ІVМАЛДЫ МӨЛШЕРЛЕПАЗЫҚТАНДЫРУ
4.1. Малды мөлшерлеп азықтандыру жүйесі
Шаруашылықтағы мал денсаулығын сақтап, өсіп-өнуі менөнімділігін арттыруды нормалап, организмнің сыртқы ортадан енетін қоректік заттарға мұқтаждық көрсеткіштеріне малдың жеген азығының қоректілігін сәйкестендіріп, мөлшерлеп азықтандыру негізінде іске асырады. Мал мен құс мұқтаждығына сәйкес азықтандырған жағдайда ғана үнемді жұмсалған азық шығынымен мал және құс басының арзан да жоғары өнімдігін қамтамасыз етуге болады.
Организмнің зат алмасу барысындағы тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім түзу қажеттілігінен туындайтын мұқтаждық көрсеткіштері азықтандыру нормасы арқылы белгіленеді. Ол көрсеткіштер түлік түріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен тұқымына, физиологиялық ахуалы мен тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты өзгереді.
Мал мұқтаждығы азық өлшемі, қорытылатын протеин,ас тұзы, кальций, фосфор, каротин бойынша 6 көрсеткішті қамтитын жалпы азыктандыру нормасымен, ал қажетті және мүмкіншілік болған жағдайда бұл корсеткіштерге қосымша «шикі»протеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, макро- жәнемикроэлементтер мен маңызды витаминдер мұқтаждығын толықтырылған 18-30 көрсеткіштерді қамтитын тетіктелген азықтандырунормасымен(детализированные нормы кормления) белгіленеді. Бұл азықтандыру нормалары бүгінгі күнге "Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных" (Мәскеу, Агропромиздат баспасы, 1985) анықтамалығынан алынады.
Азықтандыру нормасына негіздеп азықтандыру рационын, яғни әр малға жегізілетін жемшөп көлемін құрастырады. Рациондағы азықтар мөлшері мал түлігінің ас қорыту ерекшелігін ескере отырып,қоректік заттарға мұқтаждығы азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қамтамасыз етуі қажет. Рацион құрылымын, яғни оған кіргізілген жемшөп топтарының жалпы қоректілігіне пайыздық арақатынасы, қорытуға оңтайлы, көзделген өнімділікті өсіруге бағыттап құрастырады.
Мал түріне, жасына, жынысына. физиологиядық ахуалы мен өнім бағытына, өнімділігіне сәйкес азықтандыру рационы құрылымына белгілі мөлшерде шырынды, ірі және құнарлы азықтар кіреді. Айталық, күйісті малдың ас қорыту жолын кернеп, рецепторларын тітіркендіріп, қоздырып, қарын моторикасы мен ішек перистальтикасын дұрыстау үіпіц 20-25 кг шырынды азық берілген салмағы 400-500 кг сиырға кемінде 4-5 кг, яғни салмағының әр 100 кг 1 кг аса ірі азық берілуі керек.
Ал өзінің қиын қорытылуымен қатар басқа қоректік заттар қорытылуына да кері ықпал ететін "шикі" клетчатканың шамадан тыс деңгейін шошқа азығында 14-17%, құс құрамажемінде 4-6% (балапан мен тауық жемінде)6-10% (күрке тауық пен қаз жемінде) аспауын қадағалайды.
Мал түлігінің ас қорыту ерекшілігіне, өнімдік және жастық-жыныстық тобына сәйкестендіріле кұрастырылатын рацион құрылымын, яғни негізгі азық топтарының жалпы қоректілік, яғни азық өлшемі не алмасу энергиясымеи өлшенетін энергетикалық арақатынасы 4.1-кестеде.
4.1-кесте.Түрлі мал түлігінің рацион құрылымы (жалпы қоректілігіне %)
Мал түлігі мен жас-жыныс тобы
|
Азықтар тобы
|
|
ірі азық
|
шырынды азық
|
құнарлы азық
|
Мүйізді ірі қара малына
|
Тәуліктік сауымы 6-10 кг сауын сиырда
|
20-14
|
75-70
|
10
|
-*- 11-15 кг -*-
|
19-16
|
70-65
|
15
|
- * - 16-20 кг - * -
|
16-15
|
65-60
|
10
|
7-5-айлық танада
|
24
|
57
|
25
|
10 12.....- * -
|
24
|
54
|
22
|
|
20
|
64
|
16
|
16-18 - * -
|
20
|
65
|
15
|
Суалған буаз сиырда
|
30-40
|
40-30
|
10-20
|
Тұқымдық бұқада
|
35-25
|
30-20
|
45-50
|
Қ о й малына
|
Буаз саулықта
|
40-60
|
10-5
|
10-20
|
Қозысын емізетін саулықтікі
|
35-50
|
20-15
|
15-25
|
Тұқымдық қошқардікі
|
30-35
|
10-5
|
40-50
|
Ж ы л қы малына
|
Буазбиеде
|
55
|
15-5
|
30-40
|
Құлынын емізетін биеде
|
45
|
30-15
|
25-40
|
Тайда
|
30-25
|
10-5
|
60-70
|
Құнанда
|
40-35
|
15-5
|
45-60
|
Дөненде
|
35-30
|
10-5
|
50-65
|
Үйірдегі тұқымдық айғырда
|
40-30
|
10-5
|
50-65
|
Үйірден тыс кездегі айғырда
|
45-40
|
15-5
|
40-50
|
Жұмыстан бос кездегі жылқы малында
|
35-80
|
65-20
|
-
|
Жеңіл жұмыстағы жылқы малында
|
40-60
|
40-15
|
20-30
|
Орташа жұмыстағы жылқыда
|
35-50
|
30-10
|
35-45
|
Ауыржұмыстағы аттікі
|
25-40
|
20-5
|
50-55
|
Ш о ш қ а да
|
Жем-картоппен азықтандырғанда
|
10-8
|
27-17
|
60-75
|
Жем - тамыржемістілермен азық-да
|
9-7
|
20-15
|
70-78
|
Жеммен азықтандырғанда
|
7-5
|
17-12
|
75-83
|
Ескерту.
1.Төмен сауымды сиырға шырынды азықтың 1/3, орта сауымдысына 2/3, жоғарысына - 1/2 бөлігін тамыржемістілермен толықтырады; мүйізді ірі қарарационында сүрлем мен ірі азықты пішендемен алмастыруға болады: жазғы кезеңде шырынды және ірі азықты көк азықпен ауыстырады;
2.Мал өнімділігі өскен сайын рационда аумақты азық үлесі кемітіліп, орнына құнарлы азық үлесі молайтылады; тұқымдық төл рационында құнарлы жем мөлшері 10-15% өсірілсе, ұрық алынатын бұқа жеміне 5-10% жануар тектес азық қосылады;
3.Шошқа рационында жасұнықкөзі ретінде шөп ұны беріледі, ал жемінің құрамында 3-5% жануар тектес азық қосылады; жазда жем үлесі 75-90%-ға дейін жеткізіліп, шырынды, ірі азық орнына көк азық беріледі.
1-тапсырма. Анықтамалықтан тірілей салмағы 500 кг, тәуліктік сауымы14 кг сауын сиырдың, тірілей салмағы 600 кг, жылдық сүттілігі 5000 кгсуалған буаз сиырдың, тірілей салмағы 300 кг, тәуліктік салмақ қосымы 1000 гбордақылау ірі қараның,тірілей салмағы 1000 кг орта жиілікте ұрық алынатын тұқымдық бұқаның азықтандыру нормасын анықтаңдар.
2-тапсырма. Тәулігіне 5 кг шалғын пішенін, 3 кг арпа сабанын, 20 кг жүгерісүрлемін,8 кг азықтыққызылшаны, 1 кг бидай кебегін, 1 кг арпа дәнін сауын сиыр рационының құрылымын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |