43
және мал ӛнімін арттырады. Осы жолмен алынған малдың ӛнімі мен тӛзімі
жоғары болады. Олардың ішінен кӛбінесе жаңа аталық іздің негізін қалаушылар
жиі кездеседі.
Аталық із бен енелік ұя арқылы мал ӛсіру белгілі бір уақыт аралығында
ғана жүреді, себебі олардың атасының және анасының тұқым қуалаушылық
қасиеттері олардың немерелері мен шӛберелерінен алыстаған сайын әлсірей
береді. Сонымен тұқым түрін түзелу жүйесінде кәрі аталық ізбен аналық ұяның
жойылуы жаңа аталық із бен енелік ұяның пайда болуына әкеледі.
Аутобридинг, инбридинг.
Мал тұқымын асылдандыру жұп таңдау мәселесі
бірінші орында тұрады. Осы жұпты таңдау мәселесінде кӛрініс беретіндер
жақын туыстарды жұптастыру, яғни инбридинг және туыс емес малдарды
жұптастыру болып табылады. Туыс емес малдарды жұптастыру мал
шаруашылығында аса қиындықтар туғыза қоймайды. Ал жақын туыстық
шағылыстырудың кӛптеген жағымсыз жақтары орын алатындықтан оған тыйым
салған.
Бірақ тұқымдық малдың аса қажет қасиеттерін дамытып, ұрпағына берілуін
күшейтуде Р.Беквелл, кейінірек ағайынды Коллингтер инбридингті шебер
қолданудың нәтижесінде біршама жетістіктерге де жетті. Мысалы, әйгілі
шортгорн сиыры мен ағылшынның таза тұқымды жылқысын шығаруда бұл әдіс
ұтымды қолданылады. Алайда инбридинг тұқым генотипін кедейлендіріп, кері
әсер ететіндіктен оған Ч. Дарвин қарсы шығып былай деп жазды:
"
Егер мал
бірдей жагдайда бағып-күтілетін болса, онда жақын туыстар аралығында
бірнеше ұрпақ бойына созылып келе жатқан тұрақты шагылыс барлық.
жағдайда дерлік малдың ӛспеуіне, әлсіздік пен бедеулікке әкеліп соқтырады
".
Генетикалық, кӛзқарас тұрғысынан инбридинг ұрпақ гендерінің
гомозиготтығын арттырып, нәсілдік қасиеті біртектене түсіреді. Туыстас малды
ӛзара шағылыстырғанда олардың ұрпағында жақсы қасиеттерінің де, жаман
қасиеттерінің де гендер гомоиготтығы артады және алынған ұрпақтың
гендерінде туыстас малдың тегіне генетикалық ортақ ұқсастығы кӛбейеді.
Шағылыстырылатын жұптың генотиптік құрамының ұқсастығының ӛсуі
ұрпағының тіршілікке бейімделуі мен ӛнімділік қасиеттерінің тарылуына
соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: