2.5. Азық қоректілігін кешенді бағалау
Азық қоректілігін бір, жалпы көрсеткішпен бағалау мүмкін емес. Оның протеиндік, майлық, көмірсулық, минералдық, витаминдік қоректілігінің көрсеткіштері - қоректілігінің әр қырын бөлектеп, бөлшектеп айғақтайтын көрсеткіштер. Олардың әр қайсысы азық қоректілігінің әр қырын сипаттайды. Тіпті, жалпы қоректілік көрсеткіші ретінде алынатыназық өлшемі мен алмасу энергиясы да тек алмасу барысында энергия өндіретін қоректік заттарға негізделгендіктен, азық қоректілігін, яғни оның организм мұқтаждығын толық қамтамасыз ету қасиетін, жан-жақты сипаттай алмайды. Өйткені, азықтың қоректілік қасиеті құрамындағы барлық қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарына, олардың қорытылуына, сіңірілуіне, алмасу барысындағы қарым-қатынасына тәуелді өзгереді. Сондықтан, азық қоректілігін толық айғақтау үшін, оның қоректілігін жан-жақты, кешенді түрде бағалау қажет.
Азық қоректілігін кешенді бағалауда, барлық қоректілік көрсеткіштерін анықтап, оларды бір-бірін толықтыра, ас қорыту, зат алмасу және өнім түзу зандылықтарымен ұштастыра отырып жүзеге асырады. Ол үшін қазіргі кезде азықтың азық өлшемі не алмасу энергиясымен берілген жалпы, яғни энергетикалық қоректілігін, азық құрамындағы құрғақ заты, ондағы шикі және қорытылатын протеині, оны ауыспайтын аминқышқылдары, ауыспайтын май қышқылдары, жеңіл ыдырайтын көмірсулары, биогенді макро- және микроэлементтері, маңызды витаминдері бойынша тетіктелген 24-40 көрсеткішпен толықтырады. Бағалауды азық протеинінің ерігіштігі, шектік ауыспайтын аминқышқылдары, қант-протеиндік, қышқыл-сілтілік қатынасы және сапасын сипаттаумен, азықты малға жегізу нәтижесін, яғни қоректілігі мен құнарлылығын бақылаумен толықтырады.
Малға жегізілген азық қоректілігі қорытылып, зат алмасу барысында игерілген қоректік затының энергия өндіру мен организм тіршілігі және өнімге қажет қосындылар түзуімен, яғни азықтандырудың нәтижесімен айғақталады.
Азықтандыру қоректілігінің іс жүзіндегі нақтылы да аякқы нәтижесі - мал өнімділігі, яғни төддің өсіп-жетілуі, аналық бас төлдегіштігі, оның сақталып, дұрыс дамуы, сиыр сүттілігі, мекиен жұмыртқалағыштығы, қой жүнділігі, бордақылаудағы бастың салмақ қосымы, т.е. Экономикалық тұрғыдан мұның маңызды корсеткіші - өнім бірлігіне, яғни кг сүт, салмақ қосымы, жүн, жұмыртқа өндіруге жұмсалған әдетте азық өлшемімен есептелінетін азық шығыны табылады.
Мал азығының қоректілігі төмен болған жағдайда төлөсіп-жетілуі тежеліп, сақа мал өнімділігі төмендейді, өнімсапасы нашарлайды. Азық сапасы мен құнарлылығы нашарболса, мал тәбетсізденіп, ас қорытуы бұзылып, іші өтіп тышқақтап, сырт пішіні салғырт тартып, жүні үрпиіп жылтырлығын жоғалтып, қимылы баяулап, буындары ісіп арықтайды. Тұқымдық мал жөнді күйленбей, буаз малдың іш тастауы жиілейді,құс жұмыртқасының қабығы сапасызданып, одан балапан шығымы төмендейді.
Жете бақылағанда мал қорегіндегі қоректік зат, тіпті жетелегенвитамин мен минералды элемент жетіспеушілігі белгісін айғақтауға болады. Мысалы, жекелеген аминқышқылдарының жетіспеуінен төл өсуі тежелсе, кальций жетіспеуіненолардың буындары ісіп, аяқтары майысып рахитке, сақа малостеопороз бен остеомаляцияға, темір жетіспеуінен қан азаюына, йод жетіспеуінен алқым ісігіне, т.е. шалдығады. Азығында кальций жетіспеген құс жүмыртқасының қабығы жұқарып марганец жетіспеген балапан перозиске ұшырайды.
Қазақстанда кең тараған жергілікті жемшөпте минералдық элементтер жетіспеуінен туындайтын эндемиялық аурулар белгілері мен сипатын Н.Омарқожаев, А.Егеубаев, М.Байтурин, Ә.Ермаханов, Қ.Нуршин, Е.Ф.Дымко (Алматы, 1992) жариялаған «Мал микроэлементоздарын айқындау және алдын алужөніндегі ұсыныстар»дан білуге болады.
Азықтандырудың сыртқы белгілері бойынша мал азығыныңқоректілігі туралы жалпы тұжырымдауға болады.Мал мен құстың сырт пішінін байқағанда терісінің жағдайы мен жүннің (қауырсыны) жылтырлығына, тұяқтарының бүтінідігінде, буындарының ісімегендігі мен аяқ қоюына, жалпы көңілкүйі мен қимылына, тәбетіне, тыныстануына, зәр мен тезегінің түр-түсіне, т.б. жағдайларына көңіл бөледі.
Бірақбұл белгілер құнарсыз азықпен малды біршама азықтандырғаннан кейін ғана білінеді. Ал, оған дейін олар сырт көзге байқалмайтын субклиникалық түрде өрістейді. Организмдегі зат алмасу мен мал өнімділігіне тигізер зияны көп. Мұндай алиментарлық яғни азықтандыру салдарынанорын алатын өзгерістерді дер кезінде байқау үшін, интерьерлік (гематологиялық, биохимиялык) көрсеткіштерін бақылайды.
Мысалы, А-гиповитаминозын, Са, Р жетіспеушілігін ең алдымен бауыр мен қансарысуындағы, жұмыртқа сарысындағы витаминінің (6-8 мкг/г), қабығындағы Са мөлшерінен аңғаруға болады. Қалыпты жағдайда бұл минералдық элементтер мен витаминдердің мал организміндегі деңгейікелесі мөлшерде болуға тиіс:
Мал түлігі
|
Қан сары суында, мг%
|
Бауырда, мкг/г
|
Са
|
Анорг. Р
|
Каротин
|
А дәрумені
|
А дәрумені
|
Бұзау Сиыр
Қой
Жылқы
Торай
Мегежін
Тауық
|
11-12,5
10-12,5
0-13
12-14
11-14
10-14
17-35
|
6-7,5
4,5-6
4,5-6
3,5-5
5-7,7
5-7,7
4,8-8
|
0,1-0,6
0,4-1
жоқ
0,3-0,5
жоқ
жоқ
0,1-0,3
|
10-23
қыста 5-80 жазда 0,9-2,8
30-50
11-17
20-100
50-100
150-250
|
20-80
170-200
40-150
15-60
50-190
30-150
110-ға дейін
170-670
|
1-тапсырма.Әр азық тобынан (жайылым оты, екпе көкшөп, пішен, сабан, сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер, астық тұқымдастар дәні бұршақ тұқымдастар дәні, кебек,күнжара мен шрот, азықтықашытқы, етсүйек ұны, балықұны бір азық. Қоректілігін кестеге жазып, салыстырыңдар. Қоректік көрсеткіштерін азықтағы 1 кг құрғақ зат пен 1 азықөлшеміне шағыңдар.
Азық қоректілігі
Көрсеткіш
|
1 килограмында
|
|
|
|
|
Азық өлшемі
Алмасу энергиясы, МДж
Құрғақзат, кг
Шикі протеин, г
Қорытылатын протеин, г
ІІІикі жасұнық, г
Крахмал, г
Кант, г
Шикі май, г
Ас тұзы, г
Кальций, г
Фосфор, г
Магний, г
Калий, г
Күкірт, г
Темір, мг
Мыс, мг
Мырыш, мг
Марганец, мг
Кобальт, мг
Йод, мг
Каротин, мг
Д дәрумені, х.ө.
Е дәрумені, мг
|
|
|
|
|
2- тапсырма. Жазылған азықтарды протеиінінің су мен тұзда еритін бөлігі, ауыспайтын аминқышқылдары, В тобының витаминдері бойынша сипаттаңдар.
3- тапсырма. Азықтардағы қант-протеиндік және қышқыл-сілтілік есептеп, қалыпты жағдайдағы нормасымен салыстырыңдар. қатынастардың нормадан ауытқуының зиянды әсеріне тоқталыңдар.
4- тапсырма. Кафедрадағы мал мен құс суреттері және слайдтарынан азық жетіспеушілік белгілерін анықтап, талқылаңдар.
5-тапсырма. Оку-тәжірибелік шаруашылықтағы мал мен құс түріндегі, өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынымен танысып, азықтандыру жағдайы жайында тұжырым жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |