Әдебиеттері ғылымында кейіпкер портретін жасауға қашанда жете мән беріледі. Портрет жасаудың классикалық үлгілеріде азх емес



бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі17,8 Kb.
#184710
  1   2
Байланысты:
Кейіпкердің портреті мен психологиясын жасау барысындағы ізденістер атты үшінші тарауда көркем шығармадағы кейіпкер портретін жасау мен психологиялық талдау проблемасы
ескі кітаптар эл, анимациялық сабақ механика

Кейіпкердің портреті мен психологиясын жасау барысындағы ізденістер атты үшінші тарауда көркем шығармадағы кейіпкер портретін жасау мен психологиялық талдау проблемасы – әдебиеттанушылар мен көркем сөз иелері үшін шиеленісті күрмеуі көп мәселелердің бірі екендігі сарапталған.


Әдебиеттері ғылымында кейіпкер портретін жасауға қашанда жете мән беріледі.Портрет жасаудың классикалық үлгілеріде азх емес.Бірақ соған қарамастан,кейіпкердің сыртқы келбетіне онша мән берудің керегі жоқ,ең басты мәселе оның ішкі жан дүниесін толыққанды етіп суреттей білу керек деген пікірлерде айтылып қалады.Қалай болған күндеде көркем шығармада портреттін атқаратын рөлін ешқашан жоққа шығаруға болмайды.Бір назар аударатыны – қазақ балалар прозасында бұл мәселеге жіті қараушылық тенденциясы басым.кейіпкер портреті жасалмайтын шығармалар кемде кем.Қандай да бір прозалық туындыны алып қараған жағдайда кейіпкердің сыпт пішіні суреттелетіні байқалады.Мәселе автордың сол портретті жасау шеберлігіне қатысты.балаларға арналған шығарма болғасын,портретті жеңіл-желпі етіп жасай салуға болады деген ұшқары түсініктің барын да теріске шығармаған жөн.Қайталана берген потреттік детальдар біртіндеп таптаурын тіркестерге,штампқа айналып кете береді.Бұл- қаламгердің шығармашылық ізденісін өсірмейтін,дайын көркемдік өнімдерді сол қалпы пайдалана салуға бейімдейтін құбылыстар.Ал жоғарыда талданып отырған шығармаларда портрет мәселесіне деген қаламгерлік көзқарастар қандай екендігі еріксіз толғандыруы тиіс.
Көркем шығарма негізінен адамның жан дүниесін,мұндағы буырқанған түрлі құбылыстарды ашуға құрылатын болғандықтан,көбінесе кейіпкердің сыртқы бейнесіне жете мән беріле қоймайтын жағдайларда кездеседі.Соның бір мысалы Сапарғали Бегалиннің шығармаларынан аңғарылады.
Енді осы жерде талданып отырған туындыларда кейіпкердің эстетикалық факторларды қабылдауының қалай суреттелуімен бірге оның сыртқы пішіні қалай жасалған деген мәселеге назар аудару қажет.Өйткені кейіпкердің кескін келбетін,яғни,портретін жасау да көркемдік мұқтаждығы,оған көзжұмбайлықпен қарауға болмайды.Осы жөнінде филология ғылымдарының докторы Ә.Нарымбетов: «Көркем шығармадағы адам бейнесін айқындайтын көркемдік компоненттердің бірі – портрет.Портрет әдебиеттің барлық жанрларында түгелдей қолданыла бермейтіні де мәлім.Портрет негізінен,прозалық,поэзиялы шығармаларда,әсіресе,сюжеттік эпикалық туындыларда қолданылатын бейнелеу құралдарының бірі»(21,259 б.) деп тұжырымдайды.
Ойымызды жинақтай келе,қазақ балалар прозасында портрет жасауға деген үш түрлі үрдістің бар екендігін айтуға тура келеді.Оның біріншісі-қалыптасқан классикалық үрдіс.Яғни,адамның сыртқы пішінін тым тәптіштеп жатпай,қысқа ғана суреттеп кету.Бұл арада автор бұрыннан бар дайын көркемдік детальдарды қолдануға бейім болып келеді.Ішінара өз тарапынан бірен-саран детальдарды шығармашылықпен қосып отырады.Шығармалары талданып келе жатқан қаламгерлер арасынан бұндай жазушыларға жататындар – Б.Соқпақбаев,С.Сарғасқаев және Т.Нұрмағанбетов.
Екінші топтың өкілдері – портрет жасауға жаңаша үрдіспен қарайтындар немесе бұрыннан кездесіп қалатын батыс әдебиеті үлгісіндегі кейбір модернистік бағыттағы жазушыларға тән ұстанымдарға еліктеушілер.Бұлар портрет жасауды түрлендіріп,жаңашалауға тырысады.Әрине,олардың барлығы бала образын жасауда сәтті бола бермеуі әбден мүмкін.Дегенмен әдеби дайындығы бар оқырмандар ондай тәсілді онша жатсына да қоймайды.Бұл топтың айқын өкілі ретінде М.Қабанбаевты айтып өткен орынды.Ал үшінші топтағыларға портрет жасауға салақ қарайтын немесе оған мән бермейтін жазушылар жасар еді.Оның айқын өкілі – С.Бегалин.
Психологиялық иірімдерді аттап өте отырып,кейіпкердің жан дүниесіне қатысты жағдайларды қаперге де алмастан,толыққанды көркем бейне жасау мұмкін емес.Бала кейіпкерді предмет предмет етіп алған қаламгер осындай ерекшеліктермен санаса білуі,сөйтіп шығармашылық қиялға берілгені абзал.Жас адамның адами болмыс-бітімін көркем сомдаудың ұңғыл-шұңғылы,қыр-сыры көп.Бұл тұрғыдан алып қарағанда әдебиеттанушы ғалымдардың түрлі түйіндеулері мәселеге сергектікпен қарауды талап етеді.Мәселен,балалардың жан дүниесіне бойлауға ұмтылу,детальдарды,штрихтарды және т.б. көркемдік құрал-тәсілдер мен бояуларды кейіпкердің психологиясына тереңдеп тануға жетелейтін кілт есебінде пайдалану,психологизмге ден қою.«Әрине,бұлайша бөлу шартты.Өйткені жазушы табиғат туралы немесе баланың характері,тарихи дәуір,ілеуметтік әрекеттер, т.т. барлығындада кейіпкердің психологиясы бейнеленетіні сөзсіз»(22,68 б.) деген Б.Ыбырайымның қазақ балалар жазушылары шығармаларына тікелей қаратып айтылған.
Осы тараудағы талдаулар қазақ балалар жазушыларының туындыларында бала психологиясын жете ашу міселесінде елеулі табыстар барын дәлеледейді.Ол табыстардың өзі бірнеше көркемдік аспектіде байқалатынын айта кеткен жөн.

Ең алдымен,балалар прозасында психологиялық талдау тәсілі жақсы қалыптасқан.Жас кейіпкер психологиясы көбінесе ширыққан тартыстар үстінде немесе қол қою оқиға барсында ашылып отырады.Бір жағы тартыс пен оқиға кейіпкер психологиясын,мінез-құлығын ашудағы көркем құралы ретінде көрінеді.Тұлғаның әдебиеттегі жасалауы осынау көркемдік факторлармен байланысты екені сөзсіз.Әдебиеттанушы ғалым С.Мақпырұлының «Көркем туындыдан ең алдымен іздейтініміз – адам оның қилы тағдыры қуанышы мен мұңы десек,ол осындай адамдық тұлғасымен ерекшеленуі үшін,әуелі белгілі бір мінезбен көрініп танысуы қажет» (23,52 б.) деген тұжырымы осы пікірді нақтылай түседі.


Екіншіден,бала психологиясын көркемдік талаптар тұрғысынан зерделеп жеткізу үшін жазушылар психологизм тәсіліне де арқа сүйейді.Бұл арада балаларға арналған туындыларда психолгизмге бой ұрудың өзіндік ерекшеліктері болатынын айта кеткен жөн.Әрбір ұлттық көркем туындыда ұлттық бояулар болу қажеттігі белгеілі.Қазақ балалар прозасындағы балалар бейнесінде бұндай-әлеуметтік көркемдік қажеттілік қалай жүзеге асырылған деген мәселенің назардан тыс қалмағаны жөн.Өмірге енді ғана араласа бастаған жас кейіпкердің қазақи ұлттық сипаты көрініс тауып отыруы замана ағымына да байланысты.Бүгігідей дүниежүзілік деңгейде рухани интеграция мен жаһандану үрдісі жедел жүріп жатқан кезеңде бала бойынан ұлттық нашандарды нақты ажыратып беру де көркемдік талап тұрғысынан аңай шаруа емес.Көркем әдебиетте образ жасаудың негізгі шарттарының бірі адам психологиясын көркемдік деңгейде көрсете білу керек екендігі белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет