

Электр тізбегіндегі ток күшін өлшеу үшін амперметр құралын, кернеуді өлшеу үшін – вольтметрді қолданады.


Ток тізбегіне амперметрді қосу үшін, ток үзіліп, сол жерлерге қысқыш арқылы амперметр қосылады (2.5 сурет). Сөйтіп, бүкіл өлшенетін ток құрал арқылы өтеді. Вольтметр тізбектің басына және соңына қосылады. Вольтметрдің бұндай қосылуы параллельді деп аталады (2.5 суретті қараңыз). Вольтметр сол бөліктегі кернеудің түсуін көрсетеді. Егер вольтметрді сыртқы тізбектің басына – энергия көзінің оң полюсіне қоссақ және сыртқы тізбектің соңына - энергия көзінің сол полюсіне қоссақ, ол бүкіл сыртқы тізбектегі кернеудің түсуін көрсетеді. Бұл энергия көзі қысқышындағы кернеу болып табылады.


Формуладан (2.2) энергия көзі қысқышындағы кернеу (генератордағы)
U = E - IR.
Бос жүріс кезінде сыртқы тізбек тұйықталмаған және тізбекте ток жоқ, соның нәтижесінде, U = E. Тұйықталған тізбекте кернеу ЭҚК тең емес және тізбектегі ток көп болған сайын, кернеу ЭҚК алшақтай береді.

Егер электр энергиясының қысқыштарын кедергісі нөлге тең өткізгіштерге қоссақ формула (2.1) келесідей түрге енеді:


Бұл өрнек аталған ток көзі тізбегінен алынатын, ең көп токты анықтайды. Сыртқы электрлік тізбетің кедергісі нөлге тең болса, онда ондай режим қысқа тұйықталған деп аталады.

Резисторлардың тізбекті жалғануы. Электр тізбегі кедергілері әртүрлі бірнеше электрлік энергия қабылдағыштардан тұрады. Электр тізбектерін есептеген жағдайда «эквивалентті кедергі» Rэкв ұғымын қолданады.




Эквивалентті (немесе жалпы) - кедергілердің осы тобының орнына қосқан кезде қалған тізбектің электр жағдайлары өзгеріссіз қалатын кедергісі аталады.

Айталық, мысалы, генератордың сыртқы тізбесі (2.6.-сурет) кедергілері R1, R2, R3 болатын үш электрлік энергия қабылдағышынан тұрады. Әр қайсысы бір тұйық электр тізбегіне кезек-кезек қосылған электрлік энергиясы қабылдағыштың осындай жалғануы тізбекті деп аталады. Бұл ретте барлық қабылдағыштардағы ток бірдей, ал сыртқы тізбектің кедергісі қабылдағыштардың кедергілер жиынтығына тең.


Осы жағдай үшін Ом заңының формуласы келесідей:


Үш тізбектей жалғанған өткізгіштер үшін тізбектің жалпы кедергісі құрайды:


2.6.-сурет. Резисторлардың тізбекті жалғануы


Ал сыртқы тізбектің кедергісі: Энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу сыртқы тізбесіне
келтірілген кернеуге тең:

Энергияның тізбекті жалғанған қабылдағыштарының әр қысқышындағы кернеу токтың осы қабылдағыштың кедергісінің көбейтіндісіне тең:


U1 = IR1; U2=IR2; U3=IR3
тізбек учаскесінің жалпы кернеуі: U=U1+U2+U3

Сонымен, тізбекті жалғанған қабылдағыштарындағы кернеулер қосындысы энергия көзінің қысқыштарындағы кернеуге тең.


Кернеу өзгеріссіз болған жағдайда ток тізбектің кедергісіне байланысты. Тізбекті қосылған қабылдағыштардың бірінің кедергісінің өзгеруі бүкіл тізбектің жалпы кедергісінің өзгеруіне, сондай-ақ, оның ішіндегі токқа да ықпалы бар.




Есте сақтаңыз


Қосымша резисторлардың тізбекті қосылуы іс жүзінде кернеуді (іске қосу және реттеу реостаттары) төмендету, сонымен қатар, өлшеуіш аспаптарының (мысалы, вольтметрлер) өлшеу шектерін кеңейту үшін пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет