35
тұқым қуалаушылық қасиеттерінің ӛсіргендегі ауа райы, азықтандыру, күтіп-
бағу, ӛнімін ӛндіру жағдайларына тәуелді қалыптастырылады. Малдың тұрпаты
денсаулығын, жетілгіштігін, тӛлшілдігін, ӛнімділігі мен сыртқы орта
жағдайларына тӛзімділігін аңғартады. Осы кӛрсеткіщтері бойынша зоотехнияда
малдың сӛлекет, нәзік, ашаң, қагілез
,
босаң тұрпаттық типін айырады
Сӛлекет типтің терісі мен жүні қалың, қаңқасы ірі, басы үлкен, бұлшық
еттері қомақты, тері астындағы қан тамырлары білінбейді. Олар кӛбіне сылбыр
келеді (жергілікті қазақы мал түліктерінде жиі кездеседі). Нәзік типтің терісі
жұқа, қаңқасы жеңіл, бұлшық еттері болбыр, жалқұйрығы мен кекіл жүндері
сирек болады. Олар ауа райына тӛзімсіз болғанмен, бағып-күту жағдайлары
келіссе мол ӛнім беруге бейім келеді. Қағылез малдың терісі жұқа, жүні тықыр,
жеңіл денелі болады. Тері астындағы қан тамырлары білеуленіп, анық білініп
тұрады. Қағылез жылқы ұшқыр да нәзік, мәпелеп күтіп, жақсы азықтандыруды
тілейді, тебінде бағуға шыдамсыз. Бұл тип ақалтеке мен араб жылқысында жиі
кездеседі.
Ашаң (мықты) типті мал денесінің мықтылығымен, терісінің
тығыздығымен, бұлшық еттерінің жақсы дамып жетілгендігімен, буындары мен
сіңірлерінің күштілігімен, тері астындағы қан тамырларының анық кӛрінуімен
ерекшеленеді. Ашаң жылқының денсаулығы мықты, жұмысқа тӛзімді, қан
айналуы мен тыныстану, ас қорыту жүйелері жақсы жұмыс істейді. Босаң типті
жылқының тері асты ұлпалары мен бұлшық ет арасындағы майлы қабаттары
жақсы дамыған. Терісі қалың да босаң, буындары мен оларды байланыстыратын
сіңірлері кӛрінбейді. Бұлшық еттері толық, қомақты, мойны қысқа, кеудесі мен
жотасы кең, жалпақ, семіруге бейімді болады. Олар ауыр жүк жұмысына лайық
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: