Өмірбаяны Білім жолы Марғұлан қорқыттанушы



бет3/6
Дата18.05.2020
өлшемі61,5 Kb.
#69270
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
маргулан макала

Енгізген үлесі

Ә. Марғұланның зерттеу объектісі әртүрлі ежелгі архитектура ескерткіштері болды. Ол ерте темір және қола дәуірлеріндегі бірегей археологиялық ескерткіштерді ашқан, олар Беғазы, Санғуыр, Беласар және т.б.


Орталық Қазақстан территориясының археологиялық зерттеулерінің нәтижесі «Қазақ КСР тарихы» бес томдық және «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті», «Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті» монографияларында жинақталған. 1950 жылдың ортасында ғалымның басшылығымен қазақтың көрнекті ағартушы-ғалымы Ш. Уалиханов туралы материалдар мен ақпараттар жинау жүзеге асты. Ә. Марғұлан Ш. Уалихановтың шығармалар жинағының құрастырушысы әрі редакторы болды, сонымен қатар ол жөніндегі көптеген монографиялардың авторы болды. Марғұлан көп жылдар бойы қазақ халқының этногенез бойынша координациялық кеңесін, Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының Ғылыми кеңесін, докторлық диссертацияны қорғау бойынша мамандандырылған кеңесін басқара отырып, ұйымдастыру жұмысымен ғылыми-оқытушылық қызметін байланыстырды. Ә.Марғұлан 300-ден аса ғылыми және ғылыми-танымал басылымдарын басып шығарды.

Әлкей Марғұлан атақты Орталық-Қазақстан археологиялық экспедициясын ұйымдастырған (1946—1974 жж.).

Ол Орталық Қазақстандағы ірі өркениет орталығы – кейінгі қола дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан және дәлелдеген.


  • Ә.Х. Марғұланның атында Қазақстанның пошта маркасы шыққан

  • Ә.Х. Марғұланның атында Қазақстанның теңгесі шыққан

  • Алматы қ. академикке ескерткіш граниттен мүсіндік композиция жасалған

  • 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өткен

  • Қазақстан Ғылым академисының археология институты Ә. Марғұлан атында

  • Павлодар, Астана, Екібастұз қалаларында Әлкей Хақанұлы Марғұлан атында көшелер бар

  • Халықаралық фонд Ә. Марғұлан атында

  • Павлодар обл. Баянаул ауд. академик атында ауыл, орта мектеп, мұражай бар

  • Павлодар обл. Баянаул ауд. академик атында ауыл, орта мектеп, мұражай бар

С. Торайғыров атындағы ПМУ-да Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет