Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.7 Шырынды және ірі азық
Шырынды және ірі азық малға қысқа дайындалатын жемшӛбі. Шырынды 
азыққа кӛк шӛп шырынын сақтап қалатын, ылғалды сүрлем мен тамыр 
жемістілерден - азықтық және қант қызылшасы, азықтың сәбіз, түйнек 
жемістілерден - картоп, бақша дақылдарынан - азықтық асқабақ, қарбыз, 
әңгелек жатады. Олар ӛте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А 
витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды мүйізді ірі 
қара мал сүйсініп жейді. Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант- 
протеиндік арақатынасын жақсартып, тазқарын микро-биологиялық процесін 
ӛрістетіп, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады. 
Сауын сиырға қызылшаның 30 кг-ға жететін тәуліктік мӛлшерін бірнеше 
бӛліп, ал картоптың 15 кг-ға жететін тәуліктік мӛлшерін екіге бӛліп беруге 
болады. Әсіресе, қанты мол қант қызылшасын бірнеше рет бӛліп бермесе, 
сиырдың ас қорыту сӛлінде лактоза ферментінің аздығынан берілген қант 
мӛлшері ыдырап үлгермей, ашып, іш (ішек) газдары пайда болады. Сиыр 


98 
басына жылына 10- 15ц қызылша, 5-10 ц картоп әзірленеді. Қызылшаны 
температурасы 1-2°С салқын қамбада немесе арнайы қазылған орда сақтайды. 
Тамыр-түйнек жемістілер ылғалды (суы 70-90%) болғандықтан жоғары 
температурада нашар сақталып, ал - 2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе, 
ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнектер тез бұзылғыш келеді. 
Сондықтан сақтауға тек зақымдалмаған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-
түйнектерді батпақтан тазартып, кептіріп барып салады. Малға берер алдында 
оларды тазартып, турап, ал жас малға ыстық суға, буға бӛктіріп барып береді. 
Ірі (іріленген) азыққа кӛк шӛпті кептіріп дайындағанда қатаятын пішен 
мен қатайған дәнді дақылдар сабаны жатады. Шырынды азықпен қоса малдың 
қыстық азығы ретінде қолданылады. Пішен қоректілігі оны дайындаған ӛсімдік 
түріне, оның шабылған кездегі ӛсу кезеңіне, кептірілу мерзіміне, дайындалу 
тәсіліне, сақталу жағдайына байланысты ӛзгереді. Ӛсімдікті біраз ӛсіп, жетіліп, 
құрғақ затында қоректік заттарды біршама жинап, бірақ балаусалығынан әлі 
айырылмай, қатайып, қорытылымы нашарламай тұрған кезеңде шабады. Бұл 
кезең астық тұқымдастардың шашақтана, ал бұршақ тұқымдастардың 
бүршіктеніп, гүлдене бастаған кезеңіне сәйкес келеді.
Шабылған ӛсімдік стандартты 17 пайыздық ылғалдылыққа дейін 
неғұрлым тез мерзімде кептірілсе, соғұрлым оның құрамында қоректік заттары 
мен витаминдері, атап айтқанда, каротині толығырақ сақталады. Сондықтан 
пішенге шӛпті таң сәріден шауып, күн ысып, қатты қызғанша дегдітіп үлгерген 
жӛн. Қатты кепкен ӛсімдіктің ең құнарлы жапырақтары уатылып, 
аударыстырып жинағанда кӛптеп түсетіндіктен, дегдітілген шӛпті бӛкестеп 
жинап кептіріп барып, шӛмелелеп, маялап жинаған жӛн. Дайындалған пішенді 
сапалы сақтау үшін арнайы пішен сақтау орны қалқаланады. Далада үйілген 
маялар үстін су ӛтпейтіндей етіп жабу қажет, ӛйткені, ылғалданған пішен 
қабаты құнарсызданып, қоректілігін жояды, ал ылғал ішіне ӛтсе тіпті қызып, 
қоңырланып, шіриді. 
Басқа ірі азықтардан мүйізді ірі қара мал азығында сабан кеңінен 
қолданылады. Мал азығына күздік дақылдардікімен салыстырғанда жасұнығы 
тӛмен жаздық дақылдар сабанын жұмсайды. Оның ішінде мүйізді ірі қара мал 
жақсы жейтін сұлы, арпа, тары, бидай, бұршақ сабанымен әр басқа берілетін ірі 
азықтың тәуліктік мӛлшерінің жартысын алмастыруға болады. Малға берер 
алдында кӛп жасұнықты, қатайған, шайнап-желінуіне кӛп энергия 
шығындалатын, ірі сабанды алдын ала әзірлеуден ӛткізген жӛн. Оны кесіп, 
турап, мыжып, ұсақтап басқа азықтармен араластырып беруге болады. 
Мүмкіндік болған жағдайда сабанды жұмсарту үшін булап, кебек ұнмен
ұнтақпен, дән жармасымен араластырып берсе, бұл
механикалық-физикалық 
әзірлеу әдістері
ірі азықтың желінуін жеңілдетеді. 


99 
Желінуімен қатар сабан қоректілігін ұлғайту үшін 
химиялық әзірлеу 
әдістерін
қоланады. Әрине, шаруашылықта бұл әдістердің қолдану ережелерін 
біліп, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Дегенмен, сабанды әктеу 
(известкование) сияқты қарапайым да тиімді әдісті әр шаруашылық жағдайында 
қолдануға әбден болады. Ол үшін 30 л қайнаған суға 300 г әкті, 80-100 г ас 
тұзын ерітіп, әктің 1% ерітіндісін (известковое молоко) дайындайды. Ол 
құйылған ыдысқа сабанды 5-10 минут батырып, түбі тесіктелген ағаш 
астауларға нығыздап салып, сорғытады да, бір тәуліктен соң малға береді. 10 кг 
сабанға 25-30 л әк ерітіндісі жұмсалады. Әкпен енген кальций таз қарындағы 
ортаны сілтілендіріп, ондағы целлюлоза ыдыратушы микрофлораның ӛсіп-
кӛбеюіне оңтайлы жағдай туғызады. Соның нәтижесінде желінген ірі азық 
жасұнығының, ал онымен бірге басқа да қоректік заттардың қорытылымы 
жоғарылайды.
Ұсатылған ірі азықты дән қалдығымен, кебек-ұнмен араластырып, алдын 
ала дайындалған ашытқы (опара) қосып, бӛктіріп, ашытқыласа бұл
 биологиялық 
әзірлеу әдісі
азықты хош, жеміс, нан иістендіріп, оның құрамын құнды 
аминқышқылдары және В тобының витаминдерімен байыту арқылы 
биологиялық құнарлылығын арттырады. 
Малға ірі азық ретінде жақсы жапырақталған бұтақтар дайындалады. Жас 
бұтақ жасұнығы сабандағыдай болғанымен, витаминдік қоры сабандікінен 
анағұрлым жоғары. Оларды дер кезінде жинап, буып кептіріп, қора ішіне іліп 
қояды да, қыста малға турап береді. Ал қарағай, шырша секілді инелікті 
ағаштар бұтағын қыста дайындап, қарға кӛміп сақтауға болады. Оларды турап 
немесе ұнтақтап мал азығына қосса, қыста жетіспейтін каротинмен қамтамасыз 
етеді. Ондай ағаштардың бұтақтарын қайнаған суға бӛктіріп қойып, ерітіндісін 
ішкізсе, мал А және С витаминдерімен қосымша қамтамасыз етіледі. 
Құрғақ затындағы жасұнығы 19%-дан артатын пішендемені жіктеу 
бойынша ірі азықтар тобына кіргенімен, қоректенудегі физиологиялық 
қасиеттері бойынша, біздің ойымызша, шырынды азықтарға жатқызуға болады. 
Оны дайындау технологиясы да сүрлемдікіне ұқсайды. Тек пішендеме салуға 
шабылған дақылды (әдетте, протеиндік құндылығы жоғары, ал қанты аз 
болғандықтан қиын сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар кӛгін) орға салар 
алдында 45-55 пайыздық ылғалдылыққа дейін дегдітіп (провяливание) алады да, 
орға азықты қысқа мерзімде нығыздап таптап толтырады да, мұқият қымтап 
жабады. 
Жиналған шӛп арасындағы оттегі торша тыныстануына жұмсалып, 
анаэробтық, кӛмірқышқыл газы жиналған ортада орнайтын "физиологиялық 
құрғақтық" жағдайындағы ӛсімдік торшасының ылғал ұстаушы күші, 50-52 
атмосфералық бактериялар сору күшінен басым түсіп, ӛз шырынын, яғни 
қоректік заттарын соңғыларға бермей (сорғызбай) сақтап қалады. Соның 


100 
нәтижесінде сүрлемдегідей қанты ашытылып, ыдыратылмаған, тұщы (рН=5-
5,5), хош иісті, малға жұғымды, протеиндік және дәрумендік қоректілігі жоғары 
азық дайындалады. 
Шабылған шӛпті пішенге кептіргенде қоректік заттарының 25-40%-ы 
жоғалатын болса, пішендемеге салғанда тек 10-15%-ы жоғалады. 1 кг пішенде 
0,4-0,5 а.ӛ., 250-300 г жасұнық, 30-40 г қант, 30-50 мг каротин болатын болса, 
сүрлемде -0,16-0,2 а.ӛ., 70-90 г жасұнық, 10-13 г қант, 20-40 мг каротин, ал 
сапалы пішендемеде - 0,35-0,4 а.ӛ., 130-150 г жасұнық, 20-35 г қант, 40-60 мг 
каротин болады. Бұл салыстырудан пішендеменің ірі азыққа қарағанда қиын 
қорытылатын жасұнығы аз да, ал сүрлемге қарағанда жеңіл қорытылатын қанты 
мен каротині кӛп сақталатындығын кӛреміз. Сақа мүйізді ірі қара мал басына 
пішендемені тәуліктік сүрлем мӛлшерінің жартысындай - 15-20 кг кӛлемінде 
береді. Демек, жылына бір сиыр басына 15-20 ц пішендеме дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет