Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Таза тұқым өсіру
. Таза тұқымды малға бір тұқым түрінен ӛрбіген сол 
тұқымға тән морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық белгілері бар 


42 
малдарды жатқызады. Таза тұқым ӛсіруді бір тұқымға жататын малды бір-
бірімен шағылыстыру арқылы ұрпақ ӛрбіту арқылы іске асырады.
Таза тұкым ӛсіру әдісі негізінен асыл тұқымда малдардың тұқымдық және 
ӛнімдік қасиетін сақтау және әрі қарай ӛрбіту мақсатында жүргізіледі. Таза асыл 
тұқымды малдардың тұқымдық қасиеттерін сақтау олардың арасында сұрыптау 
мен жүн таңдау жұмыстарының жүргізу деңгейіне байланысты. Таза тұқым 
ӛсіру арқылы ғана ӛзіндік ерекше қасиеті бар мал тұқымын сақтап, оны әрі 
қарай жетілдіруге мүмкіншілік туады. Таза тұқым ӛсіру арқылы алынған 
малдың тұқымдық қасиеті жоғары болады. Олар ӛзінің ӛнімдік қасиетін 
ұрпағына тұрақты бере алады. 
Таза тұқымды мал ӛсіру үшін сол тұқым түрін әр малдың шыққан тегін 
ӛнімділігін, физиологиялық, морфологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. 
Бір тұқымның түрі малында жұп таңдау мен сұрыптаудың түпкі мақсатта 
жүргізілуіне және олардың жалпы тегінің ӛскен ортасының бірлігіне 
байланысты кӛптеген ұқсастық болады. Осыған орай олардың бір-бірімен ретті 
шағылыстырылған малдардың ұрпақтарында ұқсастық ұрпақтан ұрпакқа беріліп 
ұлғая береді, олардың жеке ӛзіне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді 
қасиеттерін ұрпағына беру қабілеттілігі күшейе түседі. Бұның түпкі негізінде - 
мал тұқымын таза ӛсіргенде сұрыптау бағытында белгілердің пайдалы 
гендерінің саны кӛбейіп, олардың әрқайсысының гомозиготалылығы арта 
түседі. Бұл таза тұқым ӛсіру әдісінің биологиялық мәні мен генетикалық әсері. 
Таза тұқым ӛсірудің тиімді әдістеріне аталық іздер мен енелік ұялар 
жатады. Аталық із немесе енелік ұя әдісімен ӛсіру малдың тұқымдық түрін ең 
ӛнімділігі мол малдардың тұқымын әрі қарай дамытуға және ӛнім қасиетіне 
қарай жұптауға, оларды азықтандыру мен күтіп бағу жағдайын туғызғанда 
тұқым ерекшеліктері дамуын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Аталық із бен 
енелік ұя тобындағы әр малдың жеке айырмашылығы болады. Мысалы, 
сиырдың тұқым түрінің ішінде сүтті кӛп беретін және сүтінің майлылығы 
жоғары топты аналық ұя немесе аталық із арқылы сол ерекшелігін, қойларда 
жүнінің ұзындығын, тығыздығын және талшығының жіңішкелігін, шошқаларда 
тӛлділігі, тез жетілуі және сүттілігін дамытуға болады. Аталык із желісі деп бір 
атадан тараған аталық тұқым малдың сол атаға және бір-біріне туыстық 
қатынасын және негізгі ӛнімділік ерекшеліктерін кӛрсететін зоотехникалық 
құжатты айтады. 
Аталық ізбен мал ӛсірудің бірінші кезеңінде малдың генетикалық 
ұқсастығын сақтау үшін бір жақты жұптау қолданылады, екінші кезеңінде 
жұптаудың әр түрін қолдану малдың гомозиготалылығының ӛсіп кетпеуінен 
сақтандырады. Жұп таңдау кезінде аналық пен аталықты әр аталық із тобынан 
алады, жұптаудың бұндай түрін кросс деп атайды. Бұндай жұптастыру екі 
аталық із тобының жақсы қасиеттерін тұқымына берілуін қамтамасыз етеді 


43 
және мал ӛнімін арттырады. Осы жолмен алынған малдың ӛнімі мен тӛзімі 
жоғары болады. Олардың ішінен кӛбінесе жаңа аталық іздің негізін қалаушылар 
жиі кездеседі. 
Аталық із бен енелік ұя арқылы мал ӛсіру белгілі бір уақыт аралығында 
ғана жүреді, себебі олардың атасының және анасының тұқым қуалаушылық 
қасиеттері олардың немерелері мен шӛберелерінен алыстаған сайын әлсірей 
береді. Сонымен тұқым түрін түзелу жүйесінде кәрі аталық ізбен аналық ұяның 
жойылуы жаңа аталық із бен енелік ұяның пайда болуына әкеледі. 
Аутобридинг, инбридинг.
Мал тұқымын асылдандыру жұп таңдау мәселесі 
бірінші орында тұрады. Осы жұпты таңдау мәселесінде кӛрініс беретіндер 
жақын туыстарды жұптастыру, яғни инбридинг және туыс емес малдарды 
жұптастыру болып табылады. Туыс емес малдарды жұптастыру мал 
шаруашылығында аса қиындықтар туғыза қоймайды. Ал жақын туыстық 
шағылыстырудың кӛптеген жағымсыз жақтары орын алатындықтан оған тыйым 
салған. 
Бірақ тұқымдық малдың аса қажет қасиеттерін дамытып, ұрпағына берілуін 
күшейтуде Р.Беквелл, кейінірек ағайынды Коллингтер инбридингті шебер 
қолданудың нәтижесінде біршама жетістіктерге де жетті. Мысалы, әйгілі 
шортгорн сиыры мен ағылшынның таза тұқымды жылқысын шығаруда бұл әдіс 
ұтымды қолданылады. Алайда инбридинг тұқым генотипін кедейлендіріп, кері 
әсер ететіндіктен оған Ч. Дарвин қарсы шығып былай деп жазды:
 
"
Егер мал 
бірдей жагдайда бағып-күтілетін болса, онда жақын туыстар аралығында 
бірнеше ұрпақ бойына созылып келе жатқан тұрақты шагылыс барлық. 
жағдайда дерлік малдың ӛспеуіне, әлсіздік пен бедеулікке әкеліп соқтырады 
". 
Генетикалық, кӛзқарас тұрғысынан инбридинг ұрпақ гендерінің 
гомозиготтығын арттырып, нәсілдік қасиеті біртектене түсіреді. Туыстас малды 
ӛзара шағылыстырғанда олардың ұрпағында жақсы қасиеттерінің де, жаман 
қасиеттерінің де гендер гомоиготтығы артады және алынған ұрпақтың 
гендерінде туыстас малдың тегіне генетикалық ортақ ұқсастығы кӛбейеді. 
Шағылыстырылатын жұптың генотиптік құрамының ұқсастығының ӛсуі 
ұрпағының тіршілікке бейімделуі мен ӛнімділік қасиеттерінің тарылуына 
соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет