1Зертханалық жұмыс № Тұрақты ток тізбегін зерттеу



бет1/2
Дата17.06.2024
өлшемі69,4 Kb.
#203394
  1   2
Байланысты:
Зертханалы жмыс Траты ток тізбегін зерттеу

1Зертханалық жұмыс № 1. Тұрақты ток тізбегін зерттеу


Жұмыстың мақсаты: электр тізбектерін құрастыру және бақылау-өлшеу аспаптармен жұмыс істеу бойынша икемділік алу, сонымен қатар тұрақты токтың электр тізбектерінің негізгі заңдылықтары мен есептеу әдістерін тәжірибеде тексеру.

1.1Жұмысқа дайындық


ЭТН курсының «Тұрақты ток тізбектері, есептеу әдістері» бөлімін қайталау.
Сұрақтарға жауап беру және келесі тапсырмаларды орындау:

  1. Сұлба элементінің вольтамперлік сипаттамасы (ВАС) дегеніміз не?

  2. Сұлба элементінің вольтамперлік сипаттамасын құру үшін сурет салу.

  3. Резистордың және идеалды кернеу мен ток көздерінің ВАС-ын сызу.

  4. Активті екіұштының ВАС-ын салу.

  5. Кирхгоф пен Ом заңының ережелерін жазу.

  6. Зерттелетін тізбек тармақтарындағы токтарды есептеу үшін, контурлық токтар әдісі (КТӘ) бойынша теңдеулер жүйесін жазу.

  7. Зерттелетін тізбек түйіндерінің потенциалдарын есептеу үшін, түйіндік потенциалдар әдісі (ТПӘ) бойынша теңдеулер жүйесін жазу.

1.2Жұмыстың орындалу тәртібі

1.2.1 Мәндері 50 мен 300 Ом аралығындағы, кедергісінің мәндері әр түрлі екі резисторды R1 және R2 таңдау. 1.1 суреттегі сұлба бойынша тізбекті жинау.

1.2.2Тізбектің кірісіндегі кернеуді 0-ден 20 В-қа дейін өзгерте отырып, таңдап алынған резисторлардың әрқайсысы үшін вольтметр мен амперметрдің көрсеткіштерін, яғни ВАС түсіріп алу. Өлшеу нәтижелерін 1.1 кестеге жазу.





1.1-сурет – Резистордың вольтамперлік сипаттамасын түсіру


1.1 кесте – Резисторлардың вольтамперлік сипаттамасы



R1 = , Ом

U, B

0

5

10

15

20

I, мA
















R2 = , Ом

U, B

0

5

10

15

20

I, мA















1.2.3Кедергілерінің мәндері әртүрлі, 50 мен 300 Ом аралығындағы бес резисторды таңдау. Резисторлардың нақты мәндерін өлшеп, 1.2 кестеге енгізу. 1.2-суретте көрсетілген сұлбалардың біріне сәйкес тізбекті жинау. Тұрақты кернеу көздерінің ЭҚК мәндерін 5-тен 20 В-қа дейінгі диапазондағы әртүрлі мәндерге орнату.


1.2 кесте –Резисторлардың нақты мәндері



R1, Ом

R2. Ом

R3. Ом

R4. Ом

R5. Ом


















1.2.4Еркін түрде тізбек тармақтарындағы токтардың бағыттарын таңдап алып, көрсету. Амперметр мен вольтметр таңдап алынған ток бағытына сәйкес, құрылғы арқылы ток плюстен минусқа қарай ағатындай етіп қосылады. Тізбектің барлық тармақтарындағы токтарды және тізбектің барлық элементтеріндегі кернеулерді өлшеп алу. Егер аспап теріс мәнді көрсетсе, көрсеткішті минуспен жазуға немесе токтың бағытын керіге өзгертуге және аспаптың көрсеткішін плюспен жазуға болады. Аспаптардың көрсеткіштерін 1.3 кестеге «Тәжірибе» жолына жазу.


1-кесте. 3 — Тізбек тармақтарындағы токтар мен элементтердегі кернеулер



Зерттеу түрі

I1, мА

I2, мА

I3, мА

I4, мА

I5, мА

I6, мА

Е1, В

Е2, В

UR1, B

UR2, B

UR3, B

UR4, B

UR5, B

Тәжірибе








































Есеп











































1 нұсқа 2 нұсқа



3 нұсқа 4 нұсқа

1.2 сурет — Тұрақты ток тізбегі сұлбаларының нұсқалары


1.3Тәжірибе нәтижелерін талдау

1.3.11.1-кестенiң нәтижелерi бойынша, бір суретте екi резистордың ВАС салу. Алынған графиктер резисторлардың сызықты екендігін дәлелдейтін түзу сызықтар екеніне көз жеткізіңіз. Екі резистордың сипаттамаларын салыстыру және резистор кедергісінің мәні ВАС-ның ток осіне түсу бұрышының тангенсіне пропорционалды екеніне көз жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет