106
дайындайтындықтан, оның каротині мен қоса протеині де кӛп болады да, оны
витаминді-протеинді шӛп ұны деп атайды.
Дайындалған шӛп ұнын ылғалдылығы, протеині және каротинінің мӛлшері
бойынша бағалайды. Стандартты 13,5% ылғалдылықтағы шӛп ұнында: 25%
"шикі" протеин болса – 30 балл, 23% ''шикі" протеин болса - 24 балл, 21%
"шикі" протеин болса - 18 балл, 18% "шикі" протеин болса — 12 балл, 16%-дан
тӛмен "шикі" протеин болса - 6 балл;
1 кг-да 270 мг каротин болса — 70 балл, 245 мг каротин болса — 60 балл,
225 мг каротин болса — 50 балл, 200 мг каротин болса - 40 балл, 180 мг каротин
болса - 30 балл, 155 мг каротин болса - 20 балл, 130 мг каротин болса - 10 балл
беріліп, осы кӛрсеткіштері бойынша 95 балл жинаған шӛп ұнының сапасын —
аса жақсы, 70-95 балл жинағанын ӛте жақсы, 40-70 балл жинағанын жақсы, 20-
40 балл жинағаның - канағаттанарлық деп бағалайды.
1 кг-да 0,6-0,7 а.о., 100-120 г қорытылатын протеин, 250- 280 г каротин
болатын бұршақ тұқымдастардан дайындалған шӛп ұны қорытылатын протеині
бойынша құнарлы жемге теңелсе, каротиннің сақталуы жағынан пішеннен 3-4
есе асып түседі. Оны каротин, протеин және кальций кӛзі ретінде мал
құрамажеміне қосады. Шошқа және құс құрамажеміне қосылған шӛп ұны оның
желінуін реттестіретін клетчатка кӛзі ретінде де қолданылады.
2.9-сурет – Түйіршіктелген шӛп ұны
Достарыңызбен бөлісу: