Өмір қауіпсіздігі негіздері, ережелерінің мақсаты :
- өмір сүрүдін қауіпсіз және қатерсіз жағдайын құру үшін;
- жүйенің қызмет көрсету объектісін ескеріп, жаңа техника мен технология үрдестерін қазіргі заманғы экологиялық талаптарға сай жоспарлау;
- тұрғындар мен өндіріс қызметкерлік, ауылшаруашылық объектісін төтенше жағдай кезінде апаттар, стихиалық қатерлер және оларды залалсыздандыру кезіндегі жоспарлау мен сауатты шешім қабылдау үшін қажет.
"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Бұл жұмыста мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:
тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары
- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;
- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;
- ТЖ мөн оның салдарын болжау;
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
- Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және ұйымдық негіздері. «Өмір қауіпсіздік негіздері» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны да өзгерді және 1998 жылғы оқу жоспарынан ерекшеленді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын бөлімдерінің материалдары оқушыларға ғылыми зерттеулер мен іздеу жұмыстарына мүмкіндігінше тәуелсіздік беру, әртүрлі эксперименттер жүргізу және шығармашылық идеяларын көрсету сияқты етіп ұсынылады. Әр бөлімнен кейін өздігінен өз жұмыстарының таныстырылым дайындау жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Білім алушы барлық түрлерін өз бетінше функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған, күнделікті өмірде алған білімін, білігі мен дағдыларын қолдана алады. Практикалық жұмысты орындау кезінде әрбір бөлімінде қызметтің бұл түрі үлгі ретінде берілген. Мұғалім қолда бар материалдарды, құрал-жабдықтарды негізге ала отырып, білім алушыларды бірдей дамыту үшін үлгілік өнімді іске асыру негізінде ұсынуға құқылы.
«Қауіпсіздік және төтенше жағдайда қорғау» бірінші бөлімі «Қауіпсіздік және адамды қорғау» бөліміне ауыстырылды. Практикалық жұмыстарды өткізу және жаңа тақырыпты зерделеу кезінде жаңартылған мазмұнның әрбір бөлімінде көзделген.
«Медициналық білім негіздері және балалар денсаулығын қорғау» екінші бөлімі «Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты» және «Медициналық білім негіздері» бөлімдеріне ауыстырылды. 5-сыныптан «Табиғи сипаттағы қауіп», «Техногендік сипаттағы қауіп», «Экстремалды жағдай және қауіпсіздік», «Азаматтық қорғаныс» осы бөлімдер енгізілді.
10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады:
- 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді;
- 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады;
-10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Жалпы орта білім беру мектептерінің 10-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу бағдарламасына енгізілген «ӨҚН» бөлімі (12 сағат) оқытылады.
Жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сыныптарында «Технологиялық дайындық» бөлімі (34 сағат) оқытылады, онда автокөлік құралдарының қозғалысы мен қауіпсіз жүру ережелерін зерделеу қарастырылған.