Білім деңгейін тексеру сұрақтары
Азық қорытылуын анықтау тәсілдері. Қорытылу коэффициентінің формуласы? Қорытылуға әсер ететін жағдайлар. Қоректілікті қорытылатын қосындысымен бағалау. Қорытылған энергияны қалай есептейді. Мал азығындагы протеиндік қатынас мөлшері, оны есептеу? Қорыту барысында қай тәсілдермен бақылайды? Азот пен көміртек балансы. Азыққоректігінің көрсеткіштері. Қазіргі кездегі азық қоректілігінің сұлы азық өлшемі, оның өнімдік әсері. 1 кг қорытылатын май көмірсулардың майбайлау коэффициенті. Сұлы азық өлшемін азықтарға "клетчаткаға шығару", қай азықтарға құнарлылық коэффициенті қолданылады? Ірі және көк азықка қолданылатын" клетчаткаға шығару" мөлшері.
Азық алмасу энергиясын есептеу. Биологиялық тұрғыдан толық бағалы, толық азықтандыруды қалай түсінесің? Қоректік заттар құнарлылығын немен бағалайды? Дұрыс азықтандырмау салдарынан туатын аурулар атауы. Жергілікті жемшөпте жетіспейтін элементтен туындайтын аурулар атауы.
Азық протеиндік қоректілігі мен құнарлылығы. Шектік ауыспайтын аминқышқылдары. Күйісті малдың қорытылатын протеинге мұқтаждығын қай мөлшерде қосындылармен қамтамасыз етуге болады? Месқарын микроорганизмдері. Қант-протеиндік қатынас. Ол қай аралықта болуға тиіс?
Қорытылған 1 гмайдың, көмірсудың, протеиннің энергетикалық қуаттылығы. Протеиннің жаққандағы және қорытылғандағы энергетикалық қуаттылығындағы айырмашылық неге байланысты? Майдың энергетикалық қуаттылығына қоректік заттардікінен неше есе жоғары?
Мал азығындағы қышқыл-сілтілік қатынас қандай болуға тиіс? Мал азығы күлінің реакциясы кандай болуға тиіс? Неге? Ac қорыту жолында қай микроорганизмдер басым болғаны жөн? Месқарында кандай қосындылар түзіледі? Азық жалпы қоректілігі немен бағаланады? Қышқыл жөне сілті элементтер?Биогенді микроэлементтер.Кельнерұсынғанқоректілікті бағалау жүйесіЭнергетикалық азық өлшемі. Сұлы азық өлшемінің мал байланымы. Күйісті мал, шошқа ішек газдармен азыктың қанша энергиясын шығындайды? Олардың ас қорытуындағы алмасу мен қорытылған энергия арақатынасы қандай. Мал мен құс денесінде азотты заттар қай қосындыға дейін ыдырайды? Көмірсулар гликоген түрінде қай мүшеде жиналады? Алмасу барысында затгардың бір-біріне қарсы және бір-біріне жұғымды себептестік әсері не деп аталады? Қорытылған белок, көмірсулар қай қосынды түрінде сіңіріледі. Алмасу барысында көмірсулар қай қосындыларға дейін ыдырайды? Азот балансы оң, ал көміртегі балансы теріс денеде қандай өзгерістер орын алады? Месқарында көмірсулар қай қосынды түрінде сіңіріледі?
IІI. АЗЫҚТАР
Азықтарға құрамында игерімді түрде қоректік заттар шоғырланған, мал денсаулығы мен өніміне зиянсыз өсімдік, жануар, микроб тектес өнімдерді, минералдық және витаминдік қосындыларды жатқызады. Мал азығына бұл азықтар мен қоса синтетикалық қосындылар да пайдаланылатындықтан оларды азықтық құрал (кормовые средства) деп те біріктіріп атайды.
Азық қоректілігі мен шаруашылық пайдаланымы, біріншіден, құрамының энергетикалық куаттылығы, протеинінің биологиялық құндылығы, минералды және биологиялық пәрменді заттарға қаныққандығымен айқындалса, екіншіден, желінуі мен малға жұғымдылығы, яғни диетикалық қасиеттеріне байланысты бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |