59
Құс етін ӛндіру мен сапасын анықтауда мал түліктерінікі мен
салыстырғанда ӛзіндік ерекшеліктері бар. Құстың ӛсу кезеңдерінде олардың
бағып-күту мен азықтандыру деңгейіне сол кезеңдегі тірілей салмағы мен
ӛнімділігіне сәйкес түзетулер енгізу үшін ӛсірілетін жалпы санының 1 пайызын
ӛлшеп тұрады. Балапандарын апта сайын, сақайғандарын екі апта сайын
ӛлшейді. Жұмытртқалағыштығы құстың ӛсу жылдамдығына жарық режимінің
ықпал ететінін де ескеру қажет.
Құс етінің түрлерінен тауық еті, күркетауық еті, үйрек пен қаз еті және
мысыр тауығы, бӛдене секілді басқа да құс еті ӛндіріледі. Құстың ет
ӛнімділігіне оның тірілей салмағы мен сойыс салмағы және етінің сапасына
қарай баға береді. Сақа тауықтарды - бір жасында, тауық балапандарын - 9-, 20-,
34- апталығында, күркетауық балапандарын - 13-, 17- апталығында, қаз
балапандарын 9-, ал үйрек балапандарын - 7-апталықтарында ӛлшейді.
Барлық құс түрін бағалағанда олардың белгілі бір жасқа дейінгі
ӛміршеңдігін, ӛнім бірлігіне (1000 дана жұмыртқаға немесс 1 кг салмақ
қосуына) жұмсалған азық шығынына (құрамажем мӛлшеріне), ӛніп-ӛсу
қасиеттеріне (жұмыртқа- лағыштығы, жұмыртқаларының ұрықтануы, балапан
шығымы т.б.) есепке алады.
Жұмыртқа ӛнімін есептеу және бағалау.
Тауықтың жұмыртқалағыштығы
белгілі бір мерзімде (бір айда, 300- немесе 500-күндігінде, бір жылда, бүкіл
тіршілігінде)
салған
жұмыртқа
санымен
анықталады.
Тауық
жұмыртқалағыштығын бағалағанда келесі кӛрсеткіштерді ескереді: 1) Салынған
жұмыртқа саны; 2) Бір жұмыртқаның орташа салмағы; 3) Белгілі бір мерзімдегі
жалпы жұмыртқаның салмағы: 4) Мекиеннің алғашқы жұмыртқа салған жасы;
5) Жұмыртқа салу жиілігі; 6) Үзілісіз жұмыртқа салу мерзімі; 7) Салынған
жұмыртқа сапасы.
Шаруашылықта жыл басындағы бір тауық басына шаққандағы немесе жыл
бойындағы
орташа
бір
тауық
басына
шаққандағы
орташа
жұмыртқалағыштығын анықтайды. Ол үшін бір жылда жиналған барлық
жұмыртқаны басындағы тауықтар санына немссе жыл бойындағы орташа тауық
санына бӛледі.
Асыл
тұқымды
құс
шаруашылықтарында
әр
тауықтың
жұмыртқалағыштығы жеке есептеледі. Мекиендердін жұмыртқалағыштығына
бағалағанда олардың алғашқы жұмыртқа салған жасына жете мән беріледі,
ӛйткені жылдам жетіліп, ерте жұмыртқа салған тауық сол жылы кӛп жұмыртқа
береді. Алғашқы жұмыртқаны тауық мекиендері - 120-180- күндігінде, үйрек
пен қаз мекиендері - 250-300-күндігінде, күркетауық мекиендері — 200-250-
күндігінде салады.
Достарыңызбен бөлісу: