Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет3/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

Пішен үлгісін алу. Пішен үлгісі ол дайындалғаннан кейін 30 тәулік өткеннен соң алынады. Майланбаған пішеннен қолмен не үлгі алғышпен маяның әр жерінен 200-250 г тартатын, әр 5 т-дан 4 сынама үлгісі алынады. Тайланған пішеннің әр теңінен бір сынама алынады. Ол үшін теңді сым не шпагаттан босатып, шөпті сындырмай әрі қиқымдамай, әр теңнен бір-бір қабаттан, яғни біріншісінің бір қабатын, екіншісінің келесі қабатын, т.е. етіп үлгі алады. Сонда бастапқы сынама салмағы 4-5 кг тартады. Оны 2x2 м брезентке салып, сындырмай әрі киқымдамай ептеп араластырады да, кемінде 10 жерінен 90-100 г орташа үлгі іріктейді. Араластырған кезде пайда болған қиқым мен үзілген сынықтарды да орташа үлгіге қосады. Үлгіні нығыз тығындап зертханаға жібереді. Зертханада орташа үлгі толтырылған кұжаттарына сәйкес журналға тіркеледі.
Сүрлем мен пішендеме үлгісін алу. Олардың біртекті шикізатпен толтырылған партияларынан (мұнара, ор, шұңқыр) сүрлем не пішендеме салынғаннан 4 аптадан кейін алады. Ол үшін арнайы үлгі алғыш сүңгі қолданылады. Үлгі сынамаларын ордан кемінде 2 м тереңдіктен, ал пішендеме қалындығы 2 м-ден кем болғанда тұтас қабатынан алады. Мұнаралардан сынаманы алдымен үстіңгі 2 метрлік қабаттан, ал оны ойып алғаннан кейін, қалған кабатынан алады.
Бастапқы үлгіге үш сынама: біріншісі ғимараттың 5 м қашықтықтағы көлбеу бөлігінің ортасынан, екіншісі — тік қабырғалы орда, оныңұзына бойы ортаңғы бөлігіндегі қабырғалардың бірінен 0,5 м, ал көлбеу қабырғалы орда 1 м қашықгықтан, үшіншісі — ордыңортасынан 0,5 кг-нан алып, полимер жаргаққа салады. Сынамаға ордың 20 см, мұнараның 1см үстіңгі қабатының сүрлем мен пішендемесі алынбайды.
Алынған сынамалар үлгісін араластырып, шаршылы бөлу тәсілімен орташа үлгі алынады. Нығыз полимер қапшыққа не аузы ауа жібермей жабылатын тығынды шыны ыдысқа салынған сүрлем сынамасына 1:1 ара қатынасындағы 5 мл-лік толуолды хлороформ қосылады. Консервантты үлгінің түбіне, орта шеніне жөне бетіне құяды. Қапшықтың ауасын шығарып, аузын байлайды. Пішендеме үлгісі алғаннан кейінгі тәулік бойында зерттелуі тиіс. Оған дейін оны тоңазытқышта сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет