136
үшінші, үшінші - төртінші, төртінші - бесінші,
бесінші - алтыншы
пробиркаларға сұйылту арқылы жүргізілді.
Соңғы (алтыншы) пробиркадан 0,5 см сұйықтықты қоректік ортаға егіп,
(37±0,5)°С кезінде 24 сағат өсірілді, содан кейін зерттеу нәтижелерін есепке
алдық (колониялардың диаметрі бойынша үлкен және кіші саны анықталды).
Ылғалдықтың салмақтық қүлесін анықтау МемСТ 24061 бойынша
жүргізілді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында құрастырылған
Экопробиотик биопрепаратын қолдануға арналған
нұсқаулығының жобасы
төмендегідей:
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1
Экопробиотик препараты ауыл шаруашылық малдары төлдерінің
асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеу және алдын алуға арналған.
Препараттың тиімділігі оның құрамындағы тірі бактериялардың асқазан-ішек
жолдарындағы адгезивтік, биологиялық қасиеттеріне байланысты.
1.2
Сұйық қоректік ортада өсірілген және қорғаныс қоректік орта
есебінде майсыздандырылған сүт қолданып кептірілген «Экопробиотик»
Lactobacillus helveticus
5-2М
және
Lactobacillus brevis 8-6М
бактериялары
негізінде дайындалған пробиотикалық биопрепарат.
1.3
Экопробиотик препараты неттолық салмағы 1-3
грамнан
сауыттарға МЕМСТ 34036 бойынша оралады, қатты қағаздан жасалған
қораптарға салынып буылады. Экопробиотик салынған әр флаконда
төмендегі мәліметтер болуы керек: дайындаушы кәсіпорынның атауы,
препараттың атауы және оның мөлшері (см
3
), серияның нөмірі,
дайындалған
уақыты, қолдану мерзімі.
Әр қорапта көрсетілуі керек: дайындаушы кәсіпорынның атауы және
кәсіпорынның тауарлық белгісі, препараттың атауы, серияның нөмірі,
дайындалған мерзімі, жарамдылық мерзімі,
сақтау жағдайы, бір флакондағы
препараттың мөлшері (см
3
)
Әр қорапқа препаратты қолдану жөнінде нұсқау салыну керек.
1.4 Экопробиотик препаратының сақталу мерзімі дайындалған күннен
бастап 1 жыл, 2-12 °С температурада қараңғы, құрғақ бөлме жағдайында
сақталады.
1.5 Экопробиотик препаратын қолданар алдында флаконды көзбен
қарайды.
Құрамында бөгде қоспасы,
көгерген заты бар, жарамдылық мерзімі
өтіп кеткен препараты бар этикеткасыз, шытынаған флакондар жарамсыз
деп танылып жойылады.
2. Қолдану тәртібі
2.1 Препаратты тағайындау негізі – мал төлдерінің этиологиясы әр түрлі
диареясын, дисбактериозын емдеу үшін, ауыл шаруашылық малдары
төлдерінің өсуін қарқындату үшін.
2.2 Құрғақ өнімді – ұнтақ түрінде малдарға берер алдында ерітіндінің 1,0
см
3
мөлшерінде микроб клеткалары10
6
– 10
7
болатындай
1:10
қатынасында
физиологиялық ерітіндіде ерітеді.
137
2.3 Құрғақ препараттың 5% - ы тәулігіне бір басқа, жылы сүтте (30
0
С-қа
дейін) ұсынылған енгізу схемасына сүйене отырып, тікелей ішкізу алдында
сұйылтылады. Пробиотиктерді сүт ерітіндісімен қолдану асқазан-ішек жолында
пробиотикалық өсінділердің қарқынды көбеюіне ықпал етеді. Пробиотиктердің
дайын ерітіндісі 4 сағаттан артық сақталады.
2.4 Бұзауларға, қозыларға, торайларға препаратты сүтке бір рет беру үшін
2 мл дозада қосып, 10 күн бойы күніне 3 реттен береді.
2.5 Экопробиотик препаратында ТШ көрсетілген қасиеттерінің ауытқуы
байқалғанда, сол серияның препараттарын қолдану тоқтатылады да, өндіруші
кәсіпорынды
хабардар етіп, оның адресіне сол серияның ашылмаған 5
флаконын жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: