Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет63/90
Дата23.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#132924
түріПрактикум
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90
Байланысты:
Азықтандыру практикумы

Синтетикалық аминқышқылдары. Мал азығына микробиологиялық түзумен қатар циклогексаннан химиялық жолмен азықтық лизин мен метионин шығарады. Құрғақ заты 40-60%, лизині 20-40г/кг құрайтын сұйық және құрғақ заты 95%, лизині 90-180 г/кг құрайтын азықтық лизинде, 10-14% басқа аминқышқылдары, 20-25% минералды элементтер, 120-130 мг/кг рибофлавин, 10-13 мг/кг бетаин, 50 мг/кг никотин қышқылы, 20 мг/кг фолий қышқылы мен басқа да биологиялық пәрменді заттар болады.Азықтықметионинде 98% dL-метионин болады. Бұл қосындыларды мал азығы протеинінің биологиялық құндылығын арттыруға жұмсайды.
Күйісті мал азығында протеин жетіспеген жағдайда мочевина (карбамид, зәрлік) түріндегі синтетикалық азоттық қосындымен қатар аммоний қоскарбанаты, аммоний сульфаты, аммиак суы секілді химиялық азоттық қосындыларды пайдаланады. Олардың 1 г азотынан таз қарындағы микробиологиялық үрдіс барасында 1,2-2,8 г құнды қорытылатын протеин түзіледі.
МЕСТ 2081-63 талабына сәйкес шығарылған түйіршіктелген азықтық мочевина – (NH2)2CO – 8-10 ай жақсы сақталып, суда тез ериді. Құрамындағы 42-45% азотының 6,25 коэффициентімен есептелінген протеиндік эквиваленті -262-281 г/кг, аммиак суының – NH4OH –20-25% азотыныкі эквиваленті -103-128 г/кг, аммоний қоркарбонатының – NH4HCO -18%азотынікі – 112 г/кг, аммоний карбаматының - NH2CO2NH4 - 36% азотынікі – 225 г/кг. Бұлармен қатар азоттық қосынды ретінде күйісті мал азығына сіркеқышқылды, күкіртқышқылды аммоний, биурет пен мочевина фосфатын қолданады.
Химиялық азотты қосындылармен күйісті малдың протеинге мұқтаждығының 25-30% -ын қамтамасыз етуге болады. Оларды тек мал азығына біртіндеп енгізіп, пайда болған аммиагін немесе NH4+ таз қарын микрофлорасы денесіндегі белоктік түзуге толық игеруі үшін, соңғыларын жеңіл ыдырайтын энергия көзімен (қантпен) жеткілікті қамтамасыз ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет