Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет74/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

4.2.3. Тана-құнажын азықтандыру

Сүт кезеңінен кейінгі кезеңдегі өсіру мақсатына сәйкес бағыттандырылып азықтандырылатын тана мен құнажын азықтандыруын, тәуліктік салмақ қосымына тәуелді өзгеретін, келесі 4.12-кестеде келтірілген мұқтаждығына сәйкестендіреді.


Межелеген тірілей салмағына жеткізу үшін тана торпақтың әр өсу кезеңіндегі азықтандыру деңгейі қалыптастырып, тұқымдық ерекшілігіне сәйкес ұрықтануға жарайтын тірілей салмағына жету мерзімін қысқартады.
4.12-кесте.Тана-кұнажынның қоректік затқа мұқтаждығы

Көрсеткіш



Жасы ай

7-9

10-12

13-18

19-24

Тәуліктік салмақ қосымы, г

450

400

450

475

1 кг салмақ қосымына қажет

Азық өлшемі

6,3-7,4

7,3-8,6

9,5-12,3

12-14,4

Алмасу энергиясы МДж

54,3-65,5

67-77

92-119

120-133

1 азық өлшеміне келетін

Құрғақ зат, кг

1,2-1,25

1,25-1,28

1,25

1,25

«Шикі»протеин, г

151

146

144

140

Қорытылғанпротеин, г

98

95

92

91

Қант, г

88

85

83

81

Ас тұзы, г

6,1

6,3

6,8

7,1

Кальций, г

8,3

8,1

8,4

9,0

Фосфор, г

5,1

5

5,2

5,5

Магний, г

2,5

2,8

3,3

3,7

Калий, г

8,5

9,5

10

10,2

Күкірт, г

4,0

4,1

4,3

4,0

Каротин, мг

30

30

31

33

Сонда дер кезінде нәтижелі ұрықтанған құнажынның бұзаулауы менсауымы көбейеді. Өсіп жетіліп келе жатқан тана-құнажынныңазықтандыру деңгейі олардың белгіленген мерзімде қажетті салмақ қосуын қамтамасыз етуі керек (4.13-кесте).

4.13-кесте.Тана-құнажын азықтандыру нормасы



Көрсеткіш

Ж а с ы, ай

7-9

10-12

13-15

16-18

19-24

25-28

Тәуліктік салмақ қосымы, г

475

375

375

350

425

475

Тірілей салмағы, кг

150

190

230

260

300

380

Азық өлшемі

3,9

4,4

4,6

4,9

5,2

7,0

АЭ, МДж

38,2

38,8

41,1

46,2

60,8

66,5

Құрғақ зат, кг

4,5

5,4

5,6

6,0

6,4

7,6

Қорытылғанпротеин, г

365

405

420

435

460

755

Кант, г

330

365

380

390

415

680

Ас тұзы, г

22

26

30

35

40

53

Кальций, г

33

37

39

43

45

54

Фосфор, г

18

21

23

25 .

28

35

Темір, мг

270

325

335

360

385

455

Мыс, мг

36

43

45

48

51

61

Мырыш, мг

205

245

255

270

290

340

4.13-кестенің жалғасы

Марганец, мг

225

260

280

300

320

380

Кобальт, мг

2,9

3,5

3,7

3,9

4,2

4,9

Йод, мг

1,4

1,6

1,7

1,8

2,0

2,3

Каротин, мг

120

130

135

140

160

190

Д витамині, мың хө

2,7

3,4

4

4,7

5,4

6,5

Е витамині, мг

180

215

225

240

255

300

Ескерту.Бұл норма көрсеткіштері тірілей салмағы 400-450 кг сиырөсіруге бағытталған, тірілей салмағы 500-600 кг тартатын сиыр өсіру үшін олар 15-20% жоғарылатады.

Тана рационы өсу жылдамдығы мен салмақ қосымын сәйкес ай сайын қайта құрастырылады. Қыста тана мен құнажын рационын ірі және шырынды азықтарға, ал жазда жайылым отына негіздейді. Қыста олардың рационына, әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда, 2-3 кг пішен, 5-6 кг сүрлем енгізіп, жемшөп қорының ыңғайына қарай пішен мен сүрлемді 6-12-айлық тана басына тәулігіне - 9-14 кг, одан ересектеріне - 15-20 кг пішендемемен ауыстыруға болады. Көк азықты тәулігіне... 7-9 айлық танаға - 18-22 кг, 10-12 айлығына - 22-26 кг, 13-15 айлығына - 35-40 кг жегізеді. Жемді мүмкіндігінше үнемдеп жұмсайды. Тана азығында сапалы пішен, пішендеме, сүрлем болса, бір жасқа толғанша тәулігіне - 0,2-0,5 кг жем беріп, ал рациондағы аумақты жемшөп сапасы төмен болса берілетін жем мөлшерін молайтып - 1-1,5 -ға, ал тұқымдық еркек танаға - 2-2,5 кг-ға жеткізіп, 600-650 г тәуліктік салмақ қосымын қамтамасыз етеді. Жалпы қоректілігі бойынша рацион ірі азығының 1/3 жаздық дақыл сабанымен, буаздығының соңғы 1,5-2 айында құнажынға берілетін сүрлемнің жартысын пішендемемен ауыстыруға болады. Дұрыс азықтандырылған тана 12-айлығында туғандағы салмағын - 7,5-8 есе, 18-айлығында – 11-12 есе ұлғайтады.


1-тапсырма. Азықтандыру нормативтері бойынша тәулігіне 450-500 г салмақ қосып, 165кг тартатын жәнеде тәулігіне 350-400г салмақ қосып, 220 тартатын тананың 1 кг салмақ қосымына жұмсалатын азық өлшемі мен қорытылатын протеинін есептеңдер.


4.2.4.Мүйізді ірі қара малынбордақылау

Тұқымға қалдырылғаннан тыс тана бастарын жеделдетеөсіріп (интенсивное выращивание) етке өткізу (сою) үшін - 3-4 айға, ал сақа мүйізді ірі қара малды - 2-3 айға бордақылауға қояды. Бордақылаудағы мүйізді ірі қара малды тірілей салмағы мен жоспарланған тәуліктік салмақ қосымына сәйкесазықтандырады (4.14-кесте).


4.14-кесте.Бордақылаудағы мүйізді ірі қара мал азықтандыру нормасы
(тәулігіне 1000 г салмақ қосқанда)

Көрсеткіш

Бордақылауға қойылған салмағы, кг

200

250

300

350

400

Азық өлшемі

6,6

7,0

7,9

8,2

9,1

АЭ, МДж

55

61

69

74

85

Құрғақ зат, кг

5,6

6,4

8

9

10

"Шикі" протеин, г

960

1025

1030

1070

1210

Қорытылғанпротеин, г

960

1025

1030

1070

1210

Крахмал, г

690

730

870

905

1090

Қант, г

500

530

600

625

730

"Шикі" май, г

250

260

295

310

340

Ас тұзы, г

25

30

40

45

55

Кальций, г

30

35

43

45

49

Фосфор, г

16

20

23

26

27

Магний, г

11

14

17

19

22

Калий, г

45

54

61

68

75

Күкірт, г

20

24

26

30

31

Темір, мг

325

385

480

540

600

Мыс, мг

45

55

70

75

85

Мырыш, мг

245

290

360

405

450

Марганец, мг

215

255

320

360

400

Кобальт, мг

3,2

3,8

4,8

5,4

6,0

Иод, мг

1,6

1,9

2,4

2,7

3,0

Каротин, мг

105

140

155

170

190

Д витамині, мың хө

5

6

7

7,5

8

Е витамині, мг

135

160

200

225

250



Ескерту.Бордақылаудағы мүйізді ірі қара малдың тәуліктік салмаққосымы 1000 болмаса, орташа тәуліктік салмаққосуының әрбір 100 г айырмашылығынаазықтандыру нормасын 0,5 а.ө. есебінен қосылып не алынады.

Етке өсірілетін бұзаудың әрбір 100 кг тірілей салмағына... 1-ші айда - қоректілігі 2,4 а.ө. 1,9 кг; 2-ші айда- қоректілігі 2.1 а.ө. 1,8 кг; 3-ші айда - қоректілігі 1,4 а.ө. 2,3 кг; 4-айда - қоректілігі 1,2 а.ө. 2,5 кг; 5-6-ші айда - қоректілігі1,1 а.ө. 2,6; 6-айдан асқанда - қоректілігі 1 а.ө. 2,3-2,7 кі кұрғақ зат жегізіп, оның әр 1 а.ө.-мен... 1-3 айлығында - 125 г, ,3,-6 айлығында - 120 г, 6-9-айлығында - 110 г, 9-10-айлығында- 100 г, 12-18- айлығында - 90 г қорытылатын протеин жеткізілуін қадағалау қажет.
Мүйізді ірі қара мал бордақылауда арзан жом, барда, мезга секілді азықтық техникалық өндіріс қалдықтарын жәнесүрлем мен көк азықты кеңінен қолданады. Бордақылаудың алғашқы 20-25 күніндегі бастапқы кезеңінде малды бордақылау жүргізілетін негізгі азықты мол жеуге үйретеді. Бордақылаудың ортасындағы 40-60 күніндегі негізгі кезеңінде қолданылатын негізгі азықтымейлінше мол жұмсап, арзан жемшөп шығынымен бордақылаудағы малдың жоғары салмақ қосуын көздейді. Бордақылаудың соңғы (аяққы) 25-30 күніндегі аяққы кезеңінде негізгі азықтың тәуліктік көлемін біршама азайтып, оның орнына малдың тәбетін арттырып, ет сапасын жақсартатын пішен мен жем мөлшерін молайтады. Жазда малды арзан жайылым отына жайып семіртеді. Мүйізді ірі қарамалды бордақылау рациоңдарының үлгісі 4.15-кестеде келтірілген.

4.15-кесте.Бордақылаудағы мүйізді ірі қараны азықтандыру


рационы (бордақылауға қойғандағы тірілей салмағы — 350 кг, тәуліктік салмақ қосымы - 800-1000 г)

Азықтар

Жоммен бордақылағанда

Бардамен бордақылағанда

басында

ортасында

соңында

басында

ортасында

соңында

Негізгі азық, кг

30-40

45-40

35-30

40-45

50-45

40-35

Пішен, кг

-

-

1

-

-

2

Сабан, кг

3

3

2

4

4

1

Mелясса, кг

0,5

0,5

1

0,5

0,5

1

Кебек, кг

0,7

1,0

1,3

0,3

0,5

0,8

Жүгері, кг

0,2

0,3

0,3

0,2

0,3

0,3

Ас тұзы, г

30

40

50

30

40

50

Преци-питат, г

50

60

70

50

60

70

Кестеде жас мүйізді ірі қара мал бордақылауында берілетін жемшөп мөлшерін сақа мал бордақылағанда тірілей салмағына сәйкес бұдан да молайтып, бордақылаудың ортаңғы кезеңінде бір басқа тәулігіне берілетін жомды мөлшерін — 50-55 кг-ға, барда мөлшерін — 60-70 кг-ға жеткізіп, малдың салмақ қосымының өзіндік құны арзандатады. Мүйізді ірі қара мал сүрлеммен бордақыланса, оның тәуліктік мөлшерін бордақылаудың ортаңғы кезеңінде жас мал басына - 20-25 кг, сақа мал басына - 25-30 кг мөлшеріне жеткізеді.


1-тапсырма.Тірілей салмағы 300 кг, тәуліктік салмаққосымы 900 г қызылша жомымен бордақылаудағы бұқашық рационын жаздық бидай сабанын, арпажармасын, қант сірнесін (мелясса) қосып бордақылаудың ортаңғы кезеңіне құрастырыңдар. Нормаға жетіспеген протеин кемшілігін - карбамид, минералдық элементтер кемшілігін - қажетті кальций-фосфорлық қосындылар және микроэлементтер тұздарымен толықтырыңдар.
2-тапсырма.90күн орташа тәуліктік салмақ қосымы800 г бордақыланған өгізше басына жұмсалатын негізгі жом, барда азықтарымен, қосымша жұмсалатын пішен, сабан, жем шығынын есептеп, 1 кг салмақ қосымына жұмсалатын а.ө. өлшенетін азық шығынын шығарыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет