Ж. Исахметұлы, Р. Алиханова Тараз қ.
Қорытынды
Тарихшылар Ж. Исахметұлы, Р. Алиханова: «Қазақстан ғылымында этноархеологиялық жаңа ағымның негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Этноархеология зерттеулерінің басты объектісі болып халықтың материалдық мәдениеті, ал пәні—адамдардың іс-әрекет ерекшеліктері мен әлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның әдіс-тәсілі маңызды рөл атқарады. Әлкей Хақанұлының бай мұрасы, әсіресе оның Отан тарихын зерттеуде ұстанған методологиялық принциптері ғылымдағы бүгінгі өзгерістермен ұштасып жатыр.
Қазақтар жайлы гуманитарлық ғылымның тұтас саласын ұйымдастырушы—іс дегенде тынымсыз, табанды да қайратты, сырттан қарасаң әрқашан сабырлы көрінетін өте сезімтал әрі жаны нәзік, тағдырдың небір шырғалаңы мен соққысын көрген ғалым Ә.Марғұлан еді.» деп берген бағасы айтуға тұрарлық.
ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ АЙТҚАНДАРЫНАН....
«Соңғы жаңалық»
Тарих саласының ғалымы Бек Сүлейменовпен Әлекең (Әлкей Марғұлан) көрші тұрыпты. Бес-он күнде бір рет Әлекең, Бекті шақырып алып, жаюлы дастарқан басында:
– Ал, Бек, жердің беті, айдың жүзі, күннің көзінде нендей жаңалық болып жатыр, сөйлей отыр, – дейді екен.
Бұл оқиға бірнеше рет қайталанған соң, ғылыммен шұқшия айналысатын Әлекеңнің күнделікті баспасөзді қарап отыруға уақытының бола бермейтінін түсінген Бек Сүлейменов, мұнан кейін соңғы жаңалықтарды шола әңгімелеп беруді әдетіне айналдырған екен.
«Білген сөйлейді»
Бір ғалым өзінің докторлық еңбегін қорғап жатса керек. Даулы пікірлер туындап, академик Әлкей Марғұлан екі-үш рет шығып сөйлепті. Сонда ойнай беретін біреу:
– Әлеке, бүгін көп сөйлеп кеттіңіз ғой, – дейді. Бұған Әлекең:
Достарыңызбен бөлісу: |