Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Малды төлдету
.
Мал басын кӛбейту немесе ӛсіруді ұйымдастыру үшін сол 
шаруашылықтағы аналық малдың буаздығын бақылап, тӛлдегеннен кейінгі 
жағдайын қадағалайды. Бедеу саулықтар қайта ұрықтандырылып, ал бір ай 
ішінде нәтижелі ұрықтанбағандарының себебі анықталады. Мал буаздығын 
анықтау барысында ұрықтанбаған малдың қысыр қалу ссбебін тауып, 
бедеуліктін алдын алу шаралары қарастырылады. 
Мал буаздығы мен бедеулігін екі әдіспен анықтайды: 


51 
А) Клиникалық әдіс: 
а) рефлексологиялық; б) сыртқы бақылау; в) ішкі 
ректалді не вагиналді зерттеу арқылы 
Б) Зертханалық әдіс: 
а) цервикалдық; б) қанды, зәрді, сүтті зерттеу, 
гормондарды анықтау арқылы.
Тӛлдеу буаз малдың жүйке жүйесі арқылы жүретін күрделі физиологиялық 
үдеріс. Тӛлдеу барысында малдын жатырынын бұлшық еттері мен қарнының 
және анасының ағзасының бұлшық еттерінін жиырылуынан жатырдағы ӛсіп 
жетілген тӛлді, қағанағы және қағанақ суымен бірге сыртқа итеріп шығарылады. 
Шаруашылықта буаз мал мен жаңа туған тӛлге арналған арнайы жабдықталған 
бӛлмелері бар мал тӛлдейтін қора болуға тиіс. Қораның іші құрғақ, таза, жақсы 
желдетілетін, керекті құрал-жабдықтармен жабдықталған және едені жылы болу 
керек. Бӛлмеде мал тӛлдетуге қажетті дәрігерлік қорапшалар мен қиын 
толдейтін малдардын тӛлін қабылдауға арналған құрал-жабдықтар қойылады. 
Қорада кӛлемі 3 х 3,5 м арнайы жабдықталған мал тӛлдейтін орын 
қарастырылады. Онын алдында малды күнделікті қыдыртатын аула болады. 
Мал тӛлдетушілер арнайы санитарлық-малдәрігерлік ережелермен танысып
мал тӛлдетудің әдістерін меңгереді. Қораға бӛгде адамдардың кіруіне тыйым 
салынады. Тӛлдейтін малдың күнделікті дене қызуын ӛлшейді. Қызуы 
кӛтерілген малды дереу басқа бӛлмеге немесе қораға ауыстырады. Тӛлдеуіне 
бірнеше күн қалғанда малды тӛлдеу алдындағы бӛлмеге ауыстырып, алдын-ала 
клиикалық зерттеуден ӛткізеді. Оның желіні мен емшектерінің жағдайына 
ерекше кӛңіл аударады, сыртқы жыныс жолдары мен құйрық, сауыр және 
шаптарын дәрімен залалсыздандырады. Тӛлдеуге бір екі күн қалғанда малды 
тӛлдейтін бӛлмеге ауыстырады, осы бӛлмеде малды тӛлдетіп, тӛлдегеннен кейін 
күні күтіп бағады. Тӛлдегеннен кейін ең басты нәрсе тӛлдін жолдасын (послед) 
мал жеп қоймауы үшін дер кезінде жинап, аулақ жерге кӛмеді. Мал жатырында 
оның қалдықтары қалмағанына кӛз жеткізеді. 
Тӛлдеген малды бірнеше күнге дейін сауықтыру үрдісін жүргізіп, әр түрлі 
аурудың алдын алу күресін жалғастырады. Табиғи жағдайда тӛлдің кіндігін 
анасы тісімен тістеп қиып, қағанақ жарылмаса тісімен жарып тӛлді жалап оның 
аяғынан тез тұрып кетуін қамтамасыз етеді. Ал қолдағы малдың тӛлдеуіне 
қадағалап, кажетті жағдайда жәрдем берген дұрыс. Жаңа туған тӛлді тез арада 
таза жаймаға орап, сүртіп тазартады. Оның тыныс жолдарын сілекейден 
тазартып, кіндігін кеседі, терісіндегі сілекейді сүртіп кептіреді, енесінің уызын 
емізеді. 
Дүниеге келген тӛл аяқтану кезінде анасының емшегін емуге талпынады, 
сондықтан тӛл ауызданбай тұрып анасының желінін 3% бор қышқылының 
ерітіндісі мен немесе қайнатылған сумен жуады. Ал анасынан сүт шықпаған 
жағдайда басқа малдың уызымен немесе 1 л сүтке 15 г балық майын, 10 г таза ас 
тұзын, 2-3 жұмыртқа қосып қоретендіреді. Жаңа тӛлдеген малдың күтімі жақсы 


52 
болу керек. Тӛлдегеннен кейін оны жылы әрі құрғақ бӛлмеде ұстап, бірінші 
күндері ӛте жоғары сапалы қоректілігі жоғары азықты аздап береді, себебі 
малдың ішек қарын жүйесі берілген азықты қорытып сіңіре бейімделуі қажет. 
Тӛлдеген малдың күнделікті екі peт қызулығын тексеріп тұрады. 
Аналық 
пен 
аталық 
малдың 
бедеулігінің 
(бесплодие) 
дұрыс 
ұрықтандырылмай, дұрыс азықтандырылмауы, күтіп бағылмауы себеп болады. 
Бедеулікті жою мал ӛсімталдығын (плодородие), яғни аналық және аталық 
малдың тұрақты түрде ұрпақ беруге қабілеттілігін, аналықтың ӛсімталдығын 
(плодовитость самок), яғни аналықтың бір тӛлдеу уақытында алынатың тӛлдің 
санын ӛсереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет