Өмірбаяны Білім жолы Марғұлан қорқыттанушы



бет1/6
Дата18.05.2020
өлшемі61,5 Kb.
#69270
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
маргулан макала
Дәрілер

Әлкей Марғұлан Хақанұлының туғанына - 114 жыл

Жоспар:

  1. Әлкей Марғұланның өмірбаяны

    1. Білім жолы

    2. Марғұлан – қорқыттанушы.

  2. Әлкей Марғұланның ғылыми қызметі

    1. Еңбектері

    2. Енгізген үлесі

  3. Марғұлан жайлы ой-пікірлер

    1. Әлкей Марғұланның айтқандарынан...

    2. Пайдаланылған әдебиеттер:

Өмірбаяны
Қазақ халқының шоқтығы биік тұратын іргелі тұлғасының бірі - Ә. Х. Марғұлан. Әлкей Хақанұлы Марғұлан– әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Әлкей Марғұлан есімімен қазақтың археология ғылымы байланыста айтылады. Қазақ халқының тарихы, тарихи ескерткіштері мен мәдени мұрасын танып, білу, оны жаппай әлемге таныту бағытындағы еңбегін ерекше бағалауға болады.
Ә. Х. Марғұлан 11.05.1904 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бұл революцияға дейінгі Павлодар уезі Ақбеттау болысы №2 ауыл. 1985 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болып, сонда жерленді.Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған. Хакан мен Нұриләнің шаңырағында Абайдың өлеңдері оқылып, Жаяу Мұса мен Ақан серінің, Тәттімбеттің шығармалары орындалған.

Ә. Х. Марғұлан Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған казақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады.
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет