39
қойылған мақсатына байланысты сұрыпталған мал басын жұптастыруды
біртоғалық, яғни
гомогенд
і, немесе әртоғалық, яғни
гетерогенді
принциптерге
сүйене отырып жүргізеді. Асылдандыру ісіндегі бағытты сұрыптау мен жұптау
нәтижелілілін арттыру үшін алынған ұрпақ сапасын бағалайды.
Мал түлігі әр түрлі бағыттағы ӛнімді тұқымдарға бӛлінеді. Мал түлігінің
тұқымына шыққан тегі бір, физиологиялық, морфологиялық және шаруашылық
белгілерінің ұқсастығы бар, ұрпағына ӛзінің тұқымдық белгілері мен ӛнімдік
қасиеттерін тұрақты түрде ұзақ уақыт беріп тұратан мал тобы жатады. Бір
тұқымға жататын малдың дене пішімі, тӛлділігі, ӛнімі, бояуы және кӛлемі
жӛнінен айырмашылығы аз, басының саны сұрыптау мен жұптау жұмысын
жүргізуге жеткілікті болуға тиіс. Ол үшін, П.Кулешовтың пікірі бойынша,
тұқымда кем дегенде бірнеше мың бас мал саны болуы керек. Сонғы мәліметтер
бойынша жер жүзінде тек мүйізді ірі қара малдың мыңнан астам тұқымы бар.
Олар әр жердің жергілікті ауа-райы жағдайына бейімделе, сұранысы жоғары
ӛнім ӛндіру бағытында шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: