Марғұлан жайлы ой-пікірлер
«Әлкей Марғұланның архивімен танысуға қатты қызығушылығым болған еді» тарихшы
Р.Оразов
«Қазақстан ғылымында этноархеологиялық жаңа ағымның негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Этноархеология зерттеулерінің басты объектісі болып халықтың материалдық мәдениеті, ал пәні—адамдардың іс-әрекет ерекшеліктері мен әлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның әдіс-тәсілі маңызды рөл атқарады. Әлкей Хақанұлының бай мұрасы, әсіресе оның Отан тарихын зерттеуде ұстанған методологиялық принциптері ғылымдағы бүгінгі өзгерістермен ұштасып жатыр.
Қазақтар жайлы гуманитарлық ғылымның тұтас саласын ұйымдастырушы—іс дегенде тынымсыз, табанды да қайратты, сырттан қарасаң әрқашан сабырлы көрінетін өте сезімтал әрі жаны нәзік, тағдырдың небір шырғалаңы мен соққысын көрген ғалым Ә.Марғұлан еді.»
Достарыңызбен бөлісу: |