Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет71/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

4.2.1. Сүтті сиырды азықтандыру

Сүтті сиыр бұзаулауы аралығының, яғни сауымы басталуы кезеңін қамтитын 11-12-айлық өндірістік айналым (производственный цикл) кезеңіне сәйкес азықтандырылады. Өндірістік айналым бойындағы сүтті сиыр азықтандырылуы физиологиялық ахуалынасәйкестіріледі. Айналымның алғашқы 10 айға созылатын сауым кезеңінде (лактационный период) сиыр сүттілігіне басым көңіл аударылса, соңына қарай дамитын 9-айлық буаздық кезеңінде (стельный период)туар алдындағы ұрық жетілуіне көңіл аударылады. Сауымының 3-4-айынанбасталатын сиыр буаздығының алғашқы 1-6 айында маусым мен буаздық кезеңдері бір-біріменқабаттасып келетінескереді. Сауын сиыр азықтандыру нормасы жасына,физиологиялықахуалына,тірілей салмағына, қондылығы мен сүттілігіне сәйкес анықталады(4.2-кесте).



4.2 – кесте. Сауын сиыр азықтандыру нормасы

Тірілей салмағы 400 кг



Тәуліктік сүт сауымы, кг

8

10

12

14

16

Азық өлшемі

8,0

9,0

10,0

11,0

12,0

Құрғақ зат, кг

10,7

11,6

12,6

13,1

14,1

Қорытылғанпротеин, г

760

890

1000

1100

1200

Қанты, г

500

750

900

990

1080

Ас тұзы, г

52

60

68

76

84

Кальций, г

52

60

68

76

84

Фосфор, г

36

42

48

54

60

Магний, г

17

18

19

20

22

Калий, г

60

67

74

81

88

Күкірт, г

20

22

24

26

28

Темір, мг

640

720

800

880

960

Мыс, мг

65

77

90

100

110

Мырыш, мг

440

520

600

660

720

Марганец, мг

440

520

600

660

720

Кобальт, мг

4,8

6,9

7,0

7,7

8,4

Йод, мг

5,6

6,8

8,0

8,8

9,6

Каротин, мг

320

385

450

425

540

Двитамині, мың х.ө.

8

9

10

11

12

Евитамині, мг

320

360

400

440

480

Тірілей салмағы 500 кг



Тәуліктік сүт сауымы, кг

10

12

14

16

18

Азық өлшемі

9,6

10,6

11,6

12,6

13,6

Құрғақ зат, кг

13,2

14,1

14,9

15,8

16,5

Қорыт. протеин, г

940

1060

1160

1250

1360

Қанты, г

800

955

1045

1135

1225

Ас тұзы, г

65

73

81

89

97

Кальций, г

65

73

81

89

97

Фосфор, г

45

51

57

63

69

Mагний, г

21

22

23

25

26

Калий, г

75

82

80

90

103

Күкірт, г

25

27

29

31

33

Темір, мг

770

850

930

1010

1090

Mыс, мг

82

95

105

115

122

Мырыш, мг

566

635

695

756

815

Марганец, мг

566

635

695

756

815

Кобальт, мг

6,3

7,4

8,1

8,8

9,5

Йод, мг

7,7

8,5

9,3

10,1

10,9

Каротин, мг

410

475

520

565

655

Д витамині, мың х.ө.

9,6

10,6

11,6

12,6

13,6

Е витамині, мг

385

425

465

505

545



Ескерту:Кестеде келтірілген азықтандыру нормалары орта коңдылықтағы, сүтінің майлылығы 3,8-4 % сақа сиырларға арналған. Басқа майлылықтағы сүт сауымын нақтылы май пайызына көбейтіп, 4-ке бөлу арқылы 4-пайыздық сүтсауымына айналдырады.

Сауын сиыр тіршілігін қамтамасыз етуге, орта есеппен, әрбір 100 кг тірілей салмағына шаққанда - 1 а.ө. (салмағы 450 кг-ненасса - 0,9 а.ө., 450 кг-нан төмен болса - 1,1 а.ө.), майлылығы 4% 1 кг сүтке - 0,5 а.ө. ( майлылығы 3,5% сүтке – 0,44 а.ө.) қажет. Сүт майлылығының 0,5%-ға өзгеруіне азықтандыру нормасы, тиісінше, 0,03-0,05 а.ө. жоғарылатылыпнемесеазайтылып өзгертіледі.


Өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажын мен әр түрлі себептермен арықтаған сиырға кестеде келтірілген азықтандыру нормасы қосымша 1 кг салмақ қосьшына 5 а.ө. көлемінде жоғарылатылады. Айталық, тәулігіне 200 г салмақ қосуына азықтандыру нормасы 5 х 0,2 = 1 а. ө. жоғарылатылады. Сауын сиыр нормасының эр 1 а. ө.-де 95-105 г қорытылатын протеин, 6,5-7,5 г ас тұзы, 6,5-7,5 г Са, 4,5-5,3 г Р, 40-50 мг каротин болуға тиіс.
Кестеде келтірілген азықтандыру нормасы орта қондылықтағы сақа сиыр сауымының негізгі (ортаңғы) қызметі кезеңіне арналған. Сауымның алғашқы 2-3 айындағы сүтейту кезеңінде сиыр сүттілігін күн сайын 2-3 кг-ға арттыру үшін, азықтандыру нормасы қосымша 1-1,5 а. ө. жоғарылатылады, яғни сиыр нақтылы сауымына аванс ретінде үстемеленіп, ал сауымның аяққы, суалту кезеңінде азықтандырудың жалпы қоректілік деңгейі сақтала отырып, тәртібі мен құрылымын өзгерту арқылы 10 ай (305 тәулік) сауылған сиыр буаздығының соңғы 7-9 айында 45-60 күнге суалтылады.
Буаз сиыр екі мақсатпен суалтылады:
1) сүтқоректілер буаздықтың биологиялық даму зандылығына сәйкес эмбрионалдық дамудың соңғы үштігінде жедел дамып, көлемі мен салмағы жағынан күрт ұлғая бастайтын ұрықты (болашақ бұзауды) қоректік заттармен толығырақ (сүт түзуіне жырмай) қамтамасыз етіп, жақсы дамып, жетілген, салмақты, өміршең бұзау тудыру үшін;
2) сауым бойында мыңдаған кг сүт түзіп, күрделі биологиялық қызмет атқарған сиыр организімін демалдыру бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауымға сиырденесінің протеиндік, витаминдік, минералдық қорын толықтыру үшін.
Суалтылу мерзімі өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажын мен арықтаған және жоғары сүтті сиырларға біршама (10-15 күнге) ұзартылады. Суалтылған буаз сиырдың жүйке-гуморальдық жүйесінің қызметі өзгеруінен, сүт түзуі бәсеңдеп болашақ бұзау болатын ұрық дамуы күшейеді де, қоректік заттарға мұқтаждығы артады - әр 1 а.ө.-не 110 г қорытылатынпротеин, 6-6,2 г ас тұзы, 9-9,5 г Са, 5,5-5,7 г Р, 45-55 каротин келуі керек. Суалған кезеңдегі буаз сиыразықтандыру нормасы жылдық сауымы мен тірілей салмағынасәйкес анықталады (4.3-кесте).
Суалтылған буаз сиырды желіндетпеу үшін суалтылған кезеңнің 1-онкүндігінде азықтандыру нормасын - 20% төмендетіп, 2-онкүндігінде - 100% деңгейіне жеткізіп, 3-4 онкүндіктерінде - 120% жоғарылатады да, 5-онкүндігіне қайта- 100% деңгейіне түсіріп, 6-онкүндігіне тағы да - 20% төмендетеді.

4.3-кесте.Суалған буаз сиырды азықтандыру нормасы



Көрсеткіш



Жылдық сүт сауымы, кг

3000

4000

5000

Тірілей салмағы, кг

400

400

500

500

600

Азық өлшемі

6,6

7,9

8,8

9,9

10,7

Құрғақ зат, кг

9,4

9,6

11,0

11,6

12,6

Корытылатын протеин, г

785

850

970

1090

1175

Канты, г

580

775

980

1060

1180

Ас тұзы, г

40

45

55

60

70

Кальций, г

60

70

90

95

1 !0

Фосфор, г

35

40

50

55

65

Магний, г

16

17

20

21

23

Калий, г

53

58

66

70

76

Күкірт, г

18

19

22

23

26

Темір, мг

460

540

615

695

. 750

Мыс, мг

65

75

90

100

105

Мырыш, мг

330

385

440

495

535

Марганец, мг

330

385

440

495

535

Кобальт, мг

5,1

5,4

6,2

6,9

7,5

Йод, мг

5,1

5,4

6,2

6,9

7,5

Каротин, мг

295

385

440

495

535

Двитамині, мың ХӨ

6,6

7,8

8,8

10,9

11,8

Евитамині, мг

265

310

300

395

430

Дұрыс азықтандырылған буаз сиыр тәулігіне 800-900 г салмақ қосып, суалтылған кезеңде жалпы тірілей салмағы 10-15% артуы керек. Сонда эмбрионалдық кезеңінде дұрыс дамыған бұзаусалмағы туылғанда енесінің тірілей салмағының 7-9% жетеді.


Азықтандыру нормасында келтірілген сиыр мұқтаждық көрсеткіштерін оның физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне сәйкестіріп құрастырылған, сүттілігін арттыратын азықтандыру рационымен қамтамасыз етеді. Ол үшін, сауын сиыр рационы қоректілігінің жартысына жуығын (жалпы қоректілігібойынша40-60%) сүттілігін арттыратын шырынды азықтармен (100 кгтірілей салмағына шаққанда 4-4,5 кг, оның 1/3 қызылшамен) қалғанынқал-ыптыас қорыту барысын қалыптастыруға, яғни күйіс қайыруға, қажетті ірі азықпен (100 кг тірілейсалмағана шаққанда 1-1,5 кг, оның 1/3 сабанмен) және сүітілігіне сәйкестендіріп (1 кг сауымға шаққанда 100-400) құнарлы жеммен береді.Желінетін азық мөлшеріне сиырды біртіндеп, 10-15 тәулікте көлемнен бастап дағдыландырып барып үйретеді.
Сиырдың рацион азықтарын жей алу шамасы тірілей салмағына, ірілігіне байланысты келеді. Оның көлемін құрғақ затының тірілей салмағына шаққандағы деңгейімен есептейді. А.П.Дмитроченко (1972) дерегі бойынша, әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты, 100 кг тірілей салмағына сауын сиыр 3-4,5 кг жемшөп құрғақ затын жей алады (4.4-кесте).

4.4 – кесте.Сауын сиырдың жемшөп қүрғақ зат жеу көлемі



Рацион құрамы

Жасы, ай

Тірілей салмағы, кг

Тәулігіне 1 басқа, кг

Сауымның
қызған кезеңінде

Сауымның аяққы кезеңінде

Қ ы с т а

Пішен, сүрлем, тамыржемістілер

60-70

500

16-18

10-12

Пішен мен сүрлем

55-62

500

15-17

10-11

Сүрлем мен жем

48-55

490

13-14,5

9-10

Ж а з д а

Көк балауса

55-60

480

14-15

Ескерту:Сүт өндіру кешендеріндегі сауу жылдамдығына сәйкес сүт түзу үшін ондағы сауын сиырлар 8-10 минутта 2-2,5 кг ұнтақталған немесе 3 кгтүйіршіктелген (2-2,5 кг күрғақ зат көлеміндегі) жем жей алулары керек.

Рационындағы шырынды азықтың 1/3 бөлігін қорытуда тез ыдырап, сіңірілетін қант пен крахмалға бай тамыржемістілермен беру арқылы, ас қорыту жолындағымикрофлора дамуына оңтайлы 1-1,2:1аралығындағы қант-протеиндік қатынас (ҚПҚ)қалыптасады. Жақсы дамыған алдыңғы қарын микрофлорасы желінген азықтың аммиак түріндегі ыдыраған азотын ұтымды игеріп, өсіп-көбейеді өз ретінде,қарынмикрофаунасындағы қарапайымдылар қорек болады. Соңғылары химуспен ұлтабармен іші өткенде ас қорыту сөлінің ферменттерімен ыдыратылып қожайын болып келетін сиыр организмін аминқышқылды тұрғыдан құнарланған белокпен қамтамасыз етеді. Осымикробиологиялық түзу жолымен 1 газоттан 2,6 гқорытылатын биологиялық тұрғыдан бағалы, яғни ауыспалы аминқышқылдарымен байытылған, протеин түзілетіндіктен азықтық азоттық қосындылардың протеиндік эквивалені 2,6-ғатеңестіріледі. Осы жолмен өтетін симбиоздық құбылысты пайдаланып, сауын сиыр азығындағы қорытылатын протеин жетіспеушілігінің 25-30% карбамид, аммиакты су секілді химиялық азотты қосындылармен толықтыруға болады. Олардың берілетін мөлшеріне малды біртіндеп, тәулігіне берілетін жемшөбіне аздап, мұқият араластыра отырып дағдыландырады.


Азық азотты қосындыларымен қатар желінген жем-шөптің жасұнығын жоғары қорытуы үшін, қант-протеиндік қатынаспен қатар микроорганизмдер дамуына қолайлы сәл сілтілі, яғни рН = 7,2-7,4, орта қалыптастырылуы керек. Ол үшін мал азығындағы қышқыл Р, S, СІ және сілті (Са, К, Na, Mg макроэлементтер грамм-эквиваленттері қосындыларының ара-қатынасымен айқындалатын ҚСҚ 0,8-0,9 аралығында болуға тиіс: (97хР + 62xS + 28хС1) : (50хСа + 25,6хК + 44xNa + 82xMg)
Жеке элементтерден мал азығында бір-бірімен арақатынасы 1,5-2:1 аралығында болуға тиіс Са : Р қатынасы ерекше бақыланады. Сиыр өнімділігі артқан сайын, рационындағы құрғақ зат шоғырлану дәрежесі де жоғарылатылуға тиіс. Мысалы, жылдық сауымы 3000 кг сиыр рационының 1 кг кұрғақ затында - 0,7 а.ө., яғни 8,2 МДж АЭ жеткілікті болса, 5500-6000 кг сүт сауылатын сиыр рационында - 0,9 а.ө., яғни 10,5 МДж АЭ болып, басқа да қоректік заттар деңгейі жоғарылатылуға тиіс (4.5-кесте).

4.5 – кесте.Сиыр азықтандыру деңгейінің сауымына сәйкес өзгеруі



Жылдық сауымы, кг



Рацион құрғақ затында, %

Азық өлшемі

Протеин

Қант

Жасұнық

Каротин, мг/кг

2500-3000

0,70

15

6

24-22

25

3500-4000

0,76

16

8

22-20

30

4500-5000

0,83

17

10

20-18

35



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет