Көк азық үлгісін алу. Көкшөп сынамасы жер отының сипаты мен жер бедерін ескере отырып алынады. Көк балауса үлгісі шық кепкеннен кейін және күн батқанда алынады. Жер оттылығы әртүрлі болса, шабындықты не жайылымды біртектес учаскелерге бөледі. Әр шабындықтан аумағы 1 га учаскені бөліп алып, өлшемі 1 м210 сынамалык бөлікті карастырады. Әр бөлік шөбін жерден 3-5 см биіктікте шауып алады. ІІІабылған әр бөліктің 10 жерінен бір жолғы үлгі алып, бастапқы үлгі құрастырылады. Егер оның мөлшері 3-4 кг асса, мұқият араластырып 1,5-2 кг шамасында орташа үлгі алып, полиэтилен қапшыққа салады.
Зертханаға келіп түскен көк балауса үлгісін тез ұсақтап, кептіру үшін шаршылау принципі бойынша 0,5-0,8 кг үлгіні іріктеп алады. Өсімдік торшаларындағы фермантативтік үрдісті тоқтату үшін, үлгіні 4 сағаттан кейін кептіру шкафына салып, 80° температурада 30-40 минут ұстайды. Содан кейін екі өлшеу аралығындағы айырым кемінде 0,5 г болғанға дейін 60-65°-та кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |