2.3.2. Қоректілікті азық өлшемімен бағалау
Қазіргі кезде мал азығы қоректілігінің өлшемі ретінде 1923-33 ж.ж. проф. Е.А.Богданов ұсынысымен қабылданған сұлы азық өлшемі қолданылады. 1 сұлы азық өлшемі ретінде1 кг орта сапалы сұлы дәнінің бордақылаудағы сақа өгіз денесіндегі 148,8-150 г май байламына тең өнімдік әсері алынған. Азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалау үшін олардың май байлаушылық әсерін осы өлшем бірлігімен салыстырады. Қоректік заттардың май байлаушылық неміс ғалымы О.Кельнер 1893 жылдан бастап, 18 жылжүргізген жүзге жуық респирациялық тәжірибелерінде анықтаған. Негізгі, өгіз мұқтаждығын қамтамасыз ететін, рационға қосымша протеин ретінде бидай дәнінің клейковинасын, май ретінде жер жаңғағы майының эмульсиясын, көмірсулар ретінде крахмал, науат пен целлюлозаны үстемелеп қосқандаолардың, яғни қорытылатын "таза" азық заттардың май байлаушылық әсері (констаталары) келесідей болған: протеиндікі - 235 г, ірі азық майынікі - 474 г, дәнді азық майынікі - 526 г, май дақылдары дәнінің майыныкі- 598 г, көмірсулардікі - 248 г/кг.
О.Кельнердің тәжірибесінде тікелей зерттелген 16азықтың майбайлау коэффициенттерімен есептелінген тек кейбір азықтардың (жүгері дәні мен картоп) майбайлау әсері нақтылы азықтандыру жүзіндегі майбайлау мөлшеріне сәйкес, көбінікі ол мөлшерден алшақтанған. Және де бұл алшақтық азық құрамында клетчатка молайған сайын ұлғая түскен(пішендікі 37%, сабандікі 80%). Сондықтан, азықтарды нақтылы майбайлау мөлшерін табу үшін есептелген, яғни майбайлау мөлшеріне, клетчаткалы көк және ірі азыққа«клетчаткаға шығару»,ал клетчаткасы аз дән мен тамыр-түйнектерге"құнарлылық коэффициенттері" түрінде түзету енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |