Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет39/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

2.4.2. Азықминералдық қоректілігі

Минералды элементтер мал организімінде маңызды қызмет атқарады. Олар организмдегі түрлі қосындылар, мысалы... кальций, магний, калий, натрий тұздары сүйек, фосфор - нуклеин қышқылдары, фосфопротеин, фосфатид-күкірт - күкіртті аминқышқылдары, хлор - қарын сөлінің тұз қышқылы,темір - гемоглобин, мыс - гемокупреин, гемоцианин,перулоплазмин, тотықтыру ферменттері, мырыш, инсулин, кобальт - цианкобаламин, йод - тироксин, йодтиреоглобулин құрамына кіреді.


Сонымен қатар минералды элементтер тұздары, коллоидтік жүйелермен организм сұйықтары мен тоқымаларының8 атмосфераға жететін осмостық қысымы, ал фосфатыжәне карбонатты буферлік жүйелермен қышкыл-сілтілік теңдігін қамтамасыз етуге қатысады. Na+, К+, Са++,Mq+t иондармен иондық теңдікті қалыптастырып, торша сұйығымен түрлі импульстар берілуін, энергия мен су алмасуынторшааралық мембрана өткізгіштігін реттестіреді. Бірқатар элементтер ферменттердің пәрменділігін арттыратын коферменттікқызмет атқарады.
Азықминералдық қоректілігі тіршілікке қажетті, яғни биогенді минералдық элементтердің мал мұқтаждығына жеткілігімен оңтайлы арақатынасымен бағаланады. Биогендіминералдық элементтерге азықтағы мөлшері кг/гесептелетінмакроэлементтер (macros... грекше... көп, үлкен) кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор және мөлшерікг/мг не тіпті мкг есептелінетін микроэлементтер (грекше... аз, кіші) темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, т.б. жатады. Бұл элементтердің қатары жалғасуда, өйткені биосфера қабаттарында элементтердің шашыранды түрде таралуын айғақтайтын академик Вернадскийдің биогеохимиялык іліміне сәйкес, өсімдік пен жануар денесінде барлық химиялық элементтер кездесуі керек. Оларды ашып, биологиялық қызметін анықтау –ғылым мен зерттеу әдістерінің дамуымен байланысты алдағы уақыт мәселесі.
Бүгінгі күні жемшөп пен мал денесінің құрамында 70-ке тарта химиялық элемент табылып, бірқатарының қызметі айғақтала бастады. Олардың қатарына молибден, фтор, никель,ванадий т.б. шартты биогенді ультрамикроэлементтер жатады.
Биогендік элементтер түрлі қосындылар құрамына кіріп (фосфор - аденозинфосфаттардың, темір - гемоглобин-кобальт - цианкобаламиннің, йод - тироксиннің, кальций, сүйектің т.б.), организмде өздеріне тән биологиялық қызмет атқарумен қатар, зат алмасуының биохимиялық үрдісінеқажетті гомеостаздық жағдай (оңтайлы рН, буферлік сиымдылық, қышқыл-сілтілік қатынас, осмос қысымы, иондык теңдік, т.с.с.) туғызуға қатысады.
Осы жағдайларды қамтамасыз ету үшін мал азығымен минералды элементтер қажетті мөлшерде және қорытылуына ыңғайлы арақатынаста жеткізілуі керек. Өйткені минералды элементтер өзара бір-бірінің сіңіріліп, игерілуіне себептесетін синергистік немесе керісінше кедергі туғызатын антогонистік қатынаста болады. Осы тұрғыдан алғанда, жақсы сіңіріліп, игерілуі үшін Са : Р арақатынасы 1,5-2 : 1, Na : К арақатынасы 0,4-0,5, ал азық күлінің реакциясын (рН) айқындайтын қышқыл Р,S, СІ және сілті Са, К, Na, Mg элементтерінің грамм-эквиваленттік (г-экв) қатынасы 0,8-0,9 болуға тиіс. Бұл мал азығы күлінің қажетті сәл сілті реакциясын (рН = 7,2-7,4) қамтамасыз етеді.
Элементтің грамм-эквиваленті валенттігін атом массасына бөлу арқылы шығарылатындықтан, қышқыл-сілтілік қатынасты (ҚСК) сол элементтердің мөлшері (г) бойынша есептеуге болады:
ҚСҚ = 0,097 Р + 0,062 S + 0,028 Сl
0,05 Са + 0,0256 К + 0,044 Na + 0,082 Mq
Макроэлементтермен қатар, мал азығында микроэлементтерде жеткілікті болуға тиіс. Бұның әсіресе биосферасында, ал содан барып мал жайылымында, микроэлементтер жетіспеушілігі байқалатын Қазақстан үшін маңызы зор. Биогенді микроэлементтер жетіспеген жағдайда мал түрлі эндемиялық ауруға шалдығады. Олардың қатарына йод жетіспеушілігінен туатын эндемиялық алқым ісігі, кобальт жетіспеушілігінен туатын гипокобальтоз, темір, мыс жетіспеушілігінен туатын қан азаюы (анемия), марганец жетіспеушілігінен туатын перозис, селен жетіспеушілігінен туатын бұлшықет ағаруы, т.б. жатады.
Эндемиялық ауруға шалдықтырмау үшін мал азығының әр 1 құрғақ затында 100 мг темір, 6,2 мг мыс, 24,0 мг мырыш, 50,0 мг марганец, 3,2 мг кобальт, 0,20 мг йод шоғырланып, олардың йодқа қатынасы, осы ретпен, 200, 31, 120, 250 және 1,1 болуын қамтамасыз ету керек.
Қазақстан жері дүниежүзілік Мұхиттан алыс, шөлейт және шөлді болып келетіндіктен, биосферасында йод бастаған бірқатар маңызды микроэлементтер жетіспеушілігі орын алады. Мысалы, республиканың оңтүстік-шығысындағы мал азығында йод, кобальт, мыс, мырыш пен марганец жетіспеушілігін профессор Н.Омарқожаұлының (1995) көптұзды қоспасын қолдану арқылы жоюға болады:
Қоспа ингредиенті сиырға саулыққа Қоспа ингредиенті Сиырға Саулыкқа
Ас тұзы, кг.............. 90-92 90-92 К/қыш. марганец, г ... 400 200
Азықтық сірне, кг......4-54-5 К/кыш. мырыш, г...... 600 400
Крахмал, кг.............. 2-3 3-4 Хлорлы кобальт, г....... 20 10
Күкіртқышмыс, г ... 200 120 Йодты калий, г............. 8 4

Жетіспеушілігімен қатар мал азығында микроэлементтерден тыс көп шоғырланғаны да зиянды. Мысалы, никеліАқтөбе өңірінің жайылымындағы мал "никельдік соқырлық" дец аталатын көз ақауына, Жамбыл өңірінің фторы қойжайылымдағы мал флюорозға шалдығады.



  1. тапсырма. Күнделікті 5 кг жайылым отымен 11 г ас тұзын (Na-39%, Сl - 57%) жеген саулық азығының минералдық құрамын бағалап, ол туралы тұжырым жасаңдар.

Мал азығының минералдық құрамын бағалау



Көрсеткіш

Сілті элементтер

Қышқыл элементтер

Са

К

Na

Mg

Р

S

Сl

Азықпен енгені:
5 кг шөппен, г
11 г ас тұзымен, г
Барлығы, г






















2 Элемент грамм- эквиваленті






















3 Элемент г-экв мөлшері






















4 Сілті г-экв қосындысы






















5 Қышқыл г-экв қосындысы






















6 Қышқыл-сілтілік қатынас






















7 Са: Р қатынас
























2-тапсырма.Саулықазығындағы қышқыл-сілтілікқатынасты элементіайналдыру коэффициенттері арқылы есептеңдер
3-тапсырма. Жайылым отындағы микроэлементтер мөлшерін деңгейімен салыстырыңдар. Олардың йодқа арақатынасын есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет